Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет80/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   168

250

Бірдей  жаттығу  тек  шыныққандықта  тұрған  айырмашылықтан 

ғана  емес  түрлі  адамдарда  əртүрлі  əсер  тудыруы    мүмкін.  Қандай 

да  бір  дене  сапасын  жаттықтырудың  (белгілі  бір  жаттығуларда 

спорттық нəтиженің жоғарылауы) бір əдісі бір адамдарға барынша 

ықпал етсе, жаттықтырудың өзге əдісі басқалар үшін тиімді болады. 

Осыған орай, бірдей жаттықтыру əдісін қолдану əртүрлі адамдарда 

сол дене шынықтырудың түріне шыныққандықты əртүрлі дəрежеде 

дамытуы ықтимал. 

Жасы-жынысы  бойынша  бір  топқа  жататын  адамдардың 

шыныққандық  дəрежесі  айтарлықтай  шамада  функциялық 

көрсеткіштердің  (спорттық  нəтиженің)  бастапқы  (жаттықтыруға 

дейінгі)  деңгейімен  анықталады.  Түрлі  мүшелер,  жүйелер,  ме-

ханизмдер  қызметтік  мүмкіндіктерін  жəне  тұтас  организмнің 

функциялық дайындығын (жаттығу дəрежесін) сипаттайтын  əртүрлі 

көрсеткіштер жаттықтыру ықпалынан бірдей өзгермейді. Дегенмен, 

жалпы  ереже  бойынша  неғұрлым  осы  көрсеткіштердің  бастапқы 

(жаттықтыруға дейінгі)  деңгейлері төмен болған сайын, соғұрлым 

олар  өзгеріске  көбірек  ұшырайды.  Неғұрлым  адамның  жаттығу 

деңгейі (функциялық дайындығы) төменірек болса, соғұрлым оның 

шыныққандық дəрежесі жоғары болады. 

Я.  К.  Коц  бойынша  жаттықтыру  əсерінің  даму  жылдамдығы 

мөлшері бойынша шыныққандықтың 4 нұсқасы бар: 

1. Жоғары жылдам шыныққандық (үлкен жəне жылдам өсетін): 

жүйелі  жаттығудың  алғашқы  кезеңдерінде  барынша  жылдам  өсіп 

барып,  содан  соң  «қанығу  деңгейіне» (мүмкіндігінше  максималды 

жаттығу  əсеріне)  баяу  (асимптотикалық-нышансыздық)  жуықтай 

отырып, аз өзгеретін үлкен əсер;

2. Жоғары  баяу  шыныққандық  (үлкен,  бірақ  баяу):  біртіндеп, 

баяу өсіп отыратын үлкен жаттықтыру əсері;



3. Төмен  жылдам  шыныққандық  (үлкен  емес,  бірақ  жылдам 

өсетін):  жүйелі  жаттығудың  салыстырмалы  қысқа  кезеңінде-ақ 

көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай аз өзгеріске ұшырайтын үлкен 

емес жаттықтыру əсері;



4. Төмен  баяу  шыныққандық  (үлкен  емес  жəне  баяу):  жүйелі 

түрде жаттықтыру үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.  

Жоғарыда  айтылып  өткендей,  шыныққандық  дəрежесі 

айтарлықтай  шамада  организмнің  физиологиялық  қызметтерінің 

бастапқы  деңгейімен  байланысты.  Бұл  деңгей  адамның  өмір  сал-



251

тымен,  атап  айтқанда,  дене  белсенділігі,  тамақтану  сипаты  жəне 

бұрынғы  жаттықтырылуы  дəрежесімен  анықталады.  Деген-

мен,  адамның  қызметтік  мүмкіндіктерін,  сонымен  қатар  жаттығу 

ықпалынан туындайтын олардың өзгерістерінің максималды мүмкін 

болатын  дəрежесін,  яғни  шыныққандықты    анықтауда  генотип 

түсінігінің аясына біріктірілген тұқым қуалай берілетін генетикалық 

факторлар айтарлықтай рөл атқарады. 

Тұқым  қуалайтын  факторлардың  рөлін  зерттеу  үшін  бір 

жұмыртқалы (монозиготалы) генетикалық идентивті егіздер мен екі 

жұмыртқалы  (дизиготалы)  генетикалық  идентивті  емес  егіздердің 

белгілі  бір  антропометриялық,  морфологиялық  жəне  физиология-

лық  көрсеткіштерін  салыстыру  ең  кең  қолданылатын  əдістердің 

бірі.  Мұндай  салыстыру  тұқымқуалаушылық  коэффициентін  (Н) 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  көрсеткіштің  мөлшері  бойынша 

аталмыш белгінің (көрсеткіштің) генотипке тəуелділігі дəрежесі жа-

йында бағалауға болады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті 1,0-

ге тең болса, онда тұқымқуалаушылық сол белгінің (көрсеткіштің) 

жеке-дара  вариативтілігін  анықтайтын  жалғыз  себеп  ретінде 

қарастырылады.  Егер  тұқымқуалаушылық  коэффициенті  нөл  мен 

бір арасындағы интервалда болса, белгі бір жағынан, сыртқы орта  

факторы  ықпалына  ұшыраған,  ал  екінші  жағынан,  тұқым  қуалай 

берілгендігін көрсетеді. 

Түрлі  физиологиялық  қызметтер  деңгейін  анықтауда 

тұқымқуалаушылықтың  рөлі  бірдей  болмайды.  Ең  алдымен, 

адамның  көптеген  функциялық  көрсеткіштері  дене  мөлшері  мен 

пішіміне, оның  жеке буындары жəне жүрек, өкпе, қолқа диаметрі, 

т.б. сияқты кейбір ішкі мүшелердің мөлшеріне белгілі бір дəрежеде 

тəуелді болады. Көпшілік антропометриялық жəне морфологиялық 

белгілер  генетикалық  бақылауда  болады  жəне  сондықтан  да  олар-

мен  байланысты  функциялық  қасиеттердің  тұқым  қуалайтын 

уағдаластығын алдын ала анықтайды (54-сурет).

Сыртқы  тыныс  алу  қызметі  белгілі  бір  дəрежеде  генетикалық 

болжап  қойылған.  Бұл  сыртқы  тыныс  алудың  өкпенің  жалпы 

сыйымдылығы,  қалдық  жəне  резервтік  көлем,  өкпенің  тіршілік 

сыйымдылығы сияқты көрсеткіштеріне қатысты. Солай бола тұрса 

да, бұл көрсеткіштердің дене мөлшерімен байланысына негізделген 

болуы да ықтимал. Тыныс жиілігінің, сонымен қатар дене массасына 

шаққандағы  салыстырмалы өкпелік көлем мен сыйымдылықтың ге-



252

нотипке тəуелділігі мүлдем байқалмайды. Сонымен бірге тынысты 

кідірту  ұзақтығы,  гипоксияға  (изокапниялық  гипоксияға)  сыртқы 

тыныс  алу  реакциясы  ерекшеліктері  генетикалық  факторлардың 

елеулі ықпалында болады. 

54-суретОттегіні максималды пайдалануды (ОМП немесе VO

2

max) 



монозиготалы  мен дизиготалы егіздерде жəне егіз емес ағалы-інілерде 

салыстыру (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)

Жүрек-тамыр 

жүйесі 


қызметінің 

тұқымқуалаушылық 

факторларының  ықпалында  болатындығына  күмəн  жоқ.  Алай-

да,  əртүрлі  көрсеткіштерге  бірдей  ықпал  етпейді.  Тыныштықтағы 

ЖЖЖ аса бұл ықпалда болмайды, алайда, егер жаттықпаған адам-

дарда тыныштық күйде ЖЖЖ 60 екп/мин-тан төмен болса, ереже-

ге сəйкес олардың Тұқым қуалай спортқа бейім екендігін көрсетеді. 

Максималды  ЖЖЖ  жасқа  жəне  жынысқа  қарамай  генетикалық 

(тұқымқуалаушылық коэффициенті) алдын ала анықталған. 

Генетикалық  факторлардың  жүректің  қан  айдауы  мен  қанның 

систолалық көлем мөлшеріне ықпалы анық емес, дегенмен жүректің 

жалпы  көлемі  кейбір  тұқымқуалаушылықпен  тəуелділікте  болаты-




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау