Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет91/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Топырақ ауасы дегенді қалай түсінесіз?

  2. Топырақтың ауа режимiн реттеуде қандай тəсілдер қолданылады?

  3. Топырақ аэрациясы дегеніміз не? 4.Топырақ ауа режимі дегеніміз не? 5.Сіңген ауа дегеніміз не?

6. Өсiмдiктер үшiн азоттың көзi неде?
  1. ТАРАУ ТОПЫРАҚ ТЕМПЕРАТУРАСЫ


Топырақ пен ауаның температуралық ережесі. Жер бетіне
сіңген күн радиациясы жылуға ауысады. Сол жылудың бір бөлігі жер бетіне жақын əуенің жылуына, судың булануына жұмсалады, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Тəулік бойы күн радиациясының жерге түсу мөлшері əртүрлі болатындықтан, топырақтың температурасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Топырақтажылудыңауысуымолекулярлық жылу өткізгіштігі арқылы жүреді. Жердің бетімен сіңірілген күн радиациясы жылуға айна- лады. Сол жылудың бір бөлігі жер маңайындағы əуенің жылуына, судың булануына, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабаттарына ауысады. Жыл жəне тəулік бойы күн радиациясы əртүрлі болады, сондықтан топырақтың температурасы да кең аралықта өзгереді. Топырақтың температуралық жағдайы радиациямен байланыс- ты болады. Топырақтың үстіңгі қабаты салқындаған кезде, жылу астыңғы қабаттардан жоғарыға көтеріледі. Осындай жағдайда теріс радиациялық баланс қалыптасады. Жер бетіне жылудың келуі жəне жұмсалуы жылулық балансының теңдігі бойынша сипатталады, оған кіретін көрсеткішер: L – су буының пайда болуына жұмсалған елеусіз жылулық, E – буланудың жылдамдылығы, P – жер бетімен əуе арасындағы турбуленттік жылудың ағымы, A – топырақ бетімен төменгі қабаттардың арасындағы жылудың молекулалық ағымы.
B = LE + P +A
Топырақтың төменгі қабатына қарағанда оның беткі жылуы жоғары болған кезде (күндіз, жазда), жылу ағымы жер бетінен топырақтың төменгі қабаттарына қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайласуы инсоляция типі деп аталады.
Топырақтың үстіңгі қабатының температурасы астыңғы қабаттан төмен болған кезде (түнде, қыста), жылудың ағымы үстіңгі қабатқа қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайла- суын сəулелену типі деп атайды.
Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштеріне топырақтың жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштері көбінесе, топырақтың ылғалдылығына, түсіне, тығыздығына жəне құрылымына байланысты өзгереді.
Өсімдіктердің тіршілігі белгілі бір ауа тампературалары аралығында өтеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде температуралық ереженің қолданбалы көрсеткіштері: орташа, тəуліктік, айлық, жылдық температуралар; ең төменгі (минималды), ең жоғары (мак- сималды) температуралар; температураның өзгеру амплитудасы; белсенді температура жиынтығы.
Топырақтың жылу физикалық көрсеткіштері. Топырақтың жылу режимі келесі көрсеткіштерге байланысты:

  1. Топырақтың жылу сыйымдылығы. Оның екі түрін айырады: көлемдік жəне меншікті жылу сыйымдылықтар. Көлемдік жылу

сыйымдылығы С

көл
деп топырақтың 1 м 3 10 С жылытуға жұмсалған



жылу (Дж) көлемін атайды. Оның өлшем бірлігі Дж/ (м3 К). Меншікті жылу сыймдылығы деп 1 кг топырақты 10С жылытуға қажетті жылу көлемін атайды. Оның өлшем бірлігі Дж/ (кг К). Көлемдік жəне меншікті жылу сыйымдылықтар арасында келесі қатынас болады:
Скөл = С менш. d.
D – топырақтың тығыздығы кг/м3

  1. Жылу өткізгіштігі. Топырақтың бір қабаттан басқа қабатқа жы-

луды өткізу қабілетін жылу өткізгіштігі деп атайды. Жылу өткізгіштігі топырақтың минералдық құрамына, оның ылғалдылығына жəне оның қуыстарындағы ауаның мөлшеріне байланысты болады. Соны- мен қатар, топырақтың жылулық көрсеткіштері оның түсіне қоңыр топырақтар ақшылдарға қарағанда тезірек қызады, тығыздығына жəне құрылымына байланысты болады.
Топырақ пен ауаның жылу ережесін сипаттайтын көрсеткіштері сынап, спирт, биметалл, электрлік термометрлердің көмегімен анықталады.
Топырақтың температурасын өлшейтін термометрлер: топырақтың бетінде жылдам өлшейтін ТМ-3, максималды термо- метр ТМ-1, минималды ТМ-2. Топырақтың жыртылатын қабатын өлшейтін Савиновтың ТМ-5 термометрі, ол 5, 10, 15, 20 см қабаттарында бір мезгілде өлшеуге мүмкіндік береді. Топырақтың тереңгі қабаттарында ТПВ-50 сынап термометр арқылы темпера- тураны анықтайды. Оның құрамына мына 20, 40,60, 80, 120, 160, 240, 320 см термометр кіреді. Қазіргі кезде тік ұшақ, ұшақ жəне спутниктегі орнатылған аспаптары арқылы топырақтың температу- расын өлшейтін əдістер дамытылуда.
Температураның тəулік бойы өзгеруін тəуліктік ағымы деп атай-

