Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет51/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85

147
геологиялық  барлау  жұмыстарының  ақшалай  түріндегі  көлемі  бойынша
есептелген  еңбек  өндірісділігі  бойынша, жоспарлы  тапсырмалармен
шартталады; ал  жалпы  санды  санаттар  бойынша  бөлуді, бір  топ
қызметкерлерін, екінші  топ  есебінен  ұлғайтуды  кəсіпорын  қызметкерлер
санының, басқарылудың, типтік штаттардың мөлшерлемелерін басшылыққа ала
отырып, өз қалауымен жүргізе алады.
Еңбек  өндірісділігінің  жоспарланатын  деңгейін  есептеу  барысында,
жеке  санаттардағы  қызметкерлердің  жұмыс  уақытын  пайдаланулары  мұқият
талданады. Жұмыс  уақыты  шығындарының  себептері  зерттеледі, сол
шығындарды  болдырмау  жəне  еңбектің  ұйымдастырылуын  жетілдіру  жөнінде
іс-шаралар белгіленеді.
Қызметкерлердің  тізімдегі  орташа  жылдық  саны (N
т),
  мына  формула
бойынша анықталады:
)
100
1
(
өнд
ож
т
К
П
Q
N
+
=
;
мұндағы Q  –  геологиялық  барлау  жұмыстарының  ақшалай  жылдық  көлемі,
теңге; П
ож
 – бір жұмысшының есепті кезеңдегі орташа жылдық өндірісі, теңге;
К
өнд
 — жоспарлы кезеңде еңбек өндірісділігін арттыру бойынша тапсырма, %.
Қызметкерлердің  жоспарлы  кезеңге белгіленген  саны  қолда бар  саннан
асып  түсуі  мүмкін, Осыған  байланысты  кадрларға  қатысты  қосымша
қажеттілікті  анықтап, оны  қанағаттандыру  жолдарын  қарастыру  қажет.
Кадрларға  қажеттілік    қызметкерлердің  мамандығы  мен  біліктілігін  ескере
отырып, қызметкерлер құрамының əрбір санаты бойынша бөлек есептелуі тиіс.
Қосымша  қажеттілікті  есептеу  барысында  жоспарлы  кезеңде  зейнеткерлікке
шығу, əскери  қызметке  шақырылу, оқу  орнына  түсу, басқа  кəсіпорындарға
ауысу, т.б. байланысты болатын ықтимал шығын ескеріледі.
Қызметкерлер  санына  қатысты  жоспарды  əзірлеу  барысында, еңбек
күшінің  тұрақсыздығы (ауысуы) себептерін  талдап, оны  жою  жөнінде  іс-
шараларды  белгілеу  қажет. Жұмысшылардың  тұрақсыздығының  негізгі
себептері  ретінде    ауыр  жұмыстарды  механикаландырудың  жеткіліксіз
деңгейі, еңбекті  тарификациялау  мен  еңбекақы  төлеуді  ұйымдастырудағы
кемшіліктер, партияларда (экспедицияларда) дұрыс  тұрғын  үй-тұрмыстық
жағдайлардың, балалар мекемелерінің болмауы. Сонымен бірге жұмысшыларға
мəдени  қызмет  көрсету  деңгейінің  төмендігі  жұмысшы  кадрларды  оқыту  мен
біліктілігін 
арттыру 
жүйесіндегі 
кемшіліктер, геологиялық 
барлау
жұмыстарының  мезгілділігі  болып  саналады. Еңбек  күшінің  тұрақсыздығы,
геологиялық  тапсырмаларды  орындауға  кері  əсерін  тигізеді. Геологиялық
барлау  жұмыстарының  сапасын  төмендетеді  жəне  олардың  өндірісін
қымбаттатады. Еңбектің  жоғары  техникалық  жабдықталуы  барысында
кадрлардың тұрақты болуы, геологиялық барлау жұмыстарының экономикалық
тиімділігін арттырудың қажетті талаптарының бірі болып табылады.


148
Кадрларға  қосымша  қажеттілікті  анықтап  алғаннан  кейін, оны
қанағаттандырудың  көздері  белгіленіп, геологиялық  ұйымдарда  еңбек
етушілердің  біліктілігін  арттыру  жоспары  əзірленеді. Еңбек  қорларымен
қамсыздандырылуды жəне оларды пайдалануды сипаттауға мына көрсеткіштер
жүйесін  қолданады: қызметкерлер  құрамының  саны  мен  оның  топ, санат,
мамандық  жəне  біліктілік  бойынша  құрамы; еңбек  күшінің  айналымы;
кадрлардың  тұрақсыздығы; жұмыс  уақытын  пайдалану, толық  күндік  жəне
кезекішілік  уақыт  шығындарының  көлемдері  жəне  олардың  себептеріне  қарай
құрылымдары; бір  жұмыс  жасаушының  орташа  өндірісділігі  жəне  бір
жұмысшының  белгілі  мерзімдік  кезең (жыл, ай, күн, сағат) ішіндегі
өндірісділігі; кесімді-жұмысшылардың  өндіру  мөлшерін  орындауның  орташа
пайызы жəне  оларды өндіру мөлшерін орындау дəрежесіне қарай бөлу; негізгі
жəне көмекші өндіріс пен геологиялық барлау жұмыстарының жеке түрлерінің
(өнімнің) еңбек сыйымдылығы.
9.2 Жұмыстарындағы еңбек өндірісділігі
Еңбек  өндірісділігі    материалдық  өндірістегі  еңбек  шығындарының
тиімділігін  сипаттайды  жəне  жұмыс  уақыты  бірлігінде  өндірілетін  өнім
(жұмыс) мөлшері немесе өнім (жұмыс) бірлігіне кететін еңбек шығындарымен
анықталады. Жеке  еңбек  өндірісділігін  жəне  қоғамдық  еңбек  өндірісділігін
ажыратады.
Жеке  еңбек  өндірісділігі, жұмыс  уақыты  бірлігінде  жасалатын  нақты
өнімнің (жұмыстың) мөлшерімен немесе сол өндірістегі өнім (жұмыс) бірлігін
шығаруға кететін адам еңбегінің шығындарымен өлшенеді.
Еңбек  өндірісділігін  өлшеу  көрсеткіштері  мен  əдістері.  Еңбек
өндірісділігі  өндірістің  түрлі  деңгейлерінде – жұмыс  орнында, кəсіпорында,
салада, материалдық  өндіріс  салалары  бойынша  жоспарланып, ескеріледі.
Осыған орай, мыналарды ажырата білу қажет:
  жеке  еңбек  өндірісділігін, яғни  жеке  қызметкердің  еңбек
өндірісділігін;
  жеке  кəсіпорындағы  еңбек  өндірісділігін (геологиялық  барлау
партиялары, экспедициялары, кеніш, байыту фабрикасы, т.б.);
  жалпы  сала  бойынша  жəне  республика  мен  экономикалық  аудандар
үшін аумақтық кесіндіде есептелетін салалық еңбек өндірісділігін;
  материалдық  өндірістің  ірі  салаларындағы    өнеркəсіпте, ауыл.
Шаруашылығында, көлік пен құрылыстағы еңбек өндірісділігін.
Өндірістік  қызмет  көлемі  мен  өнімнің  шығарылуы  табиғи, шартты-
табиғи, еңбек  жəне  баға  көрсеткіштерімен  берілуі  мүмкін. Еңбек
шығындарында  барлық  еңбек  етушілердің (өндірістік  қызметкерлер
құрамының) немесе  барлық  жұмысшылардың  жұмсаған  уақыты  ескеріледі.
Еңбек  өндірісділігін  анықтау  барысындағы  жұмыс  уақытының  бірлігі  ретінде
жыл, тоқсан, ай, кезек, сағат алынуы мүмкін. Адам  сағатқа шаққандағы еңбек
өндірісділігін анықтау, неғұрлым дəл нəтижелер береді.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау