175
месе одан асатын арнайы қозғалыстарды (жарыс жаттығуларындағы
сияқты) жаттықтыру сабақтарында орындау керек.
Жылдамдықты-күштік жаттығулардың энергиялық
сипаттамасы.
Барлық жылдамдықты-күштік жаттығулар энергиялық тұрғыдан
алып қарағанда, анаэробтық жаттығуларға жатады. Олардың шекті
ұзақтығы 1-2 минуттан аз. Бұл жаттығуларға энергиялық сипаттама
беру үшін:
1. Максималды анаэробтық қуаттылық;
2. Максималды анаэробтық сыйымдылық (қабілеттілік) сияқты
екі негізгі көрсеткіштер қолданады.
Максималды анаэробтық қуаттылық. Сол адам үшін жұмыстың
максималды қуаттылығы бірнеше секундқа ғана созылуы мүмкін.
Мұндай қуаттылықты жұмыстар бұлшық ет фосфагендерінің (АТФ
жəне КрФ) анаэробтық ыдырауы есебінен орындалады. Сондықтан
бұл заттардың қоры жəне əсіресе, олардың энергиялық утилдену
жылдамдығы максималды анаэробтық қуаттылықты анықтайды.
Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) жəне секіру нəтижелері макси-
малды анаэробтық қуаттылыққа тəуелді жаттығулар болып табы-
лады. Максималды анаэробтық қуаттылықты бағалауда Маргарий
тесті қолданады.
Жоғарыдағы кестеде əйелдер жəне ерлер үшін максималды
анаэробтық қуаттылықтың «нормативті» көрсеткіштері келтірілген
(9-кесте).
Максималды анаэробтық сыйымдылық бағалауда шекті
ұзақтықты жұмыстан соң (1-ден 3 минутқа дейін) айқындалатын ба-
рынша оттектік қарыздылық, яғни максималды оттектік қарыздылық
өлшемі кең қолданылады. Бұл жұмыстың кейін пайдаланатын артық
оттегі мөлшерінің едəуір бөлігі жұмыс кезінде анаэробтық үдерістер-
ге шығындалған АТФ, КрФ жəне гликоген қорларын қалпына келтіру
үшін қолданылуымен түсіндіріледі. Қандағы катехоламиндердің
жоғары деңгейі, дененің жоғары температурасы, жиі жиырылатын
жүрек пен тыныс алуға қатысатын бұлшық еттерінің оттегіні көп
пайдалануы сияқты факторлар да ауыр жұмыстан кейін қалпына
келу уақытында оттегі пайдаланудың жоғары жылдамдығының
176
себебі болуы мүмкін. Сондықтан максималды қарыздылық өлшемі
мен максималды анаэробтық сыйымдылық арасында тек қалыпты
байланыс ғана бар.
9-кесте
Максималды анаэробтық қуаттылық көрсеткіштерінің
жіктелуі (кгм/с)*
Жіктелуі
(классификация)
Жас, жылмен
15-20 20-30
Ер адамдар:
Нашар
Орта
Орташа
Жақсы
Өте жақсы
113-тен аз
113-149
150-187
188-224
224-тен көп
106-дан аз
106-139
140-175
176-210
210-нан көп
Əйел адамдар:
Нашар
Орта
Орташа
Жақсы
Өте жақсы
92-ден аз
92-120
121-151
152-182
182-ден көп
85-тен аз
85-111
112-140
141-168
168-ден көп
*1 кгм/с=9,8 Вт
Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
максималды оттектік қарыздылықтың орташа мөлшері жоғары,
ол ерлерде 10,5 л (дене салмағына 140 мл/кг), ал əйелдерде 5,9 л
(дене салмағына 95 мл/кг). Спортпен айналыспайтын ер адамдар-
да олар 5 л (дене салмағына 68 мл/кг) жəне əйелдерде 3,1 л (дене
салмағына 50 мл/кг). Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің айту-
лы тұлғаларында (400 жəне 800 м-ге жүгіретін желаяқтарда) макси-
малды оттектік қарыздылық Н. И. Волков мəліметтері бойынша 20
177
л-ге жетуі мүмкін. Оттегі қарыздылықтың мөлшері өте өзгермелі,
сондықтан нəтижені нақты болжауда қолданылмайды.
Оттегі қарыздылықтың алактацидті (жылдам) фракция-
сы өлшемі бойынша жылдамдықты-күштік сипаттағы (спринт)
өте қысқа мерзімдік жаттығуларды қамтамасыз ететін анаэробтық
(фосфагендік) сыйымдылық бөлігін бағалауға болады. Ол арнайы
формуламен есептеледі.
Оттегі қарыздылықтың «фосфагендік фракциясының» типтік
максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2
л О
2
. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нəтижесінде ол
1,5-2 есеге артуы мүмкін.
Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан
кейін оттегі қарыздылықтың едəуір (баяу) фракциясы анаэробтық
гликолизбен, яғни жылдамдықты-күштік жаттығуларды орын-
дау үдерісінде сүт қышқылының түзілуімен байланысты жəне
сондықтан лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл
оттектік қарыздылықтың бөлігі СО
2
мен Н
2
О дейін тотығу мен гли-
когенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға
қолданылады.
Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды
сыйымдылығы жас жаттықпаған ер адамдарда дене салмағына 200
кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының
максималды концентрациясымен сəйкес келеді. Жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын айтулы спортшыларда
қандағы сүт қышқылының максималды концентрациясы 250-300
мг%-ға дейін жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг мак-
сималды лактацидтік (гликолиздік) сыйымдылыққа сəйкес келеді.
Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері
бар. Ең алдымен, спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
спортшылар неғұрлым жұмыстың жоғары қуаттылығын дамытуға
жəне оны барынша ұзақ сақтауға қабілетті. Бұл, атап айтқанда,
жұмысқа көп бұлшық ет массасының қатысуымен (рекрутир-
леу), соның ішінде жоғары гликолиздік қабілеттілікке ие жылдам
бұлшық еттер талшықтарының жұмысқа қатысуымен қамтамасыз
етіледі. Жоғары білікті спортшыларда – жылдамдықты-күштік
спорт түрлері өкілдерінде бұлшық еттердегі бұл талшықтардың
көп мөлшері жоғары гликолиздік қуаттылық пен сыйымдылықты
қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Бұдан басқа жаттықтыру