Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет62/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85

177
аралықтарының, 1 м  қазбаның  бағасын  есептеу  барысында  қабылданған
жобалық  мəндерге  сəйкес  келмеуі. Басқа  бір  мысал  ретінде, жыныстардың
сызаттылығы, олардың  тұрақтылығы, жобаның  геологиялық-əдістемелік
бөлімінде  қарастырылғанмен  салыстырғанда, көбірек  болуы, т.б. Нысанның
зерттелуі  кем  болған  сайын, жұмыстардың  нақты  жағдайларының  жобалық
жағдайымен сəйкес келмеу мүмкіндігі көбірек болады. Мұндай сəйкессіздіктер
сметалық  бағаның +10%-дан  артық  өзгеруіне  əкелетін  болса, жұмыстардың
жеке  түрлері  бойынша  сметалық  бағаларды  индесациялау  орынды  болып
саналады.
Пайдадан  төленетін  бірінші  кезектегі  төлем, салық  болып  табылады.
Кəсіпорынның  бүкіл  пайда  сомасынан  төлейтін  салықтарының  көлемі, ҚР
заңнамасымен  белгіленеді. Бірқатар  жағдайларда  кəсіпорынның  пайдасына,
салық  салынуға  қатысты  жеңілдіктері  болуы  мүмкін. Мұндай  жеңілдіктер
болған  жағдайда, пайдаға  салық  салыну    баланстық  пайданың  бүкіл
сомасынан емес, жеңілдіктерін алып тастаған сомадан жасалады:
П (салық салынатын) = П (баланстық) – С (жеңілдіктер сомасы).
Барлық  салықтар  төленгеннен  кейін, кəсіпорында  таза  пайда  немесе
есептік пайда қалады:
  П (таза) = П (баланстық) – Н,
мұндағы Н – пайдадан төленетін салық төлемдерінің сомасы.
Кəсіпорын  құзырында  қалған  табысты  кəсіпорынның  өзі, қорлар
бойынша бөледі (17-сурет).
Əлеуметтік  сала  қоры    кəсіпорынның  еңбек  ұжымдары  дамуының
əлеуметтік  мəселелерін  жоспарлы  немесе  бір  жолғы  шешуіне  бөлетін
қаражаттар. Бұл кəсіпорын  қызметкерлері  үшін  тұрғын үй сатып  алуда  көмек,
бір жолғы материалдық көмек, емделу, оқу, демалыс ақысын төлеу.
Жинақтау  қоры    кəсіпорынның  нарықтық  экономикадағы  тұрақты
жағдайының маңызды элементі. Бұл қорға табыстан басқа, амортизациялық қор
құралдары  да  бағытталады. Жинақтау  қорының  қаражаттарын  пайдаланудағы
негізгі  мақсат    кəсіпорынның  материалдық-техникалық  базасын  тұрақты
жаңарту, модернизациялау, қайта  құру, ал  қажет  болған  жағдайда, кеңейту
болып саналады.


178
17-сурет. Ұйымдар пайдасын акционерлік қоғамдар үшін бөлу
Осы  қордың  қаражаттары, сондай-ақ  кəсіпорын  жұмыстарын  өткізуде
пайдаланылуы  мүмкін. Ұйымның  өзі  мунда  тапсырыс  беруші  ретінде  болады.
Мұндай  жұмыстар, əдетте  жоғары  экономикалық  болашағы  бар  нысандарда
қойылады. Мұндай  нысандардағы  нəтижелер  ұйымға  экономикалық, əрі
зияткерлік тұрғыда елеулі табыс əкелуі мүмкін. Бұл ақпаратты иелену құқығы,
лицензия  алу  барысында  басымдылықтар, тапсырыс  берушілерді  тарту,
кəсіпорынның аймақтық жəне салалық аумақтағы беделін арттыру.
Егер  қ  ұйым  өзінің  ұйымдастыру-құқықтық  нысаны  бойынша
акционерлік қоғам болып есептелсе, онда акционерлерге табыстан дивидендтер
төленіп  отыруы  тиіс. Бұл  үшін  арнайы  қор  құрылады. Дивидендтердің  көлемі
мен  төлену  мерзімдері  кəсіпорын  акционерлерінің  жалпы  жиналысында
анықталады. Жиналыс қандай да бір кезең үшін дивидендтердің төленуі туралы
шешім  қабылдайды. Бұл  жағдайда, акционерлік  қоғамда  таза  пайда  тек  екі
қорға ғана емес, дивидендтер төлеуге де бөлінетін болады.
23-кестеден  көрініп  тұрғандай, ұйымдар  пайдасының  негізгі  сомалары
салық төлеуге жұмсалады, бұл 50%-дан асады. Қалған соманың (таза пайданың)
көп  бөлігі, өндірісті  дамытуға  жіберіледі. Пайданың  нақты  бөлінуі, кəсіпорын
мен оның ұжымының ағымдағы мəселелеріне байланысты. Ол уақыт бойынша
да, ұйымдар бойынша да əр түрлі болуы мүмкін.
23-кесте
Баланстық пайда (жалпы)
Салықтар
Таза пайда (есептік)
Акциялар бойынша дивиденттер
Жинақтау қоры
Тұтыну қоры жəне əлеуметтік
сала қоры


179
Кəсіпорындарындағы пайданың бөлінуі мысалы, мың теңге
Көрсеткіштер
Нақты жыл
бойына
Нəтиже
 %
Таза табыс
%
1 . Жыл бойына пайда сомасы
5685
100, 0
2. Салық салыну бойынша жеңілдіктер
730
12,8
3. Пайдадан алынатын салық төлемдерінің
    Сомасы
2880
50,7
4. Таза пайда
2805
49,3
100,0
   оның ішінде:
əлеуметтік сала қоры
665
11,6
23,7
тұтыну қоры
340
6,0
12,1
жинақтау қоры
1630
28,7
58,1
Резерв
170
3,0
6,1
Пайда  сомасы  бойынша, кəсіпорын  қызметінің  экономикалық
тиімділігін  салыстыру  өте  қиын. Бұл  мақсатта  тиімділік  көрсеткіштерін
пайдаланған  дұрыс. Тиімділік  көрсеткіштерін  есептеу  кезеңі  жыл  бойына
неғұрлым  тиімді  болады. Себебі, өткізу  ерекшеліктеріне  байланысты,
геологиялық  барлау  жұмыстарын  жүргізудегі  қалыпсыздықты  жояды.
Дегенмен,  ішкі  талдау  жүргізугетиімділікті  тоқсан  үшін  де,  бір  ай  үшін  де
есептеуге болады.
Тиімділік  көрсеткіші    салыстырмалы  шама  болып  табылады. Бұл
көрсеткішті пайызбен көрсетсек тиімділік нормасын алатын боламыз:
НR
К
 = (П/К)100%; НR
т
 = (П/В)100%; НR
ө
 = (П/С)100%;
мұндағы НR
К
– капиталға қатысты тиімділік нормасы, %; НR
т
– түсімге қатысты
тиімділік  нормасы, %; НR
C
 – өзіндік  құнға  қатысты  тиімділік  нормасы; П  —
табыс, тенге; К  капитал, теңге; В  түсім, теңге; С  өзіндік құн, теңге.
Өзіндік құнға қатысты  тиімділік  көрсеткіші жалпы табыс  үшін 20%, ал
таза  табыс  үшін 12%-дан  кем  болмаcа  жеткілікті. Бұл  жағдайда  геологиялық
ұйымдар  өз  ұжымдарының  да, өз  өндірістерінің  де  дамуына  қатысты
міндеттерді  өз  бетімен  шеше  алатын  болады. Тиімділік  көрсеткіштері,
геологиялық  барлау  ұйымдары  қызметтерінің  аса  маңызды  сипаттамалары
болып  саналады. Осы  көрсеткіштер  бойынша  өндіріс  тиімділігін  бағалауды
бөгде  тұлғалар  да, кəсіпорынның  өзіндегі  басқару  құрылымдары  да  өткізе
алады. Тиімділік  көрсеткіштері, сыртқы  инвесторлардың  немесе  несие
берушілердің  кəсіпорынмен  өзара  тиімді  қаржы  қатынастары  туралы  шешім
қабылдауы барысында тікелей ықпал етеді.
Бақылау сұрақтары.
1. Кəсіпорындарында пайда қалай қалыптасады?
2. Кəсіпорындарының пайдасы қалай бөлінеді?
3. Тиімділік деген не, тиімділік көрсеткішін қалай санауға болады?


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау