112
І. Қатыстылығына қарай:
жеке НӨҚ;
жалға алынған НӨҚ.
П. Мақсатына қарай:
өндірістік;
өндірістік емес;
басқа салалардың қорлары.
Геологиялық барлау ұйымдарындағы негізгі қорлардың қомақты бөлігін
негізгі өндірістік емес қорлар құрайды. Олардың қатарына тұрғын үй қоры,
əлеуметтік-мəдени мақсаттағы нысаналар, мектепке дейінгі мекемелер,
мектептер, т.б. жатады.
ІІІ. Қолданылуына қарай:
жұмыс жасайтын, жұмыс жасамайтын (жұмыс орындарында
болатын, бірақ өндіріске қатыстырылмайтын);
артық қордағылар;
консервацияланған;
жалға берілген.
Геологиялық барлау ұйымдарында, басқа өндірістерге қарағанда, НӨҚ
қолданылуы мүлдем өзгеше. Мерзімді жұмыстар, еңбек құралдарының өндіріс
барысында технологиялық жағдайлар бойынша бос болатын біршама уақытты
алдын ала болжайды. Сонымен қатар, жабдықтардың тез көнеруі, олардың
түрлі жөндеу жұмыстарына негізгі қаражаттардың
неғұрлым жиі бөлінуін талап
етеді. Бұл олардың өндірістік жүктемесін объективті түрде қысқартып,
жабдықтардың бос тұратын уақытын ұлғайтады.
Геологиялық ұйымдарда, əсіресе шалғай, қатынау қиын аудандарда
біршама артық жабдық қорын сақтау қажет. Бірқатар аудандарда артық
жабдықтар өндірістік қажеттіліктердің 15-20%-ын құрайды. Бұл көлікпен
қамсыздандырудың тіпті аса ауыр жағдайларында да геологиялық
тапсырманың орындалуын тоқтатпай, барлық қажет геологиялық ақпараттын
толығымен алынуын қамтамасыз етеді. Жұмыстың тоқтатылуы кəсіпорынды
артық
жабдық ұстауға қарағанда, он есе артық шығынға ұшыратады.
Геологиялық ұйымдар үшін «консервацияланған негізгі қорлар» ұғымы
аса өзектімəселе. Консервацияланған негізгі өндірістік қорлар қатарына бүгінде
қолданылуы экономикалық тұрғыдан тиімсіз болатын түрлері жатады.
Консервацияланған негізгі қорлардың құны, кəсіпорын мүлігінің құнынан
шегеріліп оған салық салынбайды. Қорларды консервациялау тек кейбір ғана
жағдайларда үкімет, жергілікті басқару органдарының шешімі бойынша, ал
1998 жылдан бастап кəсіпорын басшылығының шешімі бойынша өткізіледі.
Соңғы аталған жағдайда, нақты бір кезең бойына қолданылуы, техникалық
тұрғыдан мүмкін болмайтын негізгі қорлар консервациялануына болады.
Мысалы, дүкенде жөндеу жұмыстарын өткізген жағдайда, мұздатқыш
камералар, кассалық аппараттар, т.б. конверцияланады. Геологиялық
ұйымдарда консервацияланған негізгі қорлар қатарына дебеттік ұңғымалар,
тау-кен қазбалары, өндіруші кəсіпорындардың балансына өткізілмеген
113
құрылыстар жатқызылады. Бұл қорлар əсіресе мұнайгазбарлау ұйымдарының
қомақты бөлігін құрайды. 1998 жылдың аяғына қарай геологиялық барлаудағы
консервацияланған қорлардың құны орташа жылдық бағасының 10%-ын
құраған.
IV. Өндірістік функциялар бойынша:
Бұл жіктеме өндірістік қызметтің барлық түрлеріне толассыз болып
саналады жəне оның оншақты позициясы бар, ал өнеркəсіп үшін – тек 8. Əрбір
сала тек қабылданған топтар шегінде ғана өз НӨҚ жіктемесін қабылдайды.
Төменде өндірістің бірқатар салаларының жіктемесі мен НӨҚ құрылымы
келтірілген (7-кесте).
7-кесте
Негізгі қорлар құрылымы
Негізгі қорлар топтары
Өнеркəсіп
Өнеркəсіптің
тау-кен-
өндіруші салалары
Геологиялық
барлау салалары
Ғимараттар
29,0
8-10
32
Құрылыстар
18,0
4,0-70
28
Таратқыш құрылғылар 11,0
2,0-10,0
0,1
Күшті машиналар
8,0
7,0
Жұмыс
машиналары
26-27
20-30
26
Өлшеу аспаптары
1,0-2,0
0,5-8,0
1,5
Көлік
құралдары
2,0
2,0-5,0
5,3
Құрал, жабдықтар
2,0
0,5-0,3
4,2
НӨҚ жалпы құнындағы жеке топтардың үлесі НӨҚ құрылымы деп
аталады. Геологиялық барлаудағы негізгі өндірістік қорлардың құрылымы
басқа салалардағы өндірістік қорлардың құрылымынан ерекшеленеді. Сонымен
қатар, орындалатын геологиялық барлау жұмыстарының жылдамдылығы мен
байланысты, сол ұйымдардағы негізгі қорлардың құрылымы да өзгеруі мүмкін.
Геологиялық барлаудағы басқа салалардың қорларына, негізінен,
өндіруші кəсіпорын балансына өткізілгенге дейін, геологиялық барлау
ұйымдарында
есепте
болатын
мұнай
жəне
газ
өнеркəсіптерінің
консервацияланған қорлары жатады. Сондай-ақ бұл топқа сауда ұйымдары,
денсаулық сақтау, білім беру қорлары да жатуы мүмкін. Əдетте, қорлардың бұл
түрлері шалғай, игерілмеген аудандарда орналасқан геологиялық ұйымдарда
болады.
Уақыт өткен сайын, НӨҚ жіктемесі өзгеріп, ғылыми-техникалық
үдерістің дамуын көрсетеді.
Барлық НӨҚ өндіріс барысына əрқилы қатысады. Біреулері тікелей өнім
көлемі мен сапасына, қызметкерлер еңбегінің өнімділігіне əсер етеді. Ал
басқалары, тек өндірістік үдерістің қалыпты барысын жанама түрде
қамтамасыз
етеді. Бірінші бөлікке машиналар, жабдықтар, аспаптар, екіншісіне –
114
ғимараттар, құрылыстар жатады. Өндірістік үдерістің барысы мен
нəтижелеріне, негізінен өнім көлемі мен сапасына, еңбек өнімділігінің
деңгейіне тікелей əсер ететін НӨҚ бөлігі «НӨҚ актив бөлігі» деп аталады. Ал
өнім шығарумен тікелей байланысы жоқ, оған тек жанама түрде қатысатын
НӨҚ бөлігін, «НӨҚ пассив бөлігі» деп атайды. Дегенмен, түрлі салаларда НӨҚ
актив жəне пассив бөліктеріне əр түрлі еңбек құралдары, жатқызылуы мүмкін.
Мəселен, геологиялық барлау кəсіпорындарындағы көлік құралдары актив
бөлігі болады. Себебі, көлік құралдарының түріне орындалатын ГБЖ көлемі
соған байланысты болады. Геологиялық барлаудағы құрылыстар мен таратқыш
құрылғылар пассив бөлікке, ал мұнай мен газөндіруші ұйымдарда – актив
бөлікке жатады.
НӨҚ актив бөлігінің үлесі жоғары болған сайын, қандай да басқа тең
жағдай барысында, кəсіпорын НӨҚ пайдаланудың жақсы көрсеткіштер мен
неғұрлым жоғары экономикалық нəтижелерін көрсетеді.
7.2. НӨҚ есептеу жəне бағалау
Барлық НӨҚ табиғи жəне бағамдық көрсеткіштерде ескеріледі. НӨҚ
табиғи көрсеткіш түрінде есептеу кəсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін,
қолданыстағы машиналардың, механизмдердің, аспаптар мен басқа да НӨҚ
түрлерінің ғылыми-техникалық ілгерілеудің бүгінгі деңгейіне сай болуын
анықтау үшін қажет.
Табиғи көрсеткіштермен берілген негізгі қорлардың болуы, геологиялық
тапсырманы орындауға қажет техника бірліктерін енгізуді жоспарлауға
мүмкіндік береді. СБА-500 бұрғылау станогының болуы, 700 м тереңдіктегі
ұңғымаларды бұрғылауды қамтамасыз ете алмайды. Түрлі диаметрмен
бұрғыланатын ұңғымаларда геофизикалық зерттеулер өткізу үшін, əр түрлі
геофизикалық жабдықтар қажет. Бірақ, олардың ақырғы нəтижесі, бəрібір
бірдей болады. Кəсіпорында НӨҚ табиғи есепке алынуы, тек өндірістік
мүмкіндіктерді анықтап қана қоймай, өндірістік бағдарлама талап еткен
жағдайда, жаңа еңбек құралдарын сатып алуға да негіз болады.
Ақшалай есептеу табиғи
есептеумен тығыз байланысты, ол нақты қолда
бар НӨҚ негізінде анықталады. НӨҚ бағамдық бағалауы амортизация, салық
төлеу, шығындарды есептеу, орындалатын жұмыстардың өзіндік құнын
қалыптастыру, капиталдық салымдарды жоспарлау үшін қажет. Сонымен қатар,
НӨҚ құндық бағалауы мүлдем бөлек өндірістік кəсіпорындардың
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауға жəне еңбек құралдары
бағасының аймақ, сала жəне жалпы ел бойынша көрсеткіштерін жалпылауға
мүмкіндік береді.
Негізгі қорларды ақшалай бағалаудың бірнеше əдісі бар:
1) Бастапқы құны бойынша бағалау, НӨҚ сатып алынған бағамен
өткізіледі. Сатып алу бағасына НӨҚ жеткізіліміне (тасымалдау), монтаж жəне
қондыруға кеткен шығындар қосылады. Техникамен жабдықтаушыдан түрлі
қашықтықта орналасқан немесе НӨҚ өндірісінің түрлі жағдайында болған