Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет31/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68

Мемлекеттік натуралық гранттарды уәкілетті орган мемлекеттік 
мүлік пен жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік 
органдармен  келісу  бойынша  кейіннен  меншігіне  бере  отырып, 
уақытша қайтарымсыз пайдалану құқығымен немесе келісімшартқа 
сэйкес  инвестициялық міндеттемелерін  орындаған  жағдайда жерді 
түбегейлі пайдалануға береді.
ҚР  Президентінің  «ҚР-дағы  жоспарлау  жүйесі  туралы»  жар- 
лығына  сэйкес  уәкілетті  орган  өз  бағдарламасын  түзеді  жэне 
инвестициялық  қызметтің  дамуын  жоспарлайды  және  мемле- 
кеттік  жоспарлау  жөніндегі  уэкілетті  органмен  келіседі,  онда 
инвестициялық  саясаттың  үзақ  мерзімді,  орташа  мерзімді  жэне 
қысқа  мерзімді  мақсаттары  көрініс  табады  жэне  барлық  ұлттық 
ресурстарды  мобилизациялау  мен  шетелдік  инвестицияларды  Тар­
ту  жөніндегі  шаралар  кешені  айқындалады.  Мемлекеттік  уэкілетті 
органның  қолда  бар  барлық  ішкі  жэне  сыртқы  қаражатты  тарта 
білуі  ел  экономикасында тиімді  құрылымдық  жэне  технологиялық 
өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық  қызметті  мемлекеттік  реттеу  жүйесінде  ақпа- 
раттық  саясат  маңызды  рөл  атқарады.  Инвесторлар  үшін  қазақс- 
тандық  инвестиция  жүйесі  туралы  егжей-тегжейлі  ақпарат  бар  12 
тілде  жүргізілетін  үлттық  веб-сайт  тиімді  әрекет  етуде.  150  елден 
55  мыңнан  астам  кірушілер тіркелген.  Жүргізілген ресурстық зерт- 
теулер  -   Қазақстан  үшін  әлеуетті  инвестиция  көзі  бола  алатын  20 
ел  мен  әлемдік технологиялық  көщбасшылар  арасынан  140  компа- 
нияны  анықтады.  Қазіргі  таңда  42  елдің  209  шетелдік  инвесторла- 
рымен  келіссөздер жүргізілуде,  соның  ішінде  28  елден  136  әлемдік 
технологиялық  көшбасшылар  бар.  Осылайша,  инвестиция  тарту 
мемлекеттік билік органдарының маңызды функцияларының біріне 
айналып  отыр,  өйткені  үлкен  мөлшердегі  шетелдік  ақшаны  игеру 
жаңа  өндірістер  мен  жүмыс  орындарының  ашылуын  туындатады, 
бұл түптің түбінде  кәсіпкерлер мен  халық кірісінің өсуі деген сөз.
7.2.  Мемлекеттік инвестициялық климатты
қалыптастыру
2010 жылғы  29  қаңтардағы ҚР  Президентінің «Жаңа онжылдық 
-   Жаңа  экономикалық  өрлеу  -   Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері» 
атты  жолдауында  инвестиция  мәселелеріне  түтастай  қосалқы  та- 
рау  арналған,  онда:  «...диверсификация  жөніндегі  біздің  жоспар-
96


ларымыздың  іске  асуы  үшін  бір  ғана  мемлекеттік  ресурстар 
жеткіліксіз  болады.  Оның  негізгі  көзі  тікелей  шетелдік  инвестия- 
лар  болуы  тиіс»  деген  ой  жүйесі  ақ  эдіптегі  қызыл  жіптей  айқын 
байқалады.  Президент:  «Бүгін Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, БАӘ- 
нен,  сондай-ақ  француз,  итальяндық,  ресейлік  компониялардың 
20  миллиард  АҚШ  доллары  көлемінде  инвестиция  тарту  тура- 
лы  мәселелері  шешілген»  деп  атап  өтті.  Бұлар  индустриялық 
бағдарламаның  ондаған  нысандарының,  инфрақұрылымның  жэне 
біріккен  кәсіпорындардың  іске  қосылуын  қамтамасыз  етеді:  «... 
Бастыс  Қытай  -   Батыс  автомагистраліне  3  млрд  АҚШ  доллары 
көлемінде», сондай-ақ елдің шикізат секторына -1 0  млрд АҚШ дол­
лары көлемінде қаражат жұмсалады. Жеделдетілген индустриалдық- 
инновациялық  дамудың  мемлекеттік  бағдарламасы  мен  Елді 
индустриялаудың  егжей-тегжейлі  картасында инвестицияның жал- 
пы көлемі 6,5 трлн теңге болатын  162  объетіні іске қосу туралы сөз 
болып  отыр,  ал  бұл  ел  ІЖӨ-нің  40%  күрайды.  Осы  жоспарлардың 
бэрін іске асыру үшін Елбасының сөзімен айтқанда «біз Қазақстанда, 
біздің  аймақта  жұмыс  істеуге  дайын  инвесторлар  үшін  едәуір  тар- 
тымды  жағдайлар  жасауымыз  қажет».  Филиппиндік  «Темпо» 
басылымының  деректері  бойынша,  соңғы  бес  жылда  Қазақстан 
инвестиция  ретінде  өзіне  137  миллиард  АҚШ  долларынан  астам 
инвестиция  тартқан.  Ұлттық  банктің  соңғы  деректері  бойынша, 
2012  жылдың  соңында  инвестициялар  160  млрд-тан  астам  АҚШ 
долларын құраған.
Осылайша,  инвестициялық  қызметтің  маңызды  мәселелерінің 
бірі  қаражат  тарту  жэне  тиімді  пайдалану  мақсатында  инвести- 
циялық  климат  пен  инфракүрылымды  жасау  болып  табылады. 
Инвестициялық  климат  -   ол  инвесторларға  едәуір  аз  тәуекелмен 
қаржылай  жэне  материалдық  қаражатты  салуға  жэне  мемлекет 
кепілдік  берген  пайданы  алуға  мүмкіндік  беретін  капитал  салуға 
ұзақ  мерзімдік  тиімді  жағдайлар  жасау.  Елдің  инвестициялық кли- 
матына келесілер: экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, үйымдық- 
басқарушылық,  инфрақүрылымдық,  саяси,  сондай-ақ  кедендік, 
фискальдық,  қылмыстық  жэне  т.б.  факторлар  ықпал  етеді.  Бүдан 
бөлек, инвестициялық климатқа элеуетті пайда мен әлеуетті тэуекел 
де  ықпал  етеді.  Сондықтан  елдің  инвестициялық  климатын  ең  ал- 
дымен  кәсіпкердің  пайдасына  негізделген  оның  инвестициялық
97


әлеуеті  айқындайды.  Соңғысын  қандай  да  бір  елге  өз  капиталын 
салған кезде күтілетін тәуекел қаупі толғандырады.
Инвестициялық  әлеует  жекелеген  элеуеттердің  таразыланған 
жиынтығы ретінде айқындалады, жэне мыналарды:
1.  ресурстық-шикізаттық,  яғни  табиғи  ресурстардың  минерал- 
дық-шикізаттық қорларымен қамтамасыз етілуін;
2. еңбек, ресурстық көрсеткіш пен біліктілік деңгейін қамтитын;
3.  өндірістік,  экономиканың  жетекші  салаларындағы  макроэко- 
номикалық көрсеткішті қамтитын;
4.  инновациялық, FTP  енгізілу деңгейін көрсететін;
5.  инфрақұрылымдық,  көлік-коммуникация  саласы  мен  инвес- 
тициялық институттардың жай-күйімен айқындалатын;
6.  тұтынушылық, халықтың сатып алу қабілетін көрсететін;
7  бюджеттік  кірістердің  көлемін,  кәсіпорындар  кірістілігін,  ха- 
лықтың  кірісін  көрсететін  қаржылық  әлеуеттердің  таразыланған 
жиынтығын қамтиды.
Инвестициялық  тэуекел  қауіп  күтілетін  кірістің  болжап  бол- 
майтын  шығын  қаупінің  пайда  болуын  сипаттайды.  Қауіптің  келе- 
сідегідей:  экономикалық, қаржылық саяси, элеуметтік, қылмыстық, 
заң шығарушылық,  экологиялық түрлері болады.
Осы  тәуекел  қауіптерді  азайту  экономиканы  мемлекеттік 
реттеудің маңызды міндеттерінің бірі  болып табылады.
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  посткеңестік  кеңістіктегі  ең  қолайлы 
инвестициялық климат жасалған. Мұны Кедендік одақ құрылуымен 
жүріп  жатқан  үдерістер  растайды.  Ресей  Федерациясының  үкімет 
орындары  Ресей  фирмаларының көпшілігі  Қазақстанда тіркелгенін 
атап  көрсетіп  отыр.  Ал  бұл  -   елдегі  республикалық  бюджетке 
қосымша  салық  түсімдері  болып  отыр  деген  сөз.  Қазақстан  даму- 
шы  елдер  арасында  инвесторлар  үшін  едэуір  тартымды  20  елдің 
қатарына еніп отыр. Бүкіләлемдік банктің Doing business рейтингінде 
Қазақстан  2011  жэне  2012  жылдары  47-ші  орын  алған.  Сонымен 
қатар  жаңа  инвесторларды  көтермелеу  үшін  жаңа  мүмкіндіктерді 
қарастыру  керек,  олардың  ішіне  өндіріс  жабдықтарын  алып  келу 
кезіндегі  кедендік  іс-шараларды  жеңілдету,  қазақстандық  стан- 
дарттар  мен  техникалық  регламенттерді  қоғамдық  өндірістің  түрлі 
салаларындағы  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіру  жэне 
т.б.  шаралар  жүргізу  қажет.  Мұндай  шаралар  ҚР  инвестициялық
98


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау