38
39
Бастапқыда көрсетілген педагогтер оқыту технологиясы, оқу
технологиясы жəне педагогикалық технология арасында өзгешелік
қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға
байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық
құралмен оқытуды түсіндіреді. Бүгін педагогикалық технологияны,
педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты, педагогтің
зерттеу іс-əрекеті ретінде немесе алдын ала жобаланған
педагогикалық үдерістің тəжірибеде тұрақты жəне жалғастырмалы
шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы
мұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы жəне бай
тəжірибесі бар мамандардың əр түрлі таңдаулы педагогикалық тех-
нологияларды дайындау мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау
мүмкіндіктері, мұғалім жəне оқушылар іскерліктерінің өзара
мүмкіндіктерімен жəне шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық іскерліктердің
жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау жəне нақты өндіру. Сонымен,
педагогикалық үдеріс белгілі жүйе қағидаларында құрылатын
болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы жəне ішкі болып
бөлінеді. Осы қағидаларды жалғастырмалы орындау олардың
объективті қарым-қатынасында жəне педагогтің тұлғасын толық
көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қоршаған орта мен оның қарым-қатынастарына қатысты
балаға ғылыми негізделген əсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда
педагогикалық технология тек қана тəрбиелік жұмысқа қатысты
болады жəне өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды.
Педагогикалық технология бұл көзқарастан – табиғи жəне тепе-тең
педагогтің іс-əрекеті жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды.
Психологиялық-педагогикалық жəне оның жоғары руханилығы
деңгейінде қазіргі заман мəдениетімен байланыста болады.
Педагогикалық
технологиялар,
оқыту
технологиялары
(дидактикалық технологиялар) жəне тəрбиелеу технологиялары
ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың
неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның
негізінде автордың белгілі əдіснамалық философиялық ұстанымы
жатады. Осылайша, білім беру үдерісінің технологиясы жəне жеке
тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
- педагогикалық іс-əрекеттердің технологиялық тізбегі опе-
рациялары, қарым-қатынасы күтіп отырған нақты формадағы
қорытындысы бар мақсатты ұстанымдарға сəйкес тізбектеледі;
- диалогтық қарым-қатынас адами жəне технологиялық
мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау жəне саралау қағидаларын
негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара
қарым-қатынасты іс-əрекетін технология қарастырады;
- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез
келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал екінші жағынан қарағанда
барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік
стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі бо-
лып табылатындар – диагностикалық процедуралар, іс-əрекеттер
қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері жəне ережелер, белгілі
ұстанымдар.
Педагогикалық
технология
педагогикалық
шеберлікпен
өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы
меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік. Технология жəне шеберлік
қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық
технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің
тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана
технология əр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны
іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі
жəне кəсіби іскерлігі көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру əдістемесімен
салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-əрекетін ұйымдастыру
тəсілдері жəне мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық
білім маңыздылығын жəне оқыту үдерісінің қасиеттерінің жалпы
оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті
бақылауын қажет етеді.
3.2. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасы
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын
тəрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін
қадірлейтін ұрпақ болашақ тірегі бола алады.
40
41
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тер-
бетер, баптап өсірер тəрбие керек. Ұрпақ тəрбиесі – ел алдындағы
маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мəдени дамуына үлес
қосатын, əлемдік инновацияға көтерілетін білімді де мəдениетті,
парасатты, денсаулығы мықты азамат тəрбиелеп шығару – мектептің,
ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тəрбиесі қай
кезде де халықтық мəселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары
бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдында тұрған
аса маңызды міндет – талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару.
Ал еш нəрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны
педагогикада дəлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты бастауыш
сыныптан бастап жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда əр оқушының қабілетін танып,
біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дəрежесін көтеру керек
жəне жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мəдениетті
көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы
намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-əрекеттерге сын көзбен
қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз
ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тəрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша əдіс-
тəсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ мектептің түрін өзгерткеннен
(гимназия, лицей, т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың
талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тəрбие,
салт-дəстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға
қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп,
білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім
беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
өмірге келуде.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың
жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне қарай пайдаланудың
маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс-тəжірибемізде
жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі,
шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык
технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті – деп
В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тəжірибеде
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы
педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан
əдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны
дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның
негізі – саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді меңгеру деңгейін
төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті деңгей,
қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім
берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда,
педагогикалық технология – оқушының шығармашылықпен терең
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен
тəрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнің жаңа мазмұны
арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап,
білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін
адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тəрбиелеу.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы педагогикалық
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға
қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп
тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тəжірибесі экономи-
ка, ғылым мен мəдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті
екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық
технологиясын меңгеру міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |