Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет21/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топырақ пішінінің құрылымы




Түсiнiгi жəне маңызы. Топырақ құрылымы деп оның ұсақ бөлшектер мен микроагрегаттардан органикалық жəне минералдық кололидтар арқылы желiмделiнiп, бiрiккен түйiршiктерiн атайды. Топырақтың түйiршiктерге бөліну қабiлетiн оның құрылымдылығы дейдi. Топырақтың құрылымы – оның құрылысын, су-ауа, жылу, физикалық-механикалық жəне технологиялық қасиеттерiн анық- тайтын ең маңызды шарттарының бiрi.
Топырақтың құрылымы деп оның əртүрлі пішінді үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дəнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементтермен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Əрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық жəне минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымының пайда болуы күрделі биохимиялық жəне физикалық-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.
Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттардан бастап, одан əлденеше есе үлкен макроагрегаттар бар. Агрегаттарының көлемі 1 мм-ден 10 мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиоңдар кездеседі.
Топырақтың тығыздылығы оның борпылдақ қуысты неме- се тығыз болу қасиеті, бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығын жəне құрылым бөліктерінің арасындағы қуыстар дəрежесін білдіреді. Топырақ қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді.
Топырақтың тығыздылығы топырақтың құрылымына, меха- никалық құрамына, органикалық жəне минералдық бөлшектердің мөлшеріне байланысты.
Тығыздықтың деңгейіне қарай топырақ мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң жəне карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр əрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.

  2. Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналас- қан. Сортаңдау жəне механикалық құрамы ауыр балшықты жерлер- де топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға бо- лады.

  3. Тығыздау топырақ жердің иллювиальды қабатында кездеседі. Мұндай топыраққа күректі күш жұмсамай-ақ батыруға болады.

  4. Борпылдақ топырақ үстіңгі қабатта болады. Өйткені мұнда органикалық заттардың мол болуына байланысты құрылымы түйіртпекті, арасынан ауа, су өтетін кеуектер көп болады. Сондықтан мұндай құнарлы топырақта мəдени өсімдіктер жақсы өседі.

  5. Бос жылжымалы топырақ құмдақ жəне құмды жерлерде бола- ды. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.

Бұл топырақтың маңызды генетикалық жəне агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының əртүрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады.
Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дəнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы, т.б. түрлерге бөлінеді (16-сурет). Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм, шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Əрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық жəне минералды бөліктерден тұрады.
Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық жəне физикалық-химиялық процесс болып саналады. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі.
Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы:

  1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды, борпылдақ;

  2. Құрылымы ұсақ түйіршіктері, оқ дəрісіндей, мөлшері 0,5-1 мм;

  3. Дəнді түйіршіктері, диаметрі 1-5 мм;

  4. Жаңғақатты құрылым, 5-10 мм;

  5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымның бірі – топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақ- тар бір – бірінен жəне өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады.




  1. сурет. С. А. Захаров бойынша топырақ түсінің үшбұрышы

Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтан шатастырмау ке- рек. Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні.
Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл əдісті алғаш рет В. В. Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі əдіс болып қалды. Шұңқырды қазып, бір бетін тегістеп, оған күн сəулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың əр қабаты өзіне тəн сыртқы пішінмен сипатталады. Осы қабаттардың түріне қарап, топырақтың түзілу процесі туралы көп мəліметтер айтуға болады. Əртүрлі топырақ типтері де осылай бір-бірімен ажыратылады.
Топырақтың құрамы:

  1. Су;

  2. Ауа;

  3. Минералды тұздар(азот, фосфор, калий);

  4. Қарашірік (өсімдік пен жан-жануардың шіріндісі, органикалық заттар);

  5. Саз;

  6. Құм.

5–1427 65


Топырақтың фазалық құрамы




жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау