109
Максималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау
кезінде бұлшық еттік гликогенолиз жүріп үлгермейді. Сондықтан
бұлшық ет жасушаларында лактаттың жинақталуы көп болмай-
ды. Аэробтық қуаттылықты жаттығу кезінде неғұрлым жүктеме
қуаттылығы төмен болса, соғұрлым анаэробтық гликолиздың бұлшық
еттің энергиямен қамтамасыз етілуінде рөлі аздау болады жəне
сəйкесінше, жұмыс соңында бұлшық етте лактат мөлшері соғұрлым
төмен болады (32 В-сурет). Максималды анаэробтық қуаттылықты
жаттығуларды орындау кезіндегі сияқты максималды емес аэробтық
қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде де бұлшық етте
лактаттың айтарлықтай жинақталуы болмайды. Сондықтан бұл ме-
ханизм бұлшық ет қажуының дамуында соншалықты маңызды рөл
атқармайды.
Қажудың дамуында көмірсу ресурстарының (бірінші кезек-
те жұмысшы бұлшық ет пен бауырдағы гликогеннің) түгесілуі
маңызды, ал кейбір жаттығулар үшін шешуші рөл атқарады. Бұлшық
ет гликогені анаэробтық жəне максималды аэробтық жаттығулардың
энергиялық қамтамасыз етілуі үшін (фосфагендерді есептемегенде)
негізгі субстрат болып табылады. Жаттығуларды орындау кезінде
бұлшық ет гликогені шығыны көп емес, яғни бастапқы мөлшерден
30%-ға дейін жəне бұлшық ет қажуының маңызды факторы ретінде
қарастырыла алуы мүмкін емес.
Максималдыға
жуық
жəне
субмаксималды
аэробтық
жаттығуларда көмірсулар (бұлшық ет гликогені мен қан глюкозасы)
тотығу реакцияларына пайдаланылатын жұмысшы бұлшық еттердегі
негізгі энергиялық субстрат болып табылады. Субмаксималды
аэробтық жаттығуларды орындау үдерісінде бұлшық ет гликогені
əсіресе, айтарлықтай шығындалады, сондықтан жалғастыруды
тоқтатқан сəт көбіне негізгі жұмысшы бұлшық еттерде гликогеннің
толықтай немесе тіпті, толық шығындалуымен сəйкес келеді. Бұл
аталмыш жаттығуларды орындау кезінде бұлшық ет гликогенінің
түгесілуін қажудың жетекші механизмі деп есептеуге негіз болады.
Неғұрлым төмен (орташа жəне төмен) аэробтық қуаттылықты
жаттығулардың энергиямен қамтамасыз етілуінде көмірсулармен
қатар майлар да (жаттығу қуаттылығы неғұрлым төмен бол-
са, соғұрлым олардың салыстырмалы рөлі көбірек) маңызды рөл
атқарады. Мұндай жаттығуларды орындау соңында жұмысшы
бұлшық еттердегі гликоген мөлшері субмаксималды аэробтық
110
жаттығулар кезіндегі дəрежедей болмаса да айтарлықтай
төмендейді. Сондықтан оның түгесілуі қажудың жетекші факторы
ретінде қарастырылмайды. Дегенмен, бұл маңызды фактор, себебі
жұмысшы бұлшық еттегі гликоген мөлшерінің төмендеу шегі бо-
йынша олар жүйке жүйесі үшін жалғыз энергиялық көз болып та-
былатын қан глюкозасын көп дəрежеде пайдаланады. Жұмысшы
бұлшық еттердің глюкозаны пайдалануының артуынан бауырдағы
гликоген қоры төмендейді. Гликогеннің ыдырауы қанға глюкозаның
түсуін қамтамасыз ететіндігі белгілі. Сондықтан орташа аэробтық
қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде қандағы глюко-
за мөлшері төмендеп, гипогликемия дамиды, ол ОЖЖ қызметінің
бұзылуына жəне қажуға əкелуі мүмкін. Бұлшық ет пен бауырда
гликогеннің бастапқы мөлшері неғұрлым жоғары болған сайын, бұл
жаттығуларды орындау кезінде соғұрлым кешірек гипогликемия
дамиды жəне қажу пайда болады. Арақашықтықта көмірсуларды
(глюкозаны) қабылдау бұл құбылыстардың алдын алады жəне пай-
да болу уақытын алыстатады. Осымен қатар егер көмірсулар сөреге
дейін қабылданса, онда қанға инсулиннің бөлінуі жоғарылайды жəне
жұмыс кезінде глюкоза концентрациясы төмендейді, яғни соғұрлым
гипогликемия тез дамып қажу пайда болады.
Қажу мектеп жасындағы балаларда ОЖЖ қызметінің бірқатар
ерекшеліктеріне байланысты ересектерге қарағанда тезірек дами-
ды. Балаларда ішкі тежелу, əсіресе, ажырату жəне кешікпе теже-
лу үдерістері тезірек бұзылады. Мұнда зейін төмендеуі, қорғаныс
тежелуі дамуы мен ми қыртысы жасушалары қозғыштығының
төмендеуі нəтижесінде белсенділіктің дереу төмендеуіне ауысатын
қозғалыс мазасыздығының пайда болуы көрінеді.
Балаларда қажудың феноменологиялық картинасы мен оның
дамуындағы жеке факторлардың рөлі ересектердегі сияқты сан ал-
уан. Дегенмен, балаларда қалпына келу үдерістері өтуі мен қажудың
дамуы жылдамдығының ересектерден айтарлықтай айырмашылығы
бар. Балалармен сабақ жүргізу біркелкі, бірсарынды (монотонды)
болмау керек, түрлі жұмыс түрлерін кезектестіріп отыру қажет.
Сонымен қатар балалардың жұмысқа қабілеттілігінің біріншіден,
соңғы сабаққа жəне дүйсенбіден сенбіге қарай төмендейтінін еске-
ре отырып, оқушының күн режимінде дене мен ой жүктемелері
мазмұнына, сол сияқты оларды белсендіру құралдары мен əдістеріне
мəн беру аса маңызды.
111
Қажудың түрлері
Қажу дене жəне ой еңбектерінде пайда болады. Ол жедел (қысқа
мерзімде туады) жəне созылмалы (ұзақ мерзімде – айлар немесе
жылдар бойы) əртүрлі физиологиялық жүйелер мен тұтас организм-
де байқалады. Қажу жалпы жəне жергілікті болып бөлінеді. Жалпы
қажуда тұтас организмнің əрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда
кейбір бұлшық еттердің, жеке талдағыштардың, т.б. қызметтері
төмендейді.
Дене
жүктемесінен
кейінгі
жергілікті
қажу
жүйке
орталықтарында, синапстарда жəне бұлшық еттің өзінде туатын
өзгерістерге байланысты. Жүйке орталықтары қызметі өзгерістері
олардың белсенділігі мен ширақтығының төмендеуінен, қозу-тежелу
үдерістері байланыстарының бұзылуынан туады.
Реципроктық қарым-қатынастың нашарлауынан қосарлас (си-
нергист) бұлшық еттердің өзар үйлесу тəртібі жойылады. Сондықтан
бұлшық еттердің ширақтығы мен қозғыштығы төмендейді жəне
оның күші мен жиырылу жылдамдығы əлсірейді. Қажу кезінде
еттің энергия қоры азайып, кальций мен калий иондарының балан-
сы өзгереді, синапстың ацетилхолинге сезімталдығы төмендейді.
Қажудың пайда болуы бұлшық ет қан айналысына да байланысты.
Өте жақсы жаттыққан бұлшық еттер шыдамды (төзімді) келеді.
Жергілікті өзгерістер нəтижесінде организмнің жалпы қажуы туа-
ды. Ол орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінен басталады.
Өйткені қозғалыс орталығы мен вегетативтік жүйелер қызметін
реттейтін орталықтардың өзара əрекеттесу үйлесімі бұзылады. Со-
нымен қатар жалпы қажу кезінде оны сана арқылы ерікті үйлестіру
нашарлайды. Бұлшық еттің жиырылу күші мен жылдамдығы,
шыдамдылығы төмендейді. Жалпы қажу кезінде жүректің жиы-
рылу күші əлсірейді, жиілігі артады. Қанның систолалық көлемі
өсіп, диастолалық қысымы көтеріледі. Осыған байланысты жұмыс
атқарушы мүшелер қанмен нашар қамтамасыз етіледі. Сонымен
бірге өкпе вентиляциясы, оттегіні пайдалану азаяды. Организмнің
энергия қоры сарқылады, əсіресе, гликоген жетіспейді.
Жалпы қажу статикалық қимылдарда, бұлшық еттің үздіксіз
жиырылуы кезінде пайда болады. Бұл жағдайда кенеттен жүрек
əлсіреп, əртүрлі аймақтарда қан айналысы бұзылады, демікпе, циа-
ноз, үйлесімсіз қимыл байқалады. ОЖЖ мүшелер мен жүйелерді
бірлестіріп, əрі олардың қызметтерін үйлестіріп үлгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |