167
Жеке жұмыс түрлеріне арналған калькуляциялық баптар бойынша
геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнының жіктелуі (шартты
үлгі), тенге
Шығындар бабы
Механикалық
бағаналық
бұрғылау
($$$1 м)
Жер үсті тау-
кен
қазбаларын
жүргізу (1 м
3
)
атыздық
сынамаларды
іріктеу (1 шт.)
I. Негізгі
шығындар
286,47
50,64
109,10
оның ішінде:
көмекші материалдар
43,61
5,03
18,30
негізгі жəне қосымша
еңбекақы
62,56
16,30
41,30
еңбекақы қаражаттары
24,40
6,36
16,10
негізгі өндірістік қорлар мен
материалдық емес активтердің
амортизациясы
56,12
6,40
3,50
құндылығы төмен жəне тез тозатын
заттардың тозуы
46,98
3,20
8,36
қосымша-көмекші өндіріс
қызметтері
24,20
5,05
16,14
көлік
басқалары
6,20
II. Үстеме шығындар
58,68
10,68
22,60
оның ішінде:
жалпы өндірістік шығындар
20,93
4,12
8,65
жалпы шаруашылық шығындар
32,35
6,56
12,65
өндірістік емес шығындар
5,40
-
1,30
төлемдер
Жұмыс бірлігінің өзіндік құнының
барлығы
345,15
61,32
131,70
«Өндірілмейтін шығындар» бабы, тек нақты шығындар бойынша
анықталатындығын айтып кету қажет. Бағаларды
жоспарлау барысында мұндай
шығындар қарастырылмайды. Əдетте, геологиялық барлау жұмыстарына
арналған үстеме шығындар негізгі шығындардың сомасына қатысты пайызбен
анықталады. 1 жəне 3 типтерге жататын геологиялық барлау жұмыстары
(аймақтық жұмыстар мен геологиялық ортаны мониторингілеу бойынша
жұмыстар) үшін, олар 15-20%-ды құрайды, 2 типке жататын геологиялық
барлау жұмыстары (іздестіру жұмыстары, жер қойнауын геологиялық
168
зерттеудің бағалау жəне барлау кезеңдері) үшін, үстеме шығындардың көлемі
біршама жоғары жəне 20-22 %-ды құрауы мүмкін.
Калькуляциялық бірліктер ретінде, əдетте жұмыстардың нақты түрлерін
өлшеудің физикалық бірліктері пайдаланылады (тонна, метр, станок-кезек,
бригада кезек, т.б.). Геологиялық барлау саласында калькуляциялау
нысандарына геологиялық-түсіру, іздестіру жұмыстары, гидрогеологиялық
жəне инженерлік-геологиялық жұмыстар, əр түрлі геофизикалық жұмыстар
жатады. Барлау бұрғылауы, тау-кен қазбаларын өткізу, пайдалы қазбалар мен
тау-кен жыныстарына зертханалық зерттеулер, топографиялық-геодезиялық
жəне
маркшейдерлік
жұмыстар, жүктер
мен
геологиялық
барлау
партияларының қызметкерлер
құрамын тасымалдау, т.б. жүмыстары бар.
Шығын баптары бойынша өзіндік құнды жіктеудің маңыздылығы
мұндай шығын есебі өнімнің болашақ бағасының негізі болуында (геологиялық
барлауда бұл геологиялық барлау жұмыстары бірліктерінің сметалық бағасы).
Калькуляцияның типтік баптарының тізімі, өндірістің сипаты мен
құрылымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Мəселен, машинажасауда
«Жабдықтаушы өнімдер», тау-кен өнеркəсібінде – «Тау-кен дайындау
жұмыстары» баптары бөліп көрсетіледі. Баптардың тізімі, олардың құрамы мен
əзірлену тəртібі өзіндік құнды есептеу, жоспарлау жəне калькуляциялау
бойынша салалық нұсқауларда белгіленеді. Бұл жерде шығындарды
топтастыру, барлық салаларда нақты өнім немесе жұмыс түрлерінің өзіндік
құнына тікелей жатқызылуы мүмкін тікелей шығындардың бөлінуін
қамтамасыз етуі тиіс.
Өндіріске бөлінетін шығындардың сметасын құрастыру барысында
шығындардың өндіріс көлемі мен байланыстың маңызы зор. Осы белгілер
бойынша
ауыспалы жəне тұрақты шығындарды ажыратады.
Ауыспалы шығындардың жалпы сомасы, өндіріс көлемінің өзгеруіне
тікелей пропорционалды түрде өзгереді: негізгі материалдар мен шикізатқа
жұмсалатын шығындар, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы,
технологиялық отын, электр қуаты, т.б. бөлінетін шығындар. Анықтамадан
ауыспалы шығындардың
көлемдері сайы келгенде, тек
өндіріс көлемдеріне ғана
емес, сондай-ақ өндіріс пен еңбекті рационализациялау нəтижесінде,
материалдық жəне еңбек шығындарын үнемдеуге де байланысты болатындығы
байқалады.
Тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты емес
(амортизацияға бөлінетін қаржылар, бөлмені жалға алу ақысы, сақтандыру
жарналары, əкімшілік-басқару қызметкерлерінің құрамын қамтамасыз ет , т.б.).
Олар тіпті кəсіпорын өнім шығармаған жағдайда да төленуі тиіс.
Кəсіпорынның барлық шығындарын өзіндік құнға санау тəсіліне
байланысты
тура жəне
жанама деп бөлуге болады.
Тура шығындар өнім
өндірісімен тікелей байланысты (материалға бөлінетін шығындар, өндірістік
қызметкерлер құрамының еңбекақысы). Бұл шығындар өнімдердің нақты бір
түріне жатқызылады немесе техника-экономикалық есептеулер негізінде,
солардың арасында бөлінуі мүмкін (мысалы, нормативтер бойынша).