Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық құрамына əсері



жүктеу 3,79 Mb.
бет55/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық құрамына əсері


Топырақ түзілу құбылыстарының нəтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтай отырып, көптеген элементтердің мөлшеріне өзгерістер енгізеді.


Топырақтың орташа химиялық құрамы, % (А.П.Виноградов, 1962):

O - 49

К -1,36

Mn -0,085

Co -0.0008 Mo

Si – 33

Mg -0,60

P - 0,08

B -0,001

Al – 7,13

Ti – 0,46

N- 0,10

Mo -0,0003

Fe - 3,80

С -2,00

Cu -0,002

Na -83

Ca -1,37

S – 0,085

Zn -0,005




Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші орында O мен Si, екінші Al мен Fe, үшінші Ca мен Mg, солардан кейін Na, K, т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық құрамының өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшері көп: көміртегі 20 есе, азот 10 есе өседі. Сонымен қатар оттегі жəне сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий, темір калий, кальций, магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер əртүрлі химиялық қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін анықтайды. өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, мине- ралды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.


Оттегі су гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар жəне олардың тұздарының құрамында болады.
Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтерінің бірі – крем-
ний. Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі

  • кварц минералы SiO2. Кремний жəне кремний қышқылдарының тұздары силикаттар мен алюмосиликаттар құрамына кіреді. Өсімдіктердің құрамында да кремний бар,мысалы, ол дəнді

дақылдарда 10%-дан 60%-ға дейін жетеді.
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al2O3-тің топырақтағы жалпы мөлшері 1 – 2%-дан 15 – 20%-ға дейін, ал ферралитті топырақтарда 40 %-ға дейін жетеді.
Темір əртүрлі оксидті, гидрооксидті жəне шала күкіртті қо- сындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əртүрлі. Мысалы, құмдақ топырақтарда 0,5 – 1,0%, лесс жыныстарында түзілген топырақтарында 3,5, ал ферралитті топырақтарда 20 – 50%. Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элементте өсімдіктерге
өте қажет. Топырақта ол 1 – 3 % мөлшерінде болады.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау