Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет88/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   168

275

суықтық дірілдеу). Автономды жылу реттеуші реакциялар сананың 

қатысуынсыз  жүзеге  асырылады  жəне  үлкен  ми  сыңарларын  алып 

тастаған жағдайларда да бұзылмайды. 

Сыртқы орта температурасы қаншама құбылмалы болса да (Жер-

де арктикалық қыс кезінде температура -50°С, кейбір шөлдерде жаз-

да +60°С-қа  дейін  болады)  адам  денесі  температурасы  өзгермейді. 

Дене  температурасының  мұндай  тұрақтылығы  жылу  пайда  болуы, 

оның сыртқа шығуы сияқты үдерістерге қатысатын бірқатар мүшелер 

мен  мүшелер  жүйелері  қызметінің  жүйке-қан  арқылы  реттелуіне 

байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нəзік, үйлесімді, 

сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі 

жылу реттеледі. Адам организмінде жылу өндіру мен оның сыртқа 

шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Мұнда энергия үнемі қандай да 

бір жұмысқа жұмсалады жəне жылу өндіру оның салдары (нақтырақ 

айтқанда оны қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың салдары) 

болып  табылады.  Тыныштық  күйде  адамда  жылудың 70%-ы  ішкі 

мүшелермен, ал 30%-ы бұлшық ет арқылы өндіріледі. Дене жұмысы 

(жаттықтыру) кезінде жылу түзілу бірнеше есеге артады жəне бұл 

үдерісте бұлшық ет жұмысының үлесі мол. Жылу өндіру ең бастысы 

бұлшық ет жұмысы қарқындылығына байланысты.

Адамның  қалыпты  тіршілік  əрекеті  белгілі  бір  бірнеше  гра-

дус  температура  диапазоны  аралығында  мүмкін  болады.  Дене 

температурасының 36°С-тан 

төмендеуі 

жəне 40-41°С-тан 

жоғарылауы  қауіпті  жəне  организм  үшін  ауыр  зардап  тарттырады. 

Көбіне, ұлпалардың тоңуы кезінде түзілген кристалдардың əсерінен 

нəзік  жасушалық  құрылымдардың  бұзылатыны  байқалған.  Темпе-

ратура 45°С-тан жоғары болғанда белоктар денатурациясы жүреді. 

Белоктар барлық реттеуші қызметтерге аса жауапты болғандықтан 

олардың  құрылымдық  жəне  функциялық  тұтастығының  өмірлік 

қажеттілігі  зор.  Температура  тірі  ұлпалардың  метаболизміне 

күшті ықпал етеді, өйткені биохимиялық реакциялар жылдамдығы 

қоршаған  орта  температурасына  байланысты  жəне  көбіне,  ол 

температураəр 10°С жоғарылаған сайын 2-3 есеге артады.

Жылу реттелу жылу түзілудің күшеюі (немесе əлсіреуі) есебінен 

немесе жылу шығару қарқындылығының өзгерісімен жүзеге асыры-

лады. Организмде жылу шығару сəуле шығару, жылу өткізу, судың 

булануы арқылы жүреді. 

Жылу  түзілуі  мен  оның  шығарылуы  арасындағы  қажетті  ба-



276

ланс  ОЖЖ  арқылы  сақталады.  Жəне  жылу  реттелу  үдерісінде 

ОЖЖ бақылауында болатын эндокриндік жүйе үлкен рөл атқарады. 

Мысалы,  қалқанша  безі  гормондары  зат  алмасу  қарқындылығын 

жоғарылатады, сəйкесінше, жылу түзілуді күшейтеді, ал бүйрек үсті 

безі гормондары тотығу үдерістерін күшейтеді, тері тамырларын та-

рылтады, жылу шығаруды төмендетеді.

Дене температурасы сыртқы орта жағдайымен қатар оның дене 

белсенділігі  күйіне  де  байланысты.  Тыныштық  күйде  дене  темпе-

ратурасы 37°С  жуық  болады,  дегенмен  тəулік  барысында  (ұйқы 

кезінде барынша төмендейді) өзгереді. Бұлшық ет жұмысы кезінде 

жылу  өндірудің  күшеюі  салдарынан  дене  температурасы  бірнеше 

градусқа жоғарылайды.

Температура  дененің  барлық  бөлімінде  бірдей  емес  жəне  ішкі 

температураның  таратылуы  түрлі  ұлпалардың  күрделі  қызметі  бо-

лып табылады, қан айналымы нəтижесінде жылудың тасымалдануы 

жəне  жергілікті  температуралық  градиенттерге  байланысты.  Егер 

бұлшық  ет  жұмысын  есептемесе,  метаболизмдік  жылу  өндірудің 

көп  бөлігі  ішкі  мүшелерде,  сонымен  қатар  мида  жүреді.  Дененің 

терең  аймақтарында  түзілген  жылу  немесе  ішкі  жылу  дененің 

беткейіне  өтуге  тиіс.  Перифериялық  (шеткі)  температура  дененің 

терең аймақтарынан тасымалданған жылумен жəне ауа температура-

сымен анықталады. Сəйкесінше, дене ішкі, салыстырмалы тұрақты 

температураға  жəне  организмнің  энергиялық  балансына  байланы-

сты  өте  құбылмалы  қабықшадан  тұратын  оқшаулайтын  қабатқа  ие 

деп есептеуге болады. Суық ортада периферияға қан келуі баяулай-

ды жəне бұл перифериялық температураның төмендеуін тудырады. 

Қоршаған  ортаның  жоғары  температурасы  кезінде  жылу  шығару 

қиындайды  жəне  ішкі  температура  дененің  барлығына  дерлік 

бөлімдеріне таратылуы мүмкін.

Қалыпта  (яғни  тепе-теңдік  жағдайында)  организмде  өндірілген 

жылу қоршаған кеңістікке дене беткейімен беріледі. 

Аяқ-қолда бойлай тігінен (осьтік) температуралық градиент, со-

нымен қатар радиалды (перпендикулярлық беткей) температуралық 

градиент  болады.  Дененің  геометриялық  формасының  дұрыс 

еместігіне  орай  дене  температурасының  кеңістіктік  таратылуы 

күрделі  үш  өлшемді  қызметпен  сипатталады.  Мысалы,  жеңіл 

киінген ересек адам ауа температурасы 20°С мекен жайда болғанда 

санның  терең  бұлшық  ет  бөлімінің  температурасы 35°С-қа,  бал-



277

тыр  бұлшық  ет  терең  қабаттары 33°С,  табан  орталығында  тек 27-

28°С-қа  жетсе,  ал  ректалды  температура  шамамен, 37°С-қа  тең 

(H. Hensel et al., 1973). Өзгермелі сыртқы орта жағдайларына дене 

температурасының  өзгерістері  айтарлықтай  жоғары  дəрежеде  дене 

беткейіне жақын жерлерде жəне аяқ, қол басында (акралды зоналар-

да) көрінеді.

56-суретте  көрсетілген  изотермалар  қоршаған  ортаның  төмен 

жəне  жоғары  температура  жағдайларындағы  адам  денесіндегі 

температуралық градиенттерді сипаттайды.

Ішкі  дене  температурасының  өзі  тұрақты  болып  табылмай-

ды.  Тіпті,  термобейтарап  жағдайларда  ішкі  аймақтарда  темпера-

тура  айырмашылығы 0,2-1,2°С,  мида  орталықтан  сыртқы  бөлімге 

дейін 1°С-тан  жоғары  радиалды  температуралық  градиент  бо-

лады.  Неғұрлым  жоғары  температура  тік  ішекте  байқалады (H. 

Hensel, 1981). Адам денесіндегі əртүрлі мүшелер мен олардың жеке 

бөліктерінің  температурасы  зат  алмасу  деңгейіне  байланысты  да 

өзгереді.  Мысалы,  бауырда 37,8-38°С,  тері  сыртында 29,5-33,9°С, 

қолтықта 36,0-36,9°С.



56-суретДене температурасы тұрақтылығына əкелетін жылудың келуі 

мен шығарылуын күшейтетін факторлар арасындағы тепе-теңдік. Егер 

бұл тепе-теңдік болмаса, дене температурасы өзгереді (В. М. Смирнов 

бойынша)



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау