Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет51/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Ауыр металдар


Топыраққа түскен ауыр металдар негізінде оның беткі қабатында шоғырланады. Топырақта ауыр металдардың арылуы өте баяу. Топырақ қабатынан ауыр металдардың жарты мөлшеріне дейін ары- луы Zn үшін – 70-510 жыл, Cd- 13-110 жыл, Cu – 310-1500 жыл, Pb- 740-5900 жыл қажет.


Топырақ қабатындағы осы металдардың, əсіресе жылжымалы түрлерінің маңызы зор. Жылжымалы түрінде ауыр металдардың өсімдікке сіңу немесе суға еріп араласу мүмкіндігі жоғары. Осы себептен топырақ қабатындағы ауыр металдардың уыттылығы осы жылжымалы түрінің мөлшеріне тікелей байланысты. Ауыр металдардың жылжымалы түрлері химиялық реакциялардың сал- дарынан қиын еритін қосылыстарға айналуы немесе топырақ қалдықтарымен сіңіріліп бекітілуі мүмкін. Керісінше жылжымайтын түріндегі ауыр металдар топырақ қабатындағы ортаның өзгеруіне байланысты жылжымалы түріне өтіп, топырақ ерітіндідегі ауыр ме- талдар мөлшері артады.
Топырақ қабатындағы ауыр металдар:

  1. Топырақтың қатты фазасының құрамындағы берік байланған ауыр металдар;

  2. Топырақтың қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың жылжымалы түрлері;

  3. Топырақ ерітіндідегі ауыр металдар қосылыстары;

  4. Топырақ ауасының құрамындағы ауыр металдар қосылыстары;

  5. Тірі ағзалар құрамында ауыр металдар қосылыстары сияқты негізгі түрлерге бөлінеді.

Топырақтың қатты фазасымен берік байланған ауыр метелдарға – біріншілік жəне екіншілік минералдардың құрамына кіретін химиялық қосылыстар, қиын еритін тұздар, органикалық жəне органо-минералды заттар жатады.
Топырақ қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың жылжымалы түрлеріне – топырақтың сіңіру кешініндегі алма- сып ауысуға қабілетті иондарды жатқызады, борпылдақ байланған қосылыстар – жеңіл жəне орташа еритін тұздар мен кешендер.
Топырақ ерітіндідегі ауыр металл қосылыстарына еркін ион жəне олардың су жəне басқа химиялық элементтері молекулары мен иондардың өзара əрекеттесуі нəтижесінде пайда болған жылжыма- лы қосылыстар жатады.
Топырақ ауасында ауыр металдар кейбір газдар түрінде кездесуі мүмкін.
Тірі ағзалар құрамындағы ауыр металдар ең алдымен, микроэле- мент түрінде кездеседі, белгілі жағдайларда жоғары мөлшерде ауыр металдар иондарын топтастыру мүмкін.
Техногендік əсері нəтижесінде ауыр металдар негізінде топырақтың жоғары қабатында жиналады. Ал қоршаған ортада тірі ағзаларға қауіп тудыратын ауыр металдарды жылжымалы түрлері болып табылады.
Топырақ қабатындағы ауыр металдардың өзгеруіне, көшіп-қону қасиеттеріне, жылжымалығына төмендегі негізгі факторлар:

  1. топырақтың механикалық құрамы;

  2. топырақтың қышқылдығы (рН көрсеткіші);

  3. топырақтың буферлігі;

  4. органикалық зат мөлшері жəне тағы басқалар əсер етеді Топырақтың механикалық құрамы. Ол ауыр металдардың

жылжымалығына тікелей əсер етеді. Механикалық құрамы ауырланған сайын топырақ бөлшектері мен жылжымалы түріндегі ауыр металдардың бекітілуі артады.
Топырақтың қышқылдығы. Топырақтын рН көрсеткіші ауыр металдардың жылжымалығына айтарлықтай əсерін тигізеді. Қышқыл ортада (< рН 5,5-6) Pb, Zn, Cu сияқты ауыр металл

11–1427
161



иондардың жылжымалығы арта түседі, ал Cd жəне Co иондары сілтілі (>рН -8) ортада өсімдіктерге жақсы сіңеді.
Топырақтың буферлігі. Топырақ жүйесінен топырақ ерітіндідегі микроэлемент қоспаларын белгілі бір кезеңге дейін бір концентра- ция деңгейінде ұстап тұру қабілеттілігі бар. Топырақтың бұл қасиеті оның құрамындағы қарашірінді, физиологиялық балшық, карбонат- тар мен біржарымды тотықтар мөлшеріне жəне рН көрсеткішіне тығыз байланысты.



    1. кесте




жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау