Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет33/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61

117
кəсіпорын жұмыс жасайтын координат жүйесіне GPS анықтау- 
лар нəтижесін сəйкестендіру. Осы себептермен келесі нұсқау-
ларды береді:
-  жер серіктік анықтаулар сұлбасына тригонометриялық 
анық  таулар элементтерін қосу, яғни дер кезінде жер асты тау-кен 
өндіру жұмыстарының жəне жер үсті деформациялық тордың 
өзара мүмкін болу ығысуын түзетіп отыру;
-  биіктіктік анықтауларды анықтаудағы геометриялық ни-
велирлеуді GPS-анықтаулармен пландық сүйемелдеу;
- аралас құрастыруларды теңестіру мүмкіндігін ескеріп, тор-
ларды құру сұлбасын жобалау;
- тек жоғары дəлдікті анықтауларды табуға арналған аппара-
тураларды қолдану;
-  жергілікті координата жүйесінде жұмыс жасауда өзге де 
координата жүйелерінің параметрлерінің қателіксіз ауысуын 
қадағалау, осы айтылғандарды ескере отырып жұмыс жасай ала-
тын ГАЖ-ы бар жерсеріктік қабылдағышты таңдай алу; жобалау 
кезінде жетілмей қалған бағдарламалық кешенді ескеріп, оның 
жерсеріктік аппаратуралармен қамтамасыз етілуінің қосымша 
элементтерін жасай алу.
Екінші бағыт – көмірсутек өндіру ұңғымалары бар кено-
рындарындағы жер үсті жəне коммуникациялар түсірімдерін, 
ашық тау-кен өндірісінің, инженерлік ғимараттар түсірімдерін, 
сонымен қатар жобалық жəне бөлу жұмыстарын орындау болып 
табылады.
Ғаламдық позиционирлеу жүйесі қол жетімсіз, қиын орна-
ласқан, алыс орналасқан аймақтарда жəне мемлекеттік гео-
дезиялық тораптарды (МГТ) жиілетуде, кен-металлургия кешен-
дері орналасқан үлкен аймақтарда маркшейдерлік-геодезия 
лық жұмыстарды атқара алудың жалғыз ғана оңтайлы нұсқасы 
болып табылады.
Үшінші бағыт – бұл жер бетіндегі жылжулар мен ғимарат тар 
элементтерінің деформациясын жүйелі түрде жүргізілетін мо-
ниторингтерде қолданылады. Мұнда ерекше орындағы биіктік 
анықтауларын геометриялық, тригонометриялық жəне грави ме-
триялық бақылаулармен толықтыра білу керек.


118
Қазіргі таңда GPS-мониторинг қызметі отандық ірі тау-кен 
өндірісі кəсіпорындарында табысты қолданыс табуда.
Төртінші бағыт – кəсіпорынның жүк тораптарын басқару се-
кілді жəне т.б. диспетчерлік қызметі талап ететін құрылғылар 
мен жабдықтарды автоматты басқару жүйесін жасау үшін қол-
данылады.
Жерсеріктік геодезиялық аппаратураларды жоғарыда көрсе-
тілген бағыттардағы мəселелерді шешуде қолданудың өте ма-
ңызды нəтижелерін Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен 
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Марк шей-
дерлік іс» кафедралары алып отыр. Тау жыныстары массивінің 
жылжулары мен деформацияларын мониторингтау Қазақстанның 
Соколов, Сарбай, Кашар, Алтынтау, Акжал, Шұбаркөл жəне т.б. 
карьерлерінде жүргізілуде (5.9-сурет). 
5.9-сурет. Сарбай карьеріндегі GPS бақылаулар
Жүргізілген мониторингтар нəтижесінде негізінен екі мақ-
сатқа қол жетті:
- біріншіден, кəсіпорындардың Маркшейдерлік қызметі коор-
динаталары жоғары дəлдікпен анықталған тірек пункттерімен 
(бұрынғылары жəне жаңадан салынғандары) қамтамасыз етілді;
- екіншіден, кен орны төңірегіндегі жер қыртысының тех-
ногендік деформациялары анықталды. Карьер беткейлерінің 
орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізілген GPS 
бақылауларының нəтижесінде Шұбаркөл көмір разрезінде ка-
рьер кертпештертінің көлбеу бұрыштарын жағарылатудың жəне 
ішкі тау жыныстары үйінділерінің параметрлерін анықтаудың 
негіздемесі жасалынды (5.10-сурет). 
Сонымен қатар, соңғы жылдары жасалынған көлікті басқару 
жүйелері жабдықтар операторына қарапайым шарттарда ком-


119
пьютермен жасалынған объект туралы үздіксіз топографиялық 
мəліметтер алуға мүмкіндік береді. Мұндай кездерде айтылған 
жерсеріктік құрылғылар қозғалмалы жабдықтарда (экскова-
тор, бұрғылау станоктары) қондырылады. Бұл жүйе орында-
лып жатқан жұмыстардың сұлбасын сақтай отырып, бірден нə-
тижелерін жобалаушыға тексеруге бере алады.
Қорытындылап айтқанда, өндіру үрдістеріндегі жерсерік-
тік анықтаулар мен лоардың нəтижелерінің маркшейдерлік істе 
қолданылу əдістемесін аяқталды деп есептеу дұрыс емес шығар, 
өйткені техника мен аппаратуралар күннен-күнге жетілдірілу 
үстінде болып келеді. 
Бақылау сұрақтары:
1.  Жерден бақылау жəне тұтыну блоктары деген не?
2.  GPS қабылдағыш аппараттарының түрлері
3.  GPS жұмыс істеу тəртібі.
4.  Trimble GPS-қабылдағыштарының негізгі мақсаты. 
5.  TTS 5700 қабылдағыштарының геодезияда қолданылуы.
6.  Жерсеріктік жүйелерді геодинамикалық мəселері. 
7.  Жерсеріктік жүйелерді геодезияда қолдану
8.  Жерсеріктік жүйелерді теңіз геодезиясында қолдану.
9.  Жерсеріктік жүйелерді картографияда қолдану
10.  Жерсеріктік жүйелерді маркшейдерияда қолдану 
5.10-сурет. Бақылау стансасы пунктеріне бағыттау схемасы 


120
6. ҒАРЫШТЫҚ ПОЗИЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ КООРДИНАТАЛАРЫ
6.1. Қысқаша тарихи мəлімет
Бұрын градустық өлшеулер тек қатты жер бетінде, яғни жердің 
шағын учаскелерінде жүргізілетін. Мұндай жағдайда əр елдің 
градустық өлшеулері жалпы байланыста болмады, себебі олар 
əртүрлі бағдарламалар бойынша, əртүрлі дəлдікпен жəне əртүр-
лі координаталар жүйесінде орындалып отырылды. Əлбетте, 
мұ ның барлығы ол өлшеулерді бір жүйеде қолдануға мүмкіндік 
туғызбады жəне жер эллипсоиды өлшемдерін дəл анықтауға кері 
əсер етті.
Жер эллипсоидының өлшемдерін анықтаумен ғалымдар бір 
ғасырдан артық айналысып жүр. Олар жоғарыда айтылған əр- 
түрлі дəлдіктегі градустық өлшемдерінің нəтижелерін пайда-
ланды, сол анықтаулардың кейбір нəтижелері 6.1- кестеде 
келтірілген.
6.1-кесте. Жер эллипсоидының өлшемдері
 алымдар
  мемлекет
  жыл
  а,м
 А
Деламбр
 Франция
  1800
6 375 653
  1:334,0
Бессель
 Германия
  1841
6 377 397
  1:299,2
Кларк
Ұлыбритания   1886
6 378 206
  1:294,98
Хейфорд
  АҚШ
  1910
6 378 388
  1:297
Красовский
  КСРОР
  1940
6 378 245
  1:298,3
Деламбр эллипсоиды өлшеулердің метрлік жүйесінің негізін 
қалауда тарихи рөл атқарды. 
Қалған басқа эллипсоидтар күні бүгінге дейін əр елдің то по-
графиялық-геодезиялық жəне картографиялық жұмыс 
та 
рын 
да 
қолданыс табуда. Мəселен, Бессель эллипсоиды, Германиядан 
басқа да елдерде 1842 жылға дейін Кеңестер одағында қол-
данылды, 1842 жылдан бастап КСРО Красовский эллипсоидына 
көшті.
Кларк эллипсоиды (1866ж.) АҚШ-та, Латын Америкасы мен 
Орталық Америка, Куба жəне т.б. елдерде қолданылуда.


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау