Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет65/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87

258
259
 Б.Т.Абыканова: компьютерлік 
технологияны пайдалану арқылы 
оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттырудың 
дидактикалық шарттары.
А.Б.Медешова: бастауыш сынып 
оқушыларының оқу икемділігін 
ақпараттық технология арқылы 
дамытудың педагогикалық 
шарттары.
Р.  С.  Шуақбаева    «Жоғары  сынып  оқушыларын  көпжақтарға 
берілген  есептерді  компьютер  көмегімен  шығаруға  үйрету 
əдістемесі»  атты  диссертациялық  жұмысында,  егер  көпжақтарға 
берілген  есептерді  шығаруға  үйрету  барысында  компьютердің 
мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалану  əдістемесі  жасалынса,  онда 
оқушыларды есептер шығаруға үйретудің сапасы артады, өйткені бұл 
жағдайда оқушылардың кеңістікті елестету қабілеттері мен дағдысы 
қалыптасып, көпжақтар элементтерінің арасындағы байланыстарды 
өз дəрежесінде сапалы игеретінін анықтады.
Б.  Т.  Абыканова  «Компьютерлік  технологияны  пайдалану 
арқылы  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырудың 
дидактикалық  шарттары»  атты  диссертациялық  жұмысында  егер 
оқушылардың танымдық іс-əрекетіне компьютерлік технологияның 
педагогикалық 
мүмкіндіктері 
тиімді 
пайдаланылса, 
онда 
оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, 
шығармашылықпен  əрекет  жасау  дағдылары  дамитынын,  сөйтіп 
білім сапасының артатынын анықтаған.
Еліміздегі  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістерге  сай 
білім  беруді  ақпараттандыру  бағытында  мектебімізде  жүргізіліп 
жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына 
сəйкес жүзеге асырылуда.
XXI  ғасыр – ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа 
компьютерлік  сауаттылық  қажет.  Бүгінгі  таңда  бастауыш  мектеп 
пəндерін  компьютер,  интерактивті  құралдардың  көмегімен 
оқыту  нəтижелерін  зерттеудегі  ғылыми  проблемаларды  шешу  ең 
басты  орын  алады.  Бұған  себеп – оқыту  үдерісінде  туындайтын 
компьютерлендірудің 
педагогикалық-психологиялық 
жаңа 
проблемалары əлі толық шешілмегені.
Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  білім  беру  үшін 
үлкен  перспективалар  ашады.  Соңғы  жылдары  компьютерлік, 
телекоммуникациялық  техника  мен  технологиялардың  қоғам 
өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық 
жəне телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда 
əрбір  жеке  тұлға  оқу  жəне  жазу  қабілеті  сияқты  сапалармен  бірге 
қатарға жəне əрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Əрбір елдің технологиялық даму дəрежесіне оның экономикалық 
қуаты  мен  халқының  тұрмыс  деңгейі  ғана  емес,  сол  елдің  əлемдік 
қоғамдастықта  алатын  орны,  басқа  елдермен  экономикалық  жəне 
саяси  ықпалдасу  мүмкіндіктері,  сондай-ақ  ұлттық  қауіпсіздік 
мəселелерін  шешуіне  байланысты.  Сонымен  қатар,  əлдебір  елде 
қазіргі  технологияның  дамуы  мен  қолдануының  деңгейі  оның 
материалдық  базасының  дамуымен  қатар  емес,  негізінен  қоғамды 
парасаттандыру  деңгейімен,  оның  жаңа  білімді  туындату,  игеру 
жəне қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел  дамып  отырған  ғылыми-техникалық  прогресс  қоғам 
өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үдерісінің 
негізіне  айналады.  Ақпараттық-технологиялық  дамуға  жəне 
оның  қарқынына  экономиканың  жағдайы,  адамдардың  тұрмыс 
деңгейі,  ұлттық  қауіпсіздік,  бүкіл  дүниежүзілік  қауымдастықтағы 
мемлекеттің  рөлі  тəуелді  болады.  Тұтас  дүние  қалыптастыру  мен 
қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың 
өмір  сүруі  үшін  жаңа  жағдайларды  қамтамасыз  етуде  ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны  оқу-ағарту  саласының 
оқыту  үдерісіне  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялық 
əдістер  оның  ішінде  интерактивті  құралдарды  кең  көлемде 
қолдануды қажет етеді.
Мектептердің  білім  деңгейін  көтеру  жəне  онда  интерактивті 
құралдарды  пайдалану  арқылы  оқу-тəрбие  үдерісін  тиісті 
деңгейге 
көтеру, 
мектеп 
мұғалімдерінің, 
басшыларының, 
педагогикалық  ұжымның  жүйелі  басшылыққа  алған  бағыты  деп 
есептейміз.  Интерактивті  құралдарды  қолдану  негізінде  мектепте  
жаратылыстану  бағытының  пəндерін  оқыту  сапасын  арттырып, 
білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 
байланысты  əлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте 
қажет»  деп  Елбасы  атап  көрсеткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру 
жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үдерісінде  оңтайландыру 
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер  жəне  интерактивті  құралдар  арқылы  жасалып 


260
261
жатқан  оқыту  үдерісі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін 
қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстармен  заңдылықтарды 
табуға  итеріп,  нəтижесінде  өздерінің  кəсіби  потенциалдарының 
қалыптасуына  жол  ашу  керек.  Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам 
аймағында,  оқушылардың  ойлау  қабілетін  қалыптастыратын 
жəне  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы  заңдылықтардан 
тарайтын  педагогикалық  технологияларды  ғана  тиімді  деп  санауға 
болады.
Бастауыш  сынып  оқушыларының  интерактивті  құралдар 
көмегімен  қалыптасатын  жəне  жүзеге  асырылатын  ойлау  қабілеті 
бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше 
болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте 
сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті  құралдардың  келесі  ерекшеліктерін  атап  өтуге 
болады:
1.  Бормен  тақтаға  жазылған  кескінді  интерактивті  тақтадағы 
түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2.  Тақта  мен  бордың  көмегімен  əр  түрлі  қосымшалары  бар 
жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге 
болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкін-
дігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының  көмегімен  тақтаның  жоғарғы 
бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.
Оқу  үдерісінде,  оның  ішінде  практикалық  сабақтарда 
интерактивті  құралдарды  қолдану  мұғалімнің  жеке  тəжірибесіне, 
шығармашылық  ізденісіне  байланысты.  Интерактивті  құралдар 
оқыту  формасын  ұйымдастыруды  түрлендіруге,  дəстүрлі  оқыту 
əдістеріне  жаңа  элементтер  енгізуге  мүмкіншіліктер  жасайды. 
Бұл  оқушылардың  пəнге  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Қорытындылай  келе  интерактивті  құралдарды  орынды  қолдану 
оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Компьютерлік  технологияларды  қолданып  бастауыш  мектеп 
оқушыларын математика есептерін шығаруға үйрету болғандықтан, 
енді  Қазақстанда  бастауыш  мектепте  компьютерлік  технологияны 
қолдану  мəселесіне  байланысты  айналысқан  Ж.  Ы.  Сардарова, 
А. Ө. Байдыбекова, А. Б. Медешовалардың еңбектеріне тоқталайық.
Ж. Ы. Сардарова «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш 
мектепті 
ақпараттандырудың 
теориясы 
мен 
практикасы» 
тақырыбындағы  докторлық  диссертациясында  егер  білім  беруді 
жаңарту  жағдайында  бастауыш  мектепті  ақпараттандырудың 
теориялық-əдіснамалық  негіздері  айқындалып,  оны  тиімді  түрде 
жүзеге  асыру  жолдары  анықталса  жəне  ақпараттық  сауаттылық 
қалыптастыру  тұжырымдамасы  жасалып,  моделі  құрылса,  онда 
бастауыш  сыныптан  бастап  қазіргі  ақпараттық  құралдарды  өз 
қажетіне  еркін  қолдана  алатын,  ақпараттық  сауаттылықтары 
қаланған  жеке  тұлға  тəрбиелеуге  мүмкіндік  артады.  Ал  ол  өз 
кезегінде,  бүгінгі  толассыз  ақпарат  ғасырында  өз  бетімен  кез 
келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, əрекеттенетін іскер де 
шығармашыл болуға баулиды.
А.  Ө.  Байдыбекова  «Бастауыш  сынып  математикасын  оқытуда 
компьютерді  пайдалану»  атты  диссертациялық  жұмысының 
мақсаты – бастауыш  мектептің  математика  пəндерін  оқыту 
үдерісін  жетілдірудегі  дербес  компьютердің  мүмкіндіктерін  ашу 
жəне  компьютерлік  құралды  пайдалану  арқылы  төменгі  сынып 
оқушыларының  оқу  іс-əрекеттерін  қалыптастырып,  одан  əрі 
дамытуға арналған.
А.  Б.  Медешова  «Бастауыш  сынып  оқушыларының 
оқу  икемділігін  ақпараттық  технология  арқылы  дамытудың 
педагогикалық  шарттары»  атты  диссертациялық  жұмысында  егер 
бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын 
қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім 
беру  үдерісіне  пайдаланса,  онда  бастауыш  сынып  оқушыларының 
оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені 
ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді 
меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген.
Ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, білім сапасын 
көтеруде  бастауыш  сатының  алатын  орны  ерекше  екендігі  белгілі. 
Дегенмен,  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  икемділігін 
қалыптастыру  мəселесі  əлі  де  болса  жеткілікті  дəрежеде  ғылыми-
педагогикалық  тұрғыдан  зерттелмегені  айқындалып,  біріншіден, 
бастауыш  сатыдағы  білім  беру  үдерісі  дəстүрлі  əдіс  арқылы 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау