Бұдан бөлек, инвестицияның көлеміне келесі факторлар: баға
деңгейі, өндіріс шығындары, өндірістің негізгі капиталмен жарақ-
тандырылу деңгейі ықпал етеді. Шығындардың артуы инвестици-
ялар көлемінің төмендеуін, ал рационализаторлық пен жабдықты
модернизациялау шараларын жүзеге асыру инвестициялық қордың
артуына туындатады. Жабдықтарды сатып алуға, пайдалану мен
жабдыққа қызмет көрсетуге жэне қызметкерлер жалақысына шы-
ғындарды көбейту инвестиция көлемінің ұлгаюына алып келеді.
Жаңа техника мен жаңа технлогияны қолдану еңбек өнімділігінің
артуын туындатады жэне сонымен өндіріс шығындарын төмен-
детеді, бұйымның сапасын арттырады жэне таза пайданың норма-
сы жоғарылауына ықпал етеді, бүл жаңа инвестициялар мүмкіндігі
өсіреді, жаңа қайта өзгерістерді туындатады.
Осылайша, мемлекеттік билік органдары өзінің экономикалық
саясатында қоғамдық өндіріс мүддесін де, өз капиталын салатын
кәсіпкерлер мүддесін де, сондай-ақ сол фирмаларда еңбек етіп
жатқан еңбекшілердің мүддесін де ескеруі тиіс.
Сонымен қатар, инвестицияларға көбінесе болжап болмайтын
субъективті факторлардың ықпал ететінін де қаперде ұстау керек.
Оларға жататындар: халықаралық ахуал, қор нарықтарындағы
ахуал, елдегі саяси климат, жоғарыда аталып өткеннің бэріне кэсіп-
керлердің мэн беруі.
Мемлекеттік билік органдары барлық факторларды айқын қа-
дағалауы жэне дер кезінде шара қабылдауы тиіс, өйткені осылар-
дың ықпалымен экономикалық ортада кәсіпкерлердің белгілі бір
көңіл ауаны қалыптасып, қолайлы жағдайларда өз ақша қаражатын
салуы, ал жағдай нашарлағанда - қалыс қалуы және инвестиция-
ларын шектеуі мүмкін. Сондықтан орталықтағы жэне жергілікті
жерлердегі мемлекеттік билік органдары саяси жэне экономикалық
ситуацияға қарай шара қабылдаулары, сондай-ақ елде және аймақта
капитал салу үшін қалыптасқан әлеуметтік климатты ескерулері
тиіс.
Кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігіне ықпал ететін
аса маңызды фактор - ол шаруашылық жүргізу қызметімен қатар
жүретін төленетін салықтарының, сондай-ақ ғанадай да бір
төлемдердің көлемі. Салықтар мен төлемдердің өсуі кэсіпкерлік
кірістерді қысқартады жэне капитал өз ақшасын салатын жаңа са-
лалар мен елдерді іздейді.
93
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу инвестициялык
тетіктерді тікелей басқару, ішкі жэне халықаралық инвестиция-
лардағы капитал салу шарттарын реттеу, инвестициялық қызметке
қатысушылар әрекетін қолданыстағы заңнамалық актілерге сәй-
кес мемлекеттік бақылау арқылы жүргізіледі. Инвестицияларды
тікелей басқаруды билік органдары бюджет кірісі, ел экономи-
касын дамыту жоспары негізінде жүргізеді, онда қаржыландыру
көлемдері, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мен олардың
өзін-өзі ақтауы, қажетті экономикалық өсімнің деңгейін колдау
мақсатында қосымша қаражат тарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қарастырылған.
Инвестициялық қызмет шаттарын реттеу заң шығарушылық,
ұйымдастырушылық, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске
асыру шарттарын анықтау мен олардың сараптамасын жүргізу
арқылы іске асырылады. Бақылауды тиісті мемлекеттік жэне ко-
ғамдық ұйымдар жүзеге асырады.
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыт-
тары:
1. инвестициялық қызметті заңдық-құқықтық реттеу;
2. инвестициялық үдеріске көптеген қатысушылар қызметінің
ақпарат, реттеу, үйлестіру мен бақылау банкін құру үшін аткарушы
билік органдарында басқару жүйесін жасау;
3. ел экономикасына инвестициялардың тартымдылығы мен
тиімділігін қалыптастыратын инвестициялық институттарды кұру;
4. кәсіпкерлік орталар үшін мемлекеттік инвестициялық страте
гия мен күрылымдарды әзірлеп шығару болып табылады.
ҚР Индустрия жэне жаңа технологиялар министрлігі жанындағы
Инвестициялар жөніндегі комитет атқарушы билік жүйесіндегі
Уәкілетті орган болып табылады. Инвестициялық институттар ішіне
келесі компаниялар: «Қазақстандық инвестицияларға жәрдемдесу
орталығы», Самрүқ-Қазына», түрақты даму қоры жанындагы «Ка-
зИнвест» кіреді, бұлар қолайлы инвестициялық климатты пайда-
лану жолымен шетел инвестицияларын тартуға жэрдемдеседі. Бүл
әлемнің күллі аймақтарынан 10 мың инвестормен жүмыс жасауға
мүмкіндік берді. 2011 жылы 200 инвестициялық жобамен нақты
жүмыс жүргізіліп, жалпы сомасы 7 млрд АҚШ доллары шама-
сында инвестициялар тарту жөніндегі келісімшарттар түзуге қол
94
жеткізілді. Қазақстанда Президент жанынан Шетелдік инвесторлар
кеңесі құрылды, мұнда шетелдік инвесторлар еліміздің басшысы-
мен тікелей дидарласып, күрделенген мэселелерді оперативті түрде
шеше алады.
Қазақстан экономикасына инвестиция тартқанда оның келесі
ерекшеліктерін: тауарлар мен қызмет көрсетулердің ірі өткізу
нарқынан қашықтығын, теңіз жолдарына шығудың болмауын жэне
тауарды тасымалдау үшін өз инфрақұрылымы мен логистикалық
орталықтарының болмауын, ішкі нарық сыйымдылығының томен
болуын және басқа дамушы елдермен салыстырғанда тасымал жол-
дары ұзақ болатын орасан зор аумағын, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде
білікті кадрлар жеткіліксіздігінде жұмыс күші құнының жоғары бо
луын ескеру керек.
«Российское предпринимательство» журналында Қазақстан
Республикасында инвестициялық үдерістерді басқару жүйесі
құрылғаны туралы жазылып, онда:
- индустриализациялаудың жиынтық картасы;
- индустриализациялаудың республикалық картасы;
- индустриализациялаудың аймақтық картасы;
- бизнес-2020 жол картасы;
- республикалық бюджеттіке инвестициялар;
- бизнес-идеялар;
- өндіріс қуаттарын аймақтарда орналастыру сызбасы қамтыл-
ғаны атап өтілген.
Қазақстан Республикасында инвестицияларды мемлекеттік қол-
дау инвестициялық преференцияларды, атап айтқанда:
1. инвестициялық салықтық преференцияларды берумен;
2. кедендік салықтардан босатумен;
3. мемлекеттік натуралық гранттармен айқындалады.
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сәйкес инвестициялық
салықтық преференциялар қызмет түріне жэне бекемделген актив-
терге инвестициялар түсетін көлемге байланысты эрбір жекелеген
жағдайларға белгіленген мерзімге беріледі.
Кедендік салық салудан босату жеңілдігі инвестициялық жоба-
ны іске асыру үшін алып келетін жабдықтар мен оған жиынтық-
тағыштарды импорттағанда беріледі.
95
Достарыңызбен бөлісу: |