34
35
3. Оқытудың инновациялық əдістемелері мен технологияларын
жоғары оқу орындарында қолдану тəжірибесі. Оқу-əдістемелік
құрал. – Құрастырушылар: Тұрғынбаева Б., Əлімов А. Қ. – Алматы,
2011.
4. Цукерман Г. А. Инновации в мировой педагогике. – Рига:
Эксперимент, 1998.
5. Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под ред.
Ляудис В. Я. – М., 1994.
6. Роджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі,
№4, 2006
7. Нағымжанова Қ. М. Инновациялық оқыту жағдайларындағы
мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. –
Өскемен, 1999.
8. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын
көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
3. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ГЕНЕЗИСІ МЕН ТАРИХИ ДАМУЫ
Жоспар:
3.1. Педагогикалық технологияның даму генезисі.
3.2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы.
3.1. Педагогикалық технологияның даму генезисі
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, əдістер, технологиялар
ғана емес, педагогикалық үдеріс элементтерінің бірлігінің немесе
жеке элементтерінің білім беру мен тəрбиелеудегі белгілі міндеттерді
тиімді шешу жолы болып табылады.
Технологиялардың пайда болуы ең алдымен əртүрлі теориялық
жəне тəжірибелік іс-əрекет аймақтарына техникалық прогрестің
енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл əлемдік танымал
«Педагогикалық поэмасында»: «Біздің педагогикалық өндірісіміз
ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, əрқашан
рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті
ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері
жоқ: технологиялық үдеріс, операциялар есебі, конструкторлық
жұмыстар, құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер,
теріске шығару», – деген.
Оқыту үдерісін технологияландыру туралы пікірді осыдан
400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, оның пікірінше, оқыту
«технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені
оқытса да оқу үдерісі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат
қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды
қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық
құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі
технология» термині пайда болды. Бұл көбіне оқу үдерісінде
техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық жəне батыс Европалық білім
берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген
білім нəтижесіне қалай жетуге болады» – деген мағынасын беретін
«педагогикалық технология» термині пайда болды. Ал дидактикалық
36
37
технологияның мəселелері біздің заманымыздың екінші жартысында
техника мен технологияның қарқынды дамуы нəтижесінде пайда
болды. Оқыту технологиясы, яғни, кеңірек айтқанда педагогикалық
технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру əдістері мен құралдарының
табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола
алатын əлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып
табылады. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен
дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мəні
түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мəселесіне
арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев,
Т. Т. Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын
техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген түсініктен бастап
педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін
түрліше пікірлер айтылған.
М. П. Сибирская бойынша «əдістеме» мен «технологияның»
салыстырмалы сипаттамасын қарастырады.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту əдістемесі
жəне тəрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер
«əдістеме» ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың
əдістері жəне тəсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік
белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез келген
педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог
маманның іс-əрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді
шешіледі.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы
алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін
оқытудың əдіс, құрал жəне түрлерінің жүйесі болып табылады.
Қажетті мазмұнды, тиімді əдістер мен құралдарды бағдарлама мен
қойылған педагогикалық міндетке сəйкес іріктей білу мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан
«технология» technе – өнер, шеберлік жəне logos – ғылым, заң, яғни
технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге
болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын
жəне маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогика-
лық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-
педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның
бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны
болғанын айқындайды.
И. Г. Песталоццидің педагогикалық маңызды мəселенің бірі
«Əрбір арнайы даярланған мұғалім кез келген оқушыны оқытып,
тəрбиелей алатындай білім берудің «тетігін» жасауы қажет
деуін оқытуды технологияландыру деп түсінген жөн. Сондай-ақ,
жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы С. Т. Щацкийдің,
Н. И. Попованың, В. Н. Сорокин-Росинский технологиялары соны
құбылыстар деуге тұрарлық. Əр түрлі тұжырымдамалық негізге
құрылған мұндай технологиялар ортақ жалпы педагогикалық
ұстанымдарды басшылыққа алды. Олар: əр бала өмірін жəне
еркіндігін құрметтеу, оқушы тұлғасын шығармашылықпен дамыту,
оны əлеуметтік мəнді əрекеттерге қатыстыру нəтижесінде əржақты
дамыған тұлға қалыптастыру ұстанымдары.
Ю. Н. Кулюткин кəсіпкер ұстаздың іс-əрекетіндегі «мөлшерлік
шығармашылық белсенділікті» арақатынасы мазмұны мен мəнінен
бөлек, абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер «іс-
əрекеттің немқұрайлы іс-əрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың
шығармашылық белсенділігі де мөлшермен берілсе, жаңа
педагогикалық ойлар жəне оларды шешу ұстаздың өзінен күтіледі»,
– дейді.
М. С. Левит: «Кəсіби жұмыс технологиясын меңгермеген педагог,
оқытудың стратегиясы мен тактикасы жайлы білімді қайдан алу
керек екенін білмейді. Тек жоғары дəрежедегі шығармашылықпен
ғана берілетін еркіндік сезімін түсіне алмайды», – деген екен.
В. П. Беспальконың айтуынша, əрбір іс-əрекет не технология,
не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология –
ғылым негізінде құрылған. Өнерден бəрі басталады, технологиямен
аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге
болмайды. Экспромтқа қарама-қарсы, интуиция бойынша əрекет
етуден жоспарланған технологиялық іс-əрекетке көшу болып
табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы
жылдардың басына жатқызады жəне оны алғашында американдық,
ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады.
Шетелдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды
зерттеуде неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл,
Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко,
Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики жəне басқалардың
ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |