Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет93/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   168

290

бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зəрмен 



натрий  иондарының  экскрециясы  кідіруін  қамтамасыз  етеді.  Бұл 

үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин 

белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.

Дене  жаттығуларының  алғашқы  минуттарында  плазма  көлемі 

дереу  азайып,  кейіннен  тердің  көп  бөлінуіне  қарамастан  төмендеу 

қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон-

центрациясы,  керісінше,  жаттығу  барысында  бір  қарқындылықпен 

жоғарылап отырады (59-сурет).

Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз 

жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі 

мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік 

береді, өйткені плазма көлемі жəне қалған жасушадан тыс сұйықтық 

олардағы натрий иондарының мөлшеріне пропорциялы болады. 

Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек 

вазоконстрикциясы  мен  жоғары  дене  температурасы  нəтижесінде 

зəрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін бола-

тын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.

59-сурет. Альдостерон концентрациясы мен плазма көлемінің 2 сағаттық 

циклдік жаттығулар кезіндегі өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері 

бойынша)



291

Қан  айналу  жүйесі.  Жоғары  ауа  температурасы  кезінде  (мы-

салы, күн ыстық күндері) дененің тікелей қызып кетуі жағдайында 

адамның  тыныштық  күйінде  тері  қан  айналысы  күшейеді  жəне 

ЖЖЖ  жоғарылауынан  жүректің  минуттық  қан  көлемі  артады. 

Мұнда систолалық көлем өзгеріссіз қалады. Жалпы перифериялық 

тамыр кедергісі жəне артериялық (систолалық) қысым төмендейді. 

Мəселен, құрғақ ыстық ауа болатын фин моншасына (саунаға) түсу 

шамамен,  жүректің  минуттық  қан  көлемінің 70%-ға  жəне  ЖЖЖ 

60%-ға аса артуын тудырады. 

Бұл  артқан  жүректің  минуттық  қан  көлемі  жылу  шығаруды 

күшейту  үшін  тері  тамырларына  бағытталады.  Бұдан  басқа  тері 

қан  айналысы  құрсақ  қуысы  мүшелері  мен  бұлшық  ет  арқылы  (аз 

дəрежеде) қан айналысының азаюымен жүретін жүректің минуттық 

қан  көлемінің  қосымша  қайта  таратылуы  есебінен  артады.  Жатыр 

жəне  бүйрек  қан  айналысы  тері  температурасының  жоғарылауына 

тура пропорциялы төмендейді. 

Аэробтық қуаттылықты жұмыс кезінде көбіне, жоғары ауа тем-

пературасы  О

2

  пайдаланудың  жалпы  жылдамдығына  елеулі  ықпал 



жасамайды.  Тек  ыстық  жағдайда  жеңіл  жұмысты  орындау  кезінде 

бейтарап жағдайға қарағанда оттекті пайдалану біршама жоғары бо-

луы мүмкін. 

Жоғары  ауа  температурасы  ұзақтығы 4-6 мин-қа  дейін  қысқа 



мерзімдік  жұмысты  орындау  кезінде  жүрек-тамыр  жүйесі 

қызметінің көрсеткіштеріне айтарлықтай ықпал етпейді. Максимал-

ды аэробтық жұмыс кезінде (ОМП деңгейінде) ыстық жəне бейта-

рап жағдайларда максималды жүректің минуттық қан көлемі, ЖЖЖ 

жəне жүйелік АВА-О

2

 бірдей болады. ОМП ыстық жағдайларда да 



азаймайды, бірақ ОМП деңгейінде жұмыстың шекті ұзақтығы күшті 

қысқарады. 

Ыстық  жағдайда  ұзақ  мерзімдік  жұмысты  орындау  кезінде 

жүрек-тамыр  жүйесі  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттерге  қажетті 

оттегі  мөлшерін  жеткізу  үшін  (метаболизмдік  сұраныс)  олардың 

адекватты  (барабар)  қанмен  жабдықталуын  жəне  жылу  шығару 

жоғары болу үшін (жылу реттеуші сұраныс) тері қан айналысының 

күшеюін бір мезгілде қамтамасыз ету қажет. Бұл міндет одан əрі қан 

айналымдағы қан көлемінің азаюынан жəне оның тұтқырлығының 

жоғарылауынан барынша күрделене түседі. 

Ыстық  жағдайларда  жүректің  жиырылу  жиілігі  жəне  жүректің 



292

минуттық  қан  көлемі  ортаның  бейтарап  жағдайында  осындай 

жұмысты орындау кезіне қарағанда жоғары болады. Жүректің жиы-

рылу  жиілігіне  температурадан  басқа  жоғары  ауа  ылғалдылығы 

да  ықпал  етеді.  ЖЖЖ    артуы  ыстық    жағдайда    жұмыстың    жаңа  

басталған  кезінен  байқалады.  Жүректің  минуттық  қан  көлемі 

жұмысты орындау үдерісінде біртіндеп артады, ал систолалық көлем 

прогрессивті (ілгерілей) азаяды. Жүректің минуттық қан көлемінің 

артуы  жылу  шығарудың  күшеюі  үшін  тері  тамырлары  арқылы 

қосымша қан айналысын қамтамасыз етеді. 

Орындалатын жұмыс қуаттылығының артуымен жүректің минут-

тық қан көлемінің «жылылық» өсуі азаяды. Ыстық жағдайларда суб-



максималды  жəне  максималдыға  жуық  аэробтық  жүктемелерді 

орындау кезінде жүректің минуттық қан көлемі шамамен, бейтарап 

температуралық жағдайдағы сияқты болады. Дегенмен, жоғары ауа 

температурасы  кезінде  ЖЖЖ  қосымша  жоғарылауымен  өтелетін 

систолалық көлемнің елеулі төмендеуі жүреді. Жүректің минуттық 

қан көлемі одан əрі арта алмайтындықтан, тері қан айналысының əрі 

қарайғы күшеюі тек жүректің минуттық қан көлемінің  қайта тара-

тылуы есебінен қамтамасыз етіледі. Нəтижесінде жұмыс атқаратын 

бұлшық  еттер  арқылы  қан  айналысы  азаяды,  олардың  оттегімен 

жабдықталуында  тапшылық  туындайды,  бұлшық  еттердің  энергия 

өндіруде  анаэробтық  үлесі  артады.  Сондықтан  сол  бірдей  субмак-

сималды  жəне  максималдыға  жуық  аэробтық  жүктемелер  кезінде 

қандағы  лактат  концентрациясы  бейтарап  жағдайларға  қарағанда 

ыстық жағдайларда жоғары болады. 

Жұмыс атқарушы бұлшық еттердің қанмен жабдықталуының на-

шарлауы – ыстық жағдайларда жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінің 

басты  себептерінің  бірі.  Жоғарыда  айтылғандар  бойынша  бұлшық 

ет  қан  айналысының  нашарлауы  екі  негізгі  себептердің  салдары-

нан  болып  табылады:  біріншіден,  жылу  шығарудың  күшеюі  үшін 

тері  тамырларына  бағытталған  жүректің  минуттық  қан  көлемінің 

үлесі  артады,  екіншіден,  дегидратацияның  даму  өлшемі  бойын-

ша  қан  айналымдағы  қанның  жалпы  жəне  орталық  көлемдерінің 

төмендеуінен  веналық  қайтарылудың  түсуімен  туындаған 

систолалық  көлемнің  азаюы  нəтижесінде  жүректің  минуттық  қан 

көлемі азаяды. 



Тері  қан  айналымының  мүмкін  болатын  максималды  көлемді 

жылдамдығы – 7-8 л/мин. Сонда да тіпті, өте жоғары ауа темпера-




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау