Өскемен мен Қазақстанның басқа да қалаларында) шикізат өндіру,
қара жэне түсті металдарды бастапқы өңдеу салаларының алып-
тары салынды. Осы және осы сияқты индустрия алыптары ғана
жаңа тәуелсіз мемлекетте бірден бір немесе бірнеше тауар өндіруші
өндіріс болып шықты.
Алыс шетел елдеріне қарағанда, басқа да барлық посткеңестік
мемлекеттердегі сияқты Қазақстан экономикасының бар меншігі,
өзінен өзі мемлекеттің қолындағы монополиялық қатынастардың
үлгісі болып табылатын тікелей әкімшілік-өктемдік жүйенің
негізінде қалыптасты. Мұндай ситуацияда Қазақстан посткеңестік
кеңістікте бірінші болып «Бәсекелестікті дамыту және моно-
полиялық қызметті шектеу туралы» заң қабылдады.
Қазақстандық заңнаманың бәсекелестік қатынастарды қорғау
туралы үшінші спецификалығы біздің еліміздің нарықтық қаты-
настарға өтуді бірінші болып аяқтауында. Шаруашылық қаты-
настарында нарықтың экономиканы қүру объективті түрде қол-
даныстағы заңнаманы өзгертуге алып келді. 2008 жылғы 25
желтоқсанда қол қойылған «Бэсекелестік туралы» № 112-IV
ҚРЗ ҚР заңы батысеуропалық модельге мағынасы жағынан ғана
жақын болып қоймай, заңды және жеке тұлғалардың бәсекелестік
қатынастарындағы мемлекеттің реттегіш рөлін де күшейте түседі.
Жаңа заңның өз бойына 1998 жылғы «Адал емес бэсекелестік ту
ралы» заңның баптарын да жинақтағанын да атап өту керек. Бұл
жағдайларда «Бәсекелестік туралы» ҚР заңында монополияға
қарсы органның міндеттері нақты белгіленген, олар:
1) адал бәсекелестіктің дамуын қолдау;
2) ҚР монополияға қарсы заңнамасы бұзылуының алдын алу,
анықтау жэне тергеу, жолын кесу;
3) экономикалық шоғырлануды бақылау;
4) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектісін монополиясыз-
дандыру.
Заңда монополияға қарсы органның құзыреті айқындалған жэне
кеңейтілген. Басқарманың өкілеттігі, монополияға қарсы орган
қызметкерлерінің құқықтары күшейтілген.
Осылайша, монополияға қарсы алдыңгы ізашар заңдар қоғам-
дық өндірісте шамадан тыс монополияланудың жолын кесе-
тін құқықтық негізді жасауға, кәсіпкерлік ортаның өз ішінде
бәсекелестік қатынастардың жандануына ықпал етті. «Бәсекелеетік
86
туралы» мемлекеттік заң адал бәсекелестікті қолдау ісінде бекі-
тілген нормативтік актілердің орындалуы барысында кәсіпкерлік
қызметке қатысушылар мен мемлекеттік органдар арасындағы
қатынастарды реттейді.
Монополияға қарсы реттеудің аталған ерекшеліктері билік ор-
гандары қызметінің барысын едәуір айқын түсінуге мүмкіндік
береді.
6.3. Табиғи монополиялардың шаруашылық
қызметін реттеу
Экономикалық әдебиетте табиғи монополия деп технологиялық
немесе
экономикалық
себептерден
басқа
кэсіпкерлердің
шаруашылық қызметіне мүмкіндік болмай, бір ғана кәсіпкердің
нарықтық билігінің болуы түсіндіріледі. ҚР Заңнамасы бойын-
ша қазіргі кездегі табиғи монополия салаларына: мұнай, газд
электр қуаты, жылу қуатын тасымалдау, сақтау, бөліп тарату, су
шаруашылығы мен қүбырлар жүйесі, аэронавигация, порттар, эуе
айлақтары, пошта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі жа-
тады.
Біздің елімізде табиғи монополия жағдайында жұмыс істейтін
кәсіпорындар қызметі 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи моно-
полиялар мен реттелетін нарық туралы» заңмен реттеледі,
өзгерістер жасалған тақырыбы 2008 ж. 29 желтоқсанда енгізілді.
Табиғи монополия салалары мен реттелетін нарықта басшылықты
жүзеге асыратын Уәкілетті орган Табиғи монополияларды рет
теу жөніндегі агенттік болып табылады. Агенттік кәсіпорындарға
жэне тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынушыларға ықпал
етудің экімшілік жэне экономикалық тетіктерін пайдалануға
құқылы. Осы ережеден оның негізгі міндеттері мен функция-
лары айқындалған: а) табиғи монополиялар қызметін реттеу
және бақылау, б) ақылы қызмет көрсетулер тэртібін реттеу жэне
бақылау, в) тұтынушылар қүқын қорғау, г) тұтынушылар мен
қызмет көрсетушілер мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету,
д) нарық субъектілерінің тауарлары мен қызмет көрсетулеріне
жэне инфракүрылымына дискриминациялы емес қол жетімділікті
қамтамасыз ету, е) нарық субъектілерінің тауарларына бағаларды
реттеу.
87
Мыналар: 1) стратегия; 2) реттеу; 3) бақылау агенттіктің функ-
цияларына жатады. Реттеу функцияларында бақылау мен билік
уәкілеттігін іске асыруға бағытталған бекітілетін, рұқсат беретін,
мэжбүрлейтін, тыйым салатын шаралардың тізбесі егжей-тегжейлі
нақтылаулармен берілген. Сонымен бірге, біздің көзқарасымыз
бойынша Агенттіктің уәкілеттігіне - осы сала қызметкерлерінің
еңбекақы деңгейіне, табиғи монополиялар ақша қаражатының
қозғалысын бақылау енгізілмеген, осының салдарынан бақылаушы
органның рөлімен тағайындалған мақсатының деңгейі төмендейді.
Аталған функцияларды негізге алар болсақ, мемлекеттің рет-
тегіш рөлі ең алдымен заң ережелерінің орындалуын бақылаумен
айқындалады. Қажеттілік болған жағдайда мемлекет орындауға
мәжбүрлеуі ықтимал. Мысалы, табиғи монополия кәсіпорындары
жыл сайын олардың тауарлары мен қызмет көрсетулеріне тө-
лемақыны арттыруды талап етіп, онысын қандайда бір жөндеу
жұмыстарын жүргізу қажеттігімен түсіндіреді. Су арналарының, су
құбырларының, электр желілерінің т.б. жөндеуден өту қажеттігін
теріске шығармастан, тұтынушылар қымбаттаған қызмет көрсе-
тулердің ақысын төлейді, бірақ көбінесе нәтижелерін көре алмай-
ды, өйткені мэлімделген жөндеу жұмыстары жүргізілмейді неме-
се мардымсыз көлемде жүргізіледі, бұл жоғары тарифке сәйкес
келмейді. Істің мұндай жағдайы тұтынушылардың наразылығын
туындатады. Агенттіктің функцияларында табиғи монополиялар
қызметіне қаржылық жэне техникалық сараптама жасау көрсетіл-
ген. Халықтың өмір-тіршілігіндегі табиғи монополиялардың ерек-
ше әлеуметтік маңызын негізге ала отырып, техникалық жэне басқа
сараптамаларды жүргізгенде экономикалық тетіктердің өзара бай-
ланысты жүйесі арқылы тікелей экономикалық ықпал етуді күшейту
жолымен Агенттіктің бақылаушы функциясын күшейту жэне
заңнамалық тэртіпте монополистерді өз міндеттерін орындауға
мәжбүрлеу керек.
Қысқаша қорытындылар:
1.
Ғылыми жэне оқу әдебиетінде бәсекелестікті көбінесе эко-
номикалық бақталастық ретінде сипаттайды жэне осылайша
қарсыластық күрес сипатын мэнді нэрсе ретінде атап көрсетеді.
Шын мэнінде бэсекелестік-жаңа тауарлар шығару мен қызмет
88
Достарыңызбен бөлісу: |