Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет91/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   168

284

жылудың жоғалуы үшін жағдайды онан əрі неғұрлым жеңілдететін 

«ядро-тері» мен «тері-қоршаған орта» температуралық градиенттері 

артады.  Жоғары  ауа  температурасы  кезінде  оның  қосымша 

қозғалыстары  жұмыс  гипертермиясын  қалыпты  етеді.  Ауаның 

күшейген конвекциясы арқасында велосипед тепкен кезде жүгіруге 

қарағанда орташа тері температурасы айтарлықтай төмен, ал жылу 

шығару жоғары болады. 



Тер түзілуі жəне тер бөлінуі. Адамда жылу шығару, ең бастысы 

тыныс алу жиілеуі жолымен емес, тер бөліну есебінен жүреді. Тер 

бөліну жолымен булану энергияның көп шығындалуымен байланыс-

ты  емес.  Дегенмен,  ұзақ  көп  тер  бөліну  сусыздануға  (кеберсінуге) 

жəне тұздардың жоғалуына əкеліп, электролиттер балансын бұзады. 

Баланстың қалпына келтірілуіне тұз жəне микроэлементтерді пайда-

лану қажет етіледі.

Адам  терісінде  қызметі  симпатикалық  жүйке  жүйесімен 

реттелетін 2 млн  астам  тер  бездері  бар.  Олар  терінің  жергілікті 

температурасына  да  жəне  ми  орталықтары  облыстары  темпера-

турасына  да  сезімтал  келеді.  Тер  бөліну  ішкі  жəне  перифериялық 

температуралардың жоғарылауы кезінде максималды болады.

Тер түзілуі жəне тер бөлінуі жылдамдығы көптеген факторларға 

байланысты.  Олардың  ішінде  ең  бастылары  энергия  өндірілу 

жылдамдығы  мен  қоршаған  ортаның  физикалық  жағдайлары  (ауа 

температурасы  мен  ылғалдылығы)  болып  табылады.  Егер  сол 

бір  дене  жүктемесі  түрліше  сыртқы  температура  (өте  төмен  жəне 

өте  жоғары  температураны  есептемегенде)  кезінде  орындалса, 

дененің  ішкі  температурасы  бірдей  болып  тұрады,  ал  тер  бөліну 

орташа  тері  температурасының  сызықтық  қызметі  ретінде  артады. 

Керісінше, тұрақты сыртқы температура кезінде орташа тері темпе-

ратурасы тұрақты, ал тер бөліну жылдамдығы өз кезегінде жүктеме 

қуаттылығы  қызметі  болып  табылатын  дененің  ішкі  температура-

сымен сызықтық байланысты болады. Сəйкесінше, неғұрлым орын-

далатын  жұмыс  қуаттылығы  көп  болса,  соғұрлым  сол  орташа  тері 

температурасы  кезінде  тер  бөліну  жылдамдығы  жоғары  болады. 

Сайып келгенде, тер бөліну жылдамдығы ішкі дене температурасы-

на сияқты жəне оның қабық температурасына тəуелді болады. 

Жоғары  ауа  ылғалдылығы  тіпті,  салыстырмалы  төмен  ауа  тем-

пературасы кезінде де тер булануын қиындатады: тиімді тер булану-

ынсыз тер түзілу күшейеді. Тыныштық күйде 43°С ауа температура-



285

сы кезінде егер ауа ылғалдылығы 30-дан 84%-ға дейін жоғарыласа, 

тер секрециясы 3 еседен көбірек артады. Ауыр емес жұмыс кезінде 

ауа  ылғалдылығының 30-дан 57%-ға  дейін  жоғарылауы  тер  түзілу 

жылдамдығын 2 есеге арттырады. 

Қарқынды  спорттық  əрекет  кезінде  тер  бөліну  жылдамдығы 

өте  жоғары  болады.  Мысалы,  ауа  ылғалдылығы  салыстырмалы  аз 

жағдайда  марафондық  жүгіру  кезінде  жаттыққан  спортшының  тер 

бөліну  жылдамдығы 20-25 мл/мин-қа (1200-1500 мл/сағ.)  жетеді. 

Басқа  осыған  ұқсас  жағдайларда  ауа  қозғалысы  жылдамдығының 

артуы  тер  бөліну  үдерісін  жылдамдатады.  Желсіз  ауа-райында  ауа 

ылғалдылығы  жоғары  кездерде  тер  булануы  баяулайды,  тер  түзілу 

жылдамдығы  төмендейді.  Бұл  дене  температурасының  қосымша 

көтерілуіне əкеледі. 

Ыстық  жағдайларда  болу  барысында  тер  түзілу  жылдамдығы 

біртіндеп төмендейді («қажу»). Бұл тіпті, судың жоғалуын толығы-

мен  ішілген  сумен  толықтарған  жағдайда  да  байқалады.  Ыстық 

құрғақ ауа кезіне қарағанда жоғары ауа ылғалдылығы жағдайларында 

тер  түзілу  жылдамдығының  төмендеуі  неғұрлым  айқын  көрінеді. 

Тер  түзілудің  мұндай  «қажу»  үдерісінің  табиғаты  əлі  ашылмаған. 

Егер адамның саунада (құрғақ ыстық ауа) қайталап болуынан кейін 

тер  түзілуінің  «қажуы»  жүрсе,  ал  бұлшық  ет  жұмысы  əлі  де  бол-

са, онда жеткілікті қарқынды тер бөлінуін тудыруға қабілетті келеді. 

Теріні дамыл-дамыл сүрту немесе ауа қозғалысы жылдамдығын ар-

тыра отырып, құрғату бұл жағдайларда тер бөліну үдерісін жылдам-

датады. 


Бірдей  дене  жүктемесі  мен  сыртқы  температура  кезінде  ер 

адамдарға қарағанда, əйелдерде тер бөліну азырақ болатынын атап 

өткен жөн. 

Су-тұз балансы. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы 

жағдайында  орындалған  бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  тер  бөліну 

күшеюінің ең ауыр салдарының бірі организмдегі су-тұз балансының 

бұзылуы болып табылады. Ол дененің суды тез жоғалтуымен, яғни 

жедел  дегидратациямен  (сусызданумен),  сонымен  қатар  дененің 

су  кеңістіктерінде  бірнеше  электролиттер  (тұздар)  мөлшерінің 

өзгеруімен көрінеді.

Дегидратация  туындауының  əртүрлі  себептері  бар:  сыртқы 

ортаның  жоғары  температурасы  жағдайында  болу  (термиялық  де-

гидратация), ұзақ жəне қарқынды бұлшық ет жұмысы (жұмыс де-




286

гидратациясы) жəне бұл екі жағдайдың комбинациясы, яғни жоғары 

температура кезіндегі қарқынды бұлшық ет жұмысы (терможұмыс 

дегидратациясы). Дегидратацияның əртүрлі формалары организмнің 

түрлі жүйелері мен ұлпалары қызметінің біркелкі емес өзгерістерін 

тудырады. 

Жұмыс  дегидратациясы  кезінде  дене  жұмыс  қабілеттілігінің 

төмендеуі ерекше байқалады. Айтарлықтай жұмыс дегидратациясы 

əсіресе, жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында 

орындалған тек ұзақ (30 мин. аса) жəне жеткілікті қарқынды жаттығу 

(субмаксималды  аэробтық  қуаттылықты)  кезінде  дамиды.  Ауыр, 

бірақ қысқа мерзімдік жұмыс кезінде тіпті, жоғары ауа температура-

сы мен ылғалдылығы жағдайының өзінде соншалықты айтарлықтай 

дəрежеде дегидратация дамып үлгермейді.

Дене температурасын организм үшін жарамды мөлшерде ұстап 

тұру суды сақтауға қарағанда маңыздырақ. Күшті тер бөлінумен қатар 

жүретін ұзақ ауыр жұмыс кезінде денеде үлкен су тапшылығы туын-

дауы  мүмкін.  Мысалы,  марафоншылар  ыстық  жағдайларда  жарыс 

кезінде термен 6 л-ге дейін су жоғалтуы мүмкін. Тіпті, арақашықтық-

та  сұйықтық  қабылдау  арқылы  жоғалған  суды  толықтырып 

отырғанның өзінде, марафоншылар жалпы су мөлшерінің 13-14%-

ын жоғалта отырып, дене салмақтары орта есеппен 5%-ға, ал шекті 

жағдайларда 8%-ға  төмендейді.  Бұлшық  ет  жұмысы  нəтижесінде 

жалпы судың жоғалуын осы аралықта ішілген суды ескере отырып, 

дене салмағын жұмысқа дейін жəне одан кейін салыстыру арқылы 

оңай бағалауға болады. 

Судың  көп  мөлшерін  жоғалтқан  адам  ыстыққа  төзімсіз  келеді, 

оның жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Тіпті, суды жоғалтудан дене 

салмағының 1-2% азаюының өзі дене жұмыс қабілеттілігін (əсіресе, 

жаттықпаған  адамдарда)  төмендетеді.  Дегидратация  жағдайында 

организм дене температурасын нашар реттейді, сондықтан бірдей 

жүктеме кезінде қалыпты гидратация тəн тұлғаларға қарағанда, дене 

салмағын 3-4%-ын жоғалтқан сусызданған адамдардың дене темпе-

ратурасы жоғары болады (58-сурет).

Жұмыс кезінде неғұрлым дегидратация дəрежесі жоғары болса, 

соғұрлым дене температурасы жоғарырақ келеді. Дене салмағының 

3%-ы  жоғалуымен  жүретін  дегидратация  кезінде  тер  бездерінің 

белсенділігі төмендейді. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау