Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет71/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87

282
283
кезеңдерінің  бəрінде  оқушыларға  шығармашылық    жұмысты 
ұсынуға болады.
Сөздікпен  жұмыс  кезінде  оқушының  шығармашылығы, 
мүмкіндігіне  қарай  сөз  тіркесін,  сөйлемдерге  сөзжұмбақ,  ребус 
немесе  сканворд  құрастыру  мүмкіндігін  тудыру  болса,  жаңа  ма-
териалмен  жұмыс  істеген  кезде  өз  ойын  сызба  немесе  сурет,  тірек 
конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде 
өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап 
жазу арқылы беруге болады.
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  модульдік  технологияны 
тиімді  пайдалану  оқушылардың  белсенділігін,  оның  ойлау,  есте 
сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамы-
тып,  қызығушылығын  арттырады.  Сабақ  формаларының  өзгеріп 
отыруы,  əсіресе  топтық  формалар  оқушылар  арасында  қарым-
қатынастың  нығаюына  ықпалын  тигізеді.  Оқушының  тапсырманы 
өзінің  орындау  мүмкіндігіне  қарай  таңдап  алуға  еріктілігі,  оның 
өз  күшін,  шама-шарқын  бағалай  білуге,  өзін  қауіпсіз  сезінуіне, 
қиындыққа дайын болуға жəне оны жеңуге тырысуына жетелейді. 
Сабақ  басында  бастауыш  сынып  оқушылары  оқу  мақсатымен, 
модульмен  таныстыру  қажет.  Сабақ  барысында  оқушылар 
оқу  мақсатын,  өзіне  қойылатын  талапты,  лексикалық  жəне 
грамматикалық  тақырыпты,  модульдің  мазмұнын,  жұмыс-үрдісін, 
нəтижесінің бағаланып жəне түзетіліп отыратынын біледі.
Əрбір  оқу  модуліндегі  сабақ  санының  ауытқуы  тақырыпқа 
байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеледі, себебі сөз 
қорының  молаюы  аз  мөлшермен  беріліп  қайта-қайта  жаңартылып, 
өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу  бөлімін  педагогика  жəне  психология  ғалымдарының 
жетістіктерін  басшылыққа  ала  отырып,  оқушылардың  қабылдау 
деңгейлері  мен  қабілеттеріне  қарай  ұйымдастыру  қажет. 
М.  Жанпейісованың  сөйлесу  бөлімін  құру  қағидаларына  сүйене 
отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген əрекет емес орындау 
əрекеті  екенін  ескере  отырып,  бастауыш  сынып  оқушысының 
танымдық 
қызметпен 
айналысуына, 
ақыл-ой 
жұмысына 
қанағаттануына  жағдай  жасау  керек.  Міндетті  түрде,  сабақ 
барысында, бастауыш сынып оқушысының іс-əрекетінің төрт түрін: 
тыңдау, оқу, жазу жəне əңгімелесуді қолдану тиімді. 
Модульдердің    нəтижелі  болуын  көздеп,  сөйлесу  сабағының 
түрін  өзгерте  отырып,  əртүрлі  белсенді  формаларды  пайдалану 
арқылы іске асыруға болады. Олар:
-  топтық;
-  жұптық;
-  жеке топтық;
-  ұжымдық
Сызба
 
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ТҰЛҒА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУҒА 
ЖƏНЕ ОНЫ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ     
Ɇɨɞɭɥɶɞɿɤɨԕɵɬɭ
ɬɟɯɧɨɥɨɝɢɹɫɵɧɵԙ
ɵԕɩɚɥɵ
Ȼɿɥɿɦɞɿ
ɛɚԑɚɥɚɭ
Ɍɨɩɬɚɭ
Ԕɨɥɞɚɭ
Ɍɚɥɞɚɭ
Ɍԛɫɿɧɭ
Ȼɿɥɭ
Ɍɚɧɵɦɞɵԕ
ȿɥɟɫɬɟɬɭԕɚɛɿɥɟɬɬɿɧ
ɠɟɬɿɥɞɿɪɭ
ȻȻɥɭɦɛɨɣɵɧɲɚ
Ȼɟɥɫɟɧɞɿɫԧɡɞɿɤ
ԕɨɪɵɧɞɚɦɵɬɭ
ɠɚɡɛɚɲɚɠԥɧɟ
Ɉɣɥɚɭɚɭɵɡɟɤɿɫԧɣɥɟɭɬɿɥɿ
Ɍɚɧɵɦɞɵԕ
ԛɪɞɿɫɬɿ
ɀɚɞɵɞɚɦɵɬɭ
ɨԕɭԑɚɠɚԑɵɦɞɵ
ԕɵɡɵԑɭɲɵɥɵԕ
Ԕɚɛɵɥɞɚɭ                                                                                      ԕɚɥɵɩɬɚɫɬɵɪɭ
Ԕɚɠɟɬɬɿɥɿɤɬɿ
Ɂɟɣɿɧԕɚɧɚԑɚɬɬɚɧɞɵɪɭ
Ԕɢɵɧɞɵԕԕɚɞɚɣɵɧ
Ԧɡɿɧ-ԧɡɿ
            ɛɨɥɭɠԥɧɟɨɧɵɠɟɧɭ
              ɛɟɤɿɬɭ
                                                     Ԧɡɿɧ-ԧɡɿ
                       Ԕɚɪɵɦ-ԕɚɬɵɧɚɫ                           ԧɡɟɤɬɿɥɟɧɞɿɪɭ
                           Ɉɣɵɧ                                 ɒɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԑɵ
                                                    ɌɚɧɵɦԔɚɭɿɩɫɿɡɞɿɤ
                                                ɫɵɣɥɚɫɬɵԕ
Бастауыш  мектептің  əдебиеттік  оқу,  қазақ  тілі  сабақтарында 
оқушылардың  коммуникативтік  қарым-қатынас  жасауы  төмен 


284
285
сатыда  болады,  ол  өз  қорының  аз  екендігін  көрсетеді.  Əдебиеттік 
оқу,  қазақ  тілі  сабақтарындағы  қиыншылықтар,  балалардың  еркін 
сөйлеу, аудару, сөйлем құрастыру деңгейлерінің төмендігі, көптеген 
ұсынылған  технологиялардың  арасынан  М.  М.  Жанпеисованың 
модульдік  технологиясын  таңдап  алуға  себепкер  болды.  Осы 
технологияны таңдап алудың себептері мынандай: 
1.  модульдік  технология  бастауыш  сынып  оқушысының 
танымдық, өз бетімен білім алуға деген құштарлығын, жалпы жеке 
тұлғаның қалыптасуына үлкен əсерін тигізеді.
2.  оқу  үдерісінде  сөйлеу  арқылы  қарым-қатынас  жасауға 
бағыттайды. 
Бастауыш  мектепте  əдебиеттік  оқу,  қазақ  тілі  сабақтарын 
модульдік  технология  арқылы    оқытуға  мұғалімнің  даярлығын 
анықтайық.
І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы:
 Барлық  оқу  материалын  пысықтап,  оны  оқу  бірліктеріне 
(тақырыптар блогіне) бөлу;
 Оқытудың нақты нəтижелері тізбегін құру (əрбір оқушы нені 
біліп, үйрену тиіс);
 Модуль  тақырыбын  тұтас  баяндаудың  оңтайлы  формасын 
ұйымдастыру.
 Тақырыптың  негізгі  түйінді  ұғымдарынан  тірек,  сызба-
конспект құрастыру.
 Оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларын  тексеруге  тестілер 
жəне бақылау жұмыстарын əзірлеу.
 Білім,  білік,  дағдыларды  түзетуге  арналған  тапсырмалар 
дайындау.
ІІ кезең – мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау əрекеті.
 Сөйлесу  бөлімінде  оқу  материалын  оқып    үйрену  үшін 
оқытудың  белсенді  формаларын    таңдау («Қарлы  кесек», «Брейн-
ринг», «Жеке топтық», т.б.);
 Əр  түрлі  күрделілік  дəрежесіндегі  деңгейлі  тапсырмалар 
жəне олардың жауап үлгілерін дайындау;
 Əрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар 
əзірлеу.
Бақылау формалары:
1.  Тестілеу  (еске  алушы  тест,  балама  жауаптары  бар  тесттер, 
сəйкестілік тесті, т.б.).
2. Сынақ.
3. Релелік сынақ.
4. Бақылау жұмысы.
5. Диктант.
Модульдік  технологиялардың  ерекшелігі:  тек  білімді  меңгерту 
емес,  оқушының  танымдық  қабілетін  жəне  танымдық  үдерістерді 
жадының  алуан  түрлерін  есту,  көру,  қимыл  ойлауды,  ынтаны 
қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін 
арттыру.
Бастауыш мектепте əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарын модульдік 
оқыту технологиясы арқылы оқытудың басты ерекшелігі – бастауыш 
сынып  оқушыларының  қарым-қатынасы  арқылы  тіл  дамыту, 
тұлғаның дамуына жағдай жасау; Оқушы + оқушымен + топпен + 
ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру.
Сөйлесу  сабағы  үстінде  тапсырманың  жеңілдігінен  күрделіге 
қарай  бірнеше  іс-əрекет  формалары  ауысып  отырады.  Мысалы: 
сабақтың  басында  сөздікпен  жұмыс  жүргізгенде  жұптық  неме-
се  бекіту  кезінде  топтық  форманы  немесе  жеке  топтық  жұмысты 
қолданған  тиімді.  Топтарды  ұйымдастыру  кезінде  оқушылардың 
өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға, 
жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлу қажет.
Əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарында сөздікпен жұмыс бастауыш 
сынып оқушысының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс 
оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. 
Сөйлесу  сабағы  оқушыларды  тек  қана  қазақ  тілінде  ауызекі 
сөйлеуге  үйретіп  қоймайды,  оларды  ойлау,  талдау,  сараптау  жəне 
қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақ  өткізу,  оқыту  барысында  өткізілетін  ең  күрделі  жұмыс 
түрлерінің бірі – сабақта мəтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. 
Бастауыш мектептің əдеби оқу, қазақ тілі сабақтарындағы мəтінмен 
жұмыс  (мазмұндама  жазғызу,  т.б.)  дегеніміз – сабақта  өтілетін 
əртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
 Дыбыстармен жұмыс;
 Сөздіктермен жұмыс;
 Сөздік қорларын жетілдіру;
 Тіл дамыту;
 Ережемен жұмыс;
 Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау