244
245
мультимедиялық проектор жəне ақпараттарды енгізуге арналған
активті қаламнан тұрады.
Активті қалам дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы жəне
компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы
құрылғы.
ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының
ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма
тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады.
ACTIVboard
– интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың
сəулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. «Оң қол» сонымен
бірге «сол қолмен» жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудито-
рияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға
қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дис-
плейде жазылған жазуларды компьютер арқылы тақтадан көруге
мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат,
бөлмеден бөлмеге қиындықсыз-ақ алып жүре беруге болады, ал
проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanelpro ДК
басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін
құрылғыға жатады.
ACTIVslate. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы
топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді
қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация
кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель
аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады.
ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан
тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның
қызметін атқара алады, презентация мен конференция материал-
дарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard
көмегенсіз)
компьютерде
дайындауға
мүмкіндік
бетерін
құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады,
бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы
батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық
қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың
нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу əдісімен
жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат
ACTIVboard қабылдайды жəне де өңделіп конференция
қатысушысының жауабын қабылдайды.
ACTIVote қарапайым тест
жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене
чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде»
ACTIVstudio бағдарламасында
флипчартта мəтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары
кітапханада сақталады да, тестің нəтижесі кесте немесе диаграмма
түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нəтижесін EXСEL
немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы. ACTIVstudio
PE программасы
арнайы презентацияларды өткізуге жəне оны сабақ барысында
қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard жəне
ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.
ACTIVstudio
программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презента-
цияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға,
негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша
ақпараттарды енгізуге жəне басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын
негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға жəне
оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше
флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,
объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте
келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан
шығаруға немесе əр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын
ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға
тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
«Активті
экран»
бағдарламалық-техникалық
кешенінің
дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі
қызметі – жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында
қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау жəне
ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып,
өз ойларын қазіргі заманғы педагогикалық технология құралдары
көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете
алатыны белгілі болды.