ды. Оның минимумы жəне максимумы болады. Минимум күн жаңа шығудың алдында жəне аспан ашық болған кезде болады Макси- мум сағат 13-те байқалады. Жыл бойы топырақ температурасының өзгеруін жылдық ағымы деп атайды. Минимумы қаңтар ақпан, ал максимум шілде айларында байқалады. Минимум жəне максимум аралығында айырмашылығын температура ағымының амплиту- дасы деп аталады. Оған əсер ететін: жыл мерзімі (ең жоғарғы ам- плитуда жаз кезеңде, ал кіші ауытқуы қыста болады); жағрапиялық ендік, жер бедері; өсімдік жəне қар жамылғысы; топырақтың жылу сыйымдылығы жəне өткізгіштігі; топырақтың реңі; бұлттану.
Топырақтың температуралық ережесін келесі тəсілдер арқылы реттейді: топырақтың жылу қасиеттерін реттеу арқылы (қопсыту, түсін өзгерту жəне т.б.); жерді суару жəне құрғату. Топырақты 2-4 см қопсытқанда оның температурасы 1-3 С төмендейді, ал тығыздаған кезде 1-2 С жоғарылайды.
Ауаның температуралық ережесі. Жер беті мен əуенің арасындағы жылудың ауысуы келесі: жылу конвекциясы əртүрлі жер учаскелерінің біркелкі емес қызған кезде ауаның вертикаль бағытындағы ауысуы.

    • турбуленттілік ауаның кішігірім көлемдерінің жалпы жел ағымындағы құйын тəрізді астаңкестең ауысуы;

    • молекулалық жылу алмасуы қозғалмайтын ауаның молекулалық жылу өткізгіштігі арқылы жер бетімен жəне əуе арасындағы жылу ағымы;

    • радиациялық жылу өткізгіштігі – жер беті мен əуенің ұзын толқынды радиация ағымдары арқылы жылудың ауысуы;

    • конденсация (сублимация) – жер бетінен əуеге су буының ауы- суы, үрдістер арқылы жүреді;

Ауаның температурасын əртүрлі:
1) психрометрлік; 2) максималды; 3) минималды термометрлер арқылы өлшейді. Термомтрлерді психрометрлік күркенің ішіне ор- натады, ол оларды тура, шағылысқан радиациядан, сонымен қатар жауын-шашындардан, желден қорғайды.
Температураның орташа тəуліктік, айлық жəне жылдық түрлерін ажыратады. Тəуліктік температураны анықтау үшін оны үш сағат сайын 8 рет тəулік бойынша термометрмен өлшейді. Осы мəліметтердің қосындысын сегізге бөледі. Бұл орташа тəуліктік температурасы болып табылады. Орташа айлық температураны
білу үшін ай бойынша барлық температураларын қосып күндердің санына бөледі. Орташа жылдық температурасы – бұл жыл бойы орташа тəуліктіктердің немесе айлықтардың орташа мəліметтері. Əрбір айда минималды жəне максималды температуралар бо- лады. Солтүстік Қазақстан жағдайында ең төмен (минималды) температуралары желтоқсан-қаңтар айларында байқалады, ал ең жоғарғы (максималды) температура шілде айында болады. Тəуліктік жəне жылдық температураның амплитудасы климаттың континенттігін сипаттайды. Мысалы, Ирландияда температураның жылдық амплитудасы 7,9 С болса, Нерчинск (Сібір) жағдайында 53С-на тең. Белгілі бір жерде жəне кезең аралығында жылудың мөлшерін сипаттау үшін температура жиынтығын кең қолданады. Алғашқы рет Г. Т. Селянинов климаттың жылу қорларын бағалау үшін активті температураларының жиынтығын ұсынды. Активті температураларының жиынтығын есептеу үшін 10С жоғары темпе- ратураларын қосады. Олар ауылшаруашылық дақылдардың вегета- ция кезеңінде жылумен қамтамасыз етілуін бағалайтын көрсеткіші ретінде қолданады. Өсімдіктердің жылуға талаптарын сипаттау үшін тиімді температуралар жиынтығын қолданады. Бұл – белгілі бір дақылдың (сорт, будан) биологиялық минимумынан жоғары орташа тəуліктік температураларының жиынтығы. Əртүрлі дақылдардың биологиялық минималды температуралар бірдей емес (өзгеше). Мы- салы, жаздық бидайда 5С, жүгеріде 10С, мақтада 13С-қа тең.



жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау