Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ауыр металдарға қатынасты топырақ буферлігінің шкаласы



жүктеу 3,79 Mb.
бет53/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Ауыр металдарға қатынасты топырақ буферлігінің шкаласы (В. Б. Ильин, 1995)



Көрсеткіш

Мөлшер шектері

Есептелетін балл саны

1

2

3

Қарашірінді, %

< 1

1




1,1-2

2




2,1-4

3,5




4,1-6

5




6,1-8

6,5




8,1-10

8




< 10

9

Физикалық балшық,%

< 10

2,5




11-20

5




21-45

10




46-60

15




< 60

20

Біржарымды тотықтар,

< 1

1

%

1,1-2

2,5




2,1-3

4




3,1-4

5,5




4,1-5

7

Карбонаттар, %

< 0,5

1,5




0,6-1,5

3,5




1,6-2,5

6,5




2,6-3,5

9,5




3,5-4,5

12,5




< 4,5

15,5

Ортаның рН

5,1-5,5

2,5

көрсеткіші

5,6-6,0

5




6,1-8,5

7,5




6,6-7,0

10




7,1-7,5

12,5




7,6-8,0

15

Қарашірінді қышқылдары ауыр металдарды бойына жоғары мөлшерде сіңіріп, топырақ қабатында жинақтайтын қойма рөлін атқарады.


Топырақтың катион ауыстыру қабілеттілігі. Катион ауыстыру қабілеттілігі топырақ қабатында лай, саз бөлшектерінің мөлшерімен тығыз байланысты. Бұған органикалық зат мөлшерінің аздығы неме-
се көптігі əсер етеді. Лай, саз жəне органикалық бөлшектердің саны көбейген сайын топырақ қабатындағы үстілік сіңіру алаңы артады, топырақтың ұстап тұру қабілеті жоғарылайды жəне өсімдіктермен тірі ағзаларға ауыр металдардың сіңуі төмендейді. Топырақтың ка- тион ауыстыру қабілеттілігін сипаттайтын топырақ сіңіру кешені болып табылады.
Ауыр металдарды сіңіріп, байлап тастайтын заттарға: силикаттар, алюмсиликаттар, тотықтар, гидрототықтар, минералды тұздар, саз минералдары (каолинит, смектит, иллит, хлорит, вермикулит), карбо- наттар, сульфид, сульфат, хлоридтер, т.б. химикалық қосылыстарды жатқызуға болады.


    1. Топырақтың радиоактивті элементтері


Топырақтың радиоактивтігі топыраққа табиғи немесе антро- погендік жолмен келген радиоактивті элементтерден пайда бо- лады. Ол уақыттың бір мөлшерінде бөлінетін ядро сандарымен белгіленеді. СИ жүйесінде радиоактивтік өлшем беккерельмен өлшенеді (1Вк=1с/ бөлшек) немесе белсенділіктің тағы бір өлшемі – кюри (1 Ки=3,7.10’° Бк).


Топырақтың радиоактивтігі негізінен табиғи радиоактивті эле- менттермен байланысты (ТРЭ). Бұл радиоактивтіктің түрі əрқашанда азды-көпті мөлшерде барлық топырақтарда кездеседі. Олар: бірін- шісі – топыраққа аналық жыныстармен немесе геохимиялық ағынмен келетін, екінші космогендік (топыраққа атмосферадан келген), яғни ғарыштың сəулелерімен тұрақты элементтер ядроларының қарым- қатынасынан пайда болатын топ болып екі топқа бөлінеді.

  1. ТРЭ концентрациясының əлемдік орта мөлшері 1000 Бк/кг (25.10~9 Ки/кг) белсенділікті құрады, бірақ концентрациясының өзі өте үлкен аралықта өзгеріп тұрады (100 еседен кем болмайды), ал ТРЭ-нің топырақ түзуші жыныстардың ішіндегі мөлшеріне байланысты.


  2. 1/2

    1/2
    Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе, ауыр метал- дардың реттік нөмірі «Z»82 радиоизотоптарымен (радионукле- идтермен) байланысты. Бұлар: уранның (басы 238U жартылай

бөліну мерзімі Т
=4,5.109 жыл) актинийдің (басы 235U, Т
=7,1.1О8

жыл) жəне торийдің (басы 23 2ТҺ, Т

1/2
=1,4.1010 жыл) сияқты үш



туыстықты құрайды. Бұлардың əрқайсысына кезекпен көбінесе, альфа бөлшектер (гелийдің ядросы), кейбіреулері бета жəне гамма бөлшектерін шығаратын 17, 14, 12 радиоактивті изотоптар кіреді.

Бөлінген ең соңғы заттар – қорғасынның тұрақты изотоптары: 206Рв, 207Рв, 208Рв. Бұлардың арасындағы изотоптар аз уақыт қана болады жəне олардың пайда болуы аналық радиоизотоптарға байланысты.
Бүлінбеген тау жыныстарында əр туынды радиоактивтігінде тепе-теңдік жағдайы байқалады. Ол кезде барлық туынды мүшелерінің саны бірдей болады. Топырақта радиоактивтік тепе- теңдік сақталмайды, өйткені радиоактивтік туыстық құрайтын түрлі элементтердің миграциялық қасиеттері əртүрлі келеді. Мысалы, əрбір туыстық арасындағы шығатын газ түріндегі радон жəне оның көп бөлшегі атмосфераға ұшуы мүмкін.
Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың мөлшерлері көрсетілген.
Уран – табиғи уран 234U (0,0058%), 2О6U(О,71%) жəне 238U(99,28%) изотоптарынан тұрады. Уран көптеген тау жыныстарының ішінде кездеседі, ал топырақтарда тұрақты болады. Оның мөлшері, əсіресе, фосфаттарда көп. Сондықтан фосфор тыңайтқыштарында жəне фосфатты тау жыныстарынан түзілген топырақтарда көп кездеседі.
Радий – жоғары атомдық салмағы бар 22бRd ауыр химиялық эле- мент. Ол химиялық элементтердің ішінде сілтілі-жер элементтеріне жатады, яғни биофильді кальций магний элементтердің анало- гы. Радийдің ядросы сəулелермен бөлініп, басқа типке айналғанда көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Оны радийлі белсенділік, ал элементтердің өздерін радий белсенділер деп атайды.



    1. кесте




жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау