Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет59/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87

234
235
болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың 
жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды.
Негізінде жоғарыда айтылған пікір де мəселені осылай қарауды 
талап етеді, яғни қорытып айтсақ ұжымға берілген анықтамалардың 
мəнін  анықтауға  əрекет  жасадық,  өйткені  барлық  дидактиканың 
категориялары  осы  ұғым  арқылы  айқындалады.  Сол  мақсