Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет56/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85

160
шығындары, қызметкерлерді  ауыстыру, басқа  жерге  жұмыс  жасауға
жөнелтугеайланысты шығындардың орнын толтыру, басқа да шығындар.
Орташа  есеппен,бір  қызметкердің  жұмыс  күшін  қамтамасыз  етуге
жұмсалатын  шығындардың  құны  мен  құрамы  кəсіпорынның (жұмыс  берушінің)
жалдамалы  еңбекті  пайдалануғаайланысты  шығындарының  жалпы  сомасын
сипаттайды.


161
11. БӨЛІМ. КƏСІПОРЫН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
11.1 Өнімнің өзіндік құнының құрамы
Өнімнің  өзіндік  құны (жұмыстардың, қызметтердің)   өнімдерді
(жұмыстарды, қызметтерді) өндіру  барысында  пайдаланылатын  табиғи  қорлар,
шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі  қорлар  мен  еңбек  ресурстарының,
сондай-ақ  оларды  өндіру  мен  өткізуге  қажетті  басқа  да  шығындардың  құндық
бағалануы болып табылады.
Өнімнің  өзіндік  құны    экономикалық  категория  ретінде  кəсіпорын
қызметінің  маңызды  сапалық  көрсеткіштерінің  бірі  болып  табылады. Аталған
көрсеткіштер, кəсіпорын  құзырындағы  қорларды  пайдаланудың  тиімділігін
көрсетеді.
Өзіндік  құн    экономикалық  категория  ретінде  кəсіпорын  қызметінде
бірқатар маңызды қызмет атқарады. Олардың негізгілері:
  жұмыстардың (қызметтердің) жеке  түрлерінің  сметалық  құны  мен
геологиялық  тапсырманың  жалпы  құнын (бағасын) анықтау, себебі  өзіндік  құн
сметалық құнның негізі болып табылады;
  өндірістің  геологиялық  барлау  жұмыстарын  орындаудағы  шығындарын
есепке алу жəне бақылау;
  геологиялық  барлау  жұмыстарын  өткізу  техникасын, технологиясы  мен
əдістемесін таңдау;
 
кəсіпорын 
қызметінің 
бөлек 
кезеңдегі 
жəне 
нормативпен
салыстырғандағы экономикалық нəтижелерін анықтау;
 басқарушылық шешімдерді экономикалық тұрғыдан негіздеу.
Өзіндік  құн    күрделі, кешенді  экономикалық  категория. Оның  ішкі
мазмұны, тек  ғылыми-техникалық  ілгерілеудің, ұйымдастыру  қағидалары  мен
өндірістік  үдерістерді  басқарудың  əсерінен  ған  емес, мемлекеттік  реттеу
нəтижесінде де өзгеріп отырады.
Өзіндік құнға енгізілетін шығындарды нормативтікк құжаттармен реттеудің
қажеттілігі, өзіндік  құн  құрамына  қатысты  қалыптасқан  бірыңғай  көзқарас
негізінде,  кəсіпорындар бірыңғай салық ортасында қалуымен шартталады.
Қазіргі кезде Қазқстаеда ол қалыптасқан шығын құрамы туралы ережеге
сəйкес, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына енгізіледі:
 өндірісті дайындау мен меңгеруге жұмсалатын шығындар;
 өндіріс 
технологиясы мен ұйымдастырылуымен шартталған, өнім (жұмыс, қызмет)
өндірісімен тікелей байланысты шығындар;
 еңбекақы шығындары;
 табиғи шикізатты пайдалану бойынша шығындар;
  өнімнің  сапасын, беріктілігі  мен  төзімділігін  арттыруға, өндіріс
технологиясы  мен  ұйымдастырылуын  жетілдіруге  бағытталған  капиталдық  емес
сипаттағы шығындар;


162
  өнертапқыштықпен, рационализаторлықпен, техникалық  жаңалықтарға
байланысты шығындар;
 өндірістік үдерісті жүргізуге, яғни, өндірісті шикізатпен, материалдармен,
отынмен, құрал-саймандармен, құрылғылармен, т.б. қамтамасыз  етуге, негізгі
өндірістік  қорларды  жұмыс  күйінде  сақтап  тұруға, санитарлық-гигиеналық
талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар;
  еңбек  пен  қауіпсіздік  техникасының  қалыпты  жағдайларын  қамтамасыз
ету бойынша шығындар;
  өндірісті  басқаруга  байланысты  шығындар: басқару  аппараты
қызметкерлерін қамтамасыз ету, олардың қызметін материалдық-техникалық жəне
көлікпен  қамсыздандыру, іссапарларға  бөлінетін  шығындар, консультациялық,
ақпараттық, аудиторлық қызметтерді төлеу, өкілділік шығындары, т.б.;
  табиғат  қорғау  нысандарын  жабдықтау  мен  пайдалану  бойынша
шығындар жəне ағымдағы табиғат қорғау шығындарының басқа түрлері;
 кадрларды дайындау жəне қайта дайындауға байланысты шығындар;
  мемлекеттік  əлеуметтік  сақтандыру  мен  зейнеткерлік  қамсыздандыруға,
міндетті  медициналық  сақтандыруға, РФ  халқын  жұмыспен  қамтамасыз  етудің
Мемлекеттік қорына төлемдер;
 банктердің қысқа мерзімді несиелері бойынша төлемдер жəне белгіленген
мөлшерлеме шегінде коммерциялық несие;
 негізгі  өндірістік  қорлар мен  материалдық емес активтердің тозуы жəне
белгіленген тəртіпке сəйкес шығындардың басқа да түрлері;
 кəсіпорын мүлік сақтандыру бойынша төлемдер;
 кепілді қызмет көрсету бойынша шығындар;
 ақаулар есебінен келетін шығындар;
 ішкі өндірістік себептер бойынша тұрып қалулардан келетін шығындар.
Бұрын  қолданыста  болған  шығындар  құрамы  туралы  Ережемен
салыстырғанда, ұсынылып  отырған  редакцияда  өзіндік  құнға  енгізілетін
шығындардың  тізімі  кеңейтілген. Мəселен, өзіндік  құнға  қазіргі  кезде  жарнама,
өкілділік  бойынша  шығындарды  жатқызады. Табиғи  қорларды  пайдалануға
байланысты  шығындар  мен  экологиялық  нормативтерді  бұзғаны  үшін, төлемдер
айтарлықтай ұлғайған. Өзіндік құн құрамына жер қойнауын пайдалану құқығына 
төлем, минералды-шикізат  базасын  жандандыруға  жұмсалатын  қаржылар, орман
күйіндегі  ағашқа (ағаштарды  кесіп алуға  төлем) төлем, ашық су  көздеріне төлем.
кіреді. Жоғарыда  келтірілген  төлемдер  жұмыс  өндіруге  қарастырылған  ағымдағы
шығындарды  əлдеқайда  көбейтеді. Əсіресе, өндірістік  үдеріс  тікелей  табиғи
ортамен жанасатын жерлерде.


163
11.2 Шығындарды топтастыру
Есептеу, талдау  жəне  жоспарлау  мақсатында, кəсіпорынның  барлық
шығындары  нақты, экономикалық  негізделген  белгілер  бойынша  топталады:
шығындардың  кононимикалық  біртектілігі, олардың  өндірістік  мақсатының
ортақтылығы, өнімді  өндіру  мен  өткізу  үдірісіндегі  рөлі, пайда  болу  орындары,
өндіріс көлемі, қалпына келу кезектілігі, құрамының біртектілігі (20-кесте).
Шығындардың  экономикалық  элементтері  бойынша  өзіндік  құны,
кəсіпорын  өнімінің (қызметінің, жұмысының) барлық  көлемін  өндіруге
жұмсалатын шығындарды  ескереді. Əрбір элемент  бойынша  жіктеу  барысындағы
шығындар пайдалану мақсаты мен пайда болу орнына қарамастан, олардың пайда
болу сипатына қарай топтастырылады.
Шығындарды  экономикалық  элементтер  бойынша  топтастыру,
кəсіпорынның  материалдық  жəне  ақшалай  қорларға  жалпы  қажеттілігін
анықтау үшін қажет; өзіндік құн бойынша жоспарды өндірістік бағдарламамен,
материалдық-техникалық  қамсыздандыру, еңбек  жəне  еңбекақы  бойынша
жоспарлармен  үйлестіру  үшін; баға  құрылымын  анықтау  жəне  өндіріс
шығындарын  төмендетудің  негізгі  бағыттарын  белгілеу  үшін. Бұл  жіктеме
барлық  салалар, кəсіпорын  ауқымдары, олардың  меншік  түрлері  үшін
«толассыз» болып табылады. Сондықтан, шығын элементтері бойынша жіктеме
(21-кесте) барлық  деңгейлердегі  мемлекеттік  басқарушылық  құрылымдарға
қызықты болып табылады.
Материалдық  шығындар  элементінде  өндірілетін, өнім (жұмыс,
қызмет) құрамына  енетін  немесе  техникалық  үдерістің  қалыпты  барысын
қамтамасыз  ететін  сырттан  алынатын  шикізат  пен  материалдардың  құны
көрсетіледі: табиғи  шикізат, оған  қоса  минералды-шикізат  базасын
жандандыруға  бөлінетін  қаржылар; сырттан  алынатын  отын  мен  қуаттың
барлық түрлері; жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, аспаптар,
құрылғылар, құрал-саймандар; бөгде  ұйымдармен  орындалатын  өндірістік
сипаттағы жұмыстар мен қызметтер.
Еңбекақы  шығындарының  құрамына    өндірістік  қызметкерлердің
еңбекақыларын төлеуге жұмсалатын шығындар, оның ішінде жұмысшылар мен
қызметкерлерге  сыйлықтар, тұрақтандырғыш  жəне  өтемақы  төлемдер, (оған
қоса, бағалардың  көтерілуі  мен  табысты  индексациялауға  байланысты
төлемдер), сондай-ақ  кəсіпорын  штатында  тіркелмеген, негізгі  қызметпен
айналысатын қызметкерлердің еңбекақысына бөлінетін шығындар.
Əлеуметтік  қажеттіліктерге  бөлінетін  қаржылар  элементінде, ҚР
заңнамасымен белгіленген нормалар бойынша міндетті төлемдер көрсетіледі.
Кəсіпорынның  негізгі  қорларының  амортизациясы  элементінде,
негізгі  қорларды, оның  ішінде  жалға  алынғандарын  да, баланстық  құны  мен
белгіленген  нормаларды  негізге  ала  отырып, қалпына  келтіруге  бөлінетін
амортизациялық қаржылардың көлемін білдіреді.
20-кесте


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау