154
қ
ф
к
Н
Н
В
Е
×
=
.
мұндағы Н
ф
– орындалған жұмыс көлемі.
Кесімді-сыйлық жүйесі еңбекақының кесімді жүйесінің, жұмысшыларға
белгілі бір көрсеткіштерді жақсартқандары үшін берілетін сыйлықпен өзара
үйлесімі болып табылады.
Көтерме еңбекақы жүйес. ГБЖ үшін барлау шұңқырлары, орлары, ұсақ
шурфтар, қолмен соқпалы-айналмалы бұрғылау жұмыстары.
Жанама-кесімді еңбекақы жүйесі мөлшерлеу мен есептеуге келмейтін
барлық жұмыс топтарына (компрессорлық учаскелердің машинистері,
машинист-электроншылар, т.б.) қолданылады. Жанама-кесімді бағалау
қызмет көрсетуші жұмысшының тарифтік мөлшерлемесін, негізгі кесімді
жұмысшылардың кезектік нормасына бөлу арқылы анықталады.
Нақты еңбекақы жанама кесімді бағалау мен негізгі жұмысшылармен
орындалған нақты жұмыс көлемінің көбейтіндісіне тең.
Кесімді еңбекақы түрі, бұрғылау жəне тау-кен-қазу жұмыстарында
кеңінен таралған. Мерзімдік – геофизикалық, т.б. ГБЖ.
Кесімді жүйелер арасында жұмысшыларды қамту бойынша, бірінші
орынды кесімді-сыйлық жүйесі алады, бул əсіресе бұрғылау жұмыстарында.
Мерзімдік нысан негізінен, мерзімдік-сыйлық нысан түрінде
қолданылады.
Еңбекақының мерзімдік нысаны, жұмысшының біліктілігі мен (тарифтік
мөлшерлеме) нақты жұмыс істелген уақытымен анықталады. Мерзімдік
еңбекақы барысында еңбек нəтижесі мен жұмысшының еңбекақысы арасында
тікелей байланыс болмайды. Жұмысшыларды ынталандыру мақсатында,
мерзімдік ақыны сыйлық жүйесімен толықтырады.
Еңбекақының мерзімдік-сыйлық жүйесі барысында жұмысшылар белгілі
бір санды жəне сапалы көрсеткіштері үшін қосымша ақы (сыйлық) алады.
ГБЖ өндірісі барысында басшылардың, мамандар мен қызметкерлердің
еңбекақысын төлеу үшін, штаттық-айлық жүйені əр түрлі сыйлық
нысандарымен үйлестіре қолданады. Барлық геологиялық ұйымдар үшін,
қызметтік айлықтардың бірыңғай сұлбасы белгіленген.
Статистика бойынша еңбекақыны оның құрамындағы элементтер
бойынша түрлі қорларға топтастырады (16-сурет).
Еңбекақы қоры – қызметкерлердің еңбекақыларын төлеу үшін,
заңнамаға сəйкес жəне қаржыландыру көздеріне қарамастан, салықтар мен
басқа да шегерімдерді ескере отырып, ақшалай жəне табиғи түрде (тарифтік
мөлшерлемелер немесе қызметтік ақылар, сыйлықтар, ынталандырғыш жəне
орнын толтырғыш сипаттағы қосымшалар төлемдер) есептелген сомалар.
155
Кесімді
бағалаулар
қоры
Мерзімді
жұмысшылар
тариф
бойынша
еңбекақы
қоры
Штаттық-
айлық жүйе
бойынша
еңбекақы
қоры
Тарифтік еңбекақы қоры
Сағаттық
қорға дейін
қосымша
төлеу
Сағаттық еңбекақы қоры
Күндік қорға
дейін
қосымша
төлеу
Күндік еңбекақы қоры
Айлық қорға
дейін
қосымша
төлеу
Айлық (тоқсандық, жылдық) еңбекақы қоры
16-сурет. Жұмысшылардың еңбекақы қорларының құрамы
Тарифтік еңбекақы қоры кесімді, мерзімдік жұмысшыларға кесімді
бағалау, тариф жəне штаттық-айлық жүйе бойынша есептелген еңбекақылардан
тұрады.
Сағаттық еңбекақы қоры нақты жұмыс істелген уақыт үшін (адам
сағаттар) есептелген, тарифтік қордың барлық элементтерінен, сондай-ақ
қосымша төлеуден (жұмысшылардың кесірінен болмаған ақауларға төлеуден,
түнгі уақыт, еңбегі, еңбек етудің зиянды жағдайлары, оқушылары, т.б. үшін
қосымша төлеуден) тұратын еңбекақыны қамтиды.
Күндік еңбекақы қоры нақты жұмыс істелген күндер үшін есептелген
еңбекақыны қамтиды жəне мыналардан тұрады: сағат қоры жəне айлық қорға
дейін қосымша төлеу (үстеме жұмыс уақыты, тұрып қалулар үшін қосымша
төлеу).
Жұмысшылардың еңбекақыларының түрлі қорлары арасында 17-кестеде
көрсетілген аддитивті байланыс болады.
156
17-кесте
Жұмысшылардың еңбекақыларының түрлі қорлары арасындағы
аддитивті байланысы
Жол
нөмірі
Еңбекақы қорының элементтері
Мың.
тг
Қорыт
ынды
%
1
2
3
4-16
Қосымша
төлеу
мен
сыйлықтар
17-21
22-26
Нақты жұмыс істелген уақыт үшін кесімді бағалау бойынша
төлем
Нақты жұмыс істелген уақыт үшін тарифтік мөлшерлеме
бойынша төлем
Штаттық-айлық жүйе жəне орташа еңбекақы бойынша төлем
Барлық тарифтік қор Σ 1+2+3
Əр түрлі қосымша төлемдер (түнгі уақыттағы жұмыс үшін,
бригаданы басқару үшін, оқушылар үшін, т.б.)
Жұмыс пен өнім сапасы, т.б. үшін сыйлықтар, біліктілігі үшін
қосымшалар
Тарифтік қорға барлық қосымша төлемдер (Σ 4-тен 16 жолға
дейін)
Барлық сағаттық қор
Əр түрлі төлемдер (жасөспірімдерге, ішкі тұрып қалулар, т.б.)
Сағаттық қорға барлық қосымша төлемдер (Σ 17-ден 21-ге
дейін)
Барлық күндік қор
Төлемдер (кезекті, қосымша демалыстар үшін, толық күндік
тұрулар үшін, демалыс күндер үшін)
Күндік қорға барлық қосымша төлемдер (Σ 22-26 жолдары)
Жұмысшылардың еңбекақысының барлық жылдық қоры
241,0
169,0
30,0
440
266,0
706,0
23,0
729,0
54,3
783,3
30,8
21,6
3,8
56,2
34,0
90,2
2,9
93,1
6,3
100%
Айлық қор элементтерінің талдауы, оларды былайша бөлуге мүмкіндік
берді: төлемдердің шамамен 80% (618:783,3=0,789) кесімді жəне мерзімдік
төлемдер үлесіне келеді (18-кесте).
18-кесте
Төлемдердің кесімді жəне мерзімдік төлемдер үлесі
Еңбекақы түрі
Мың. теңге
Қорытынды %
Кесімді (1, 8, 10, 12, 14жолдар)
Мерзімдік (2, 3, 13, 15жолдар)
357,0
261,0
57,8
42,2
Барлығы
618
100
Достарыңызбен бөлісу: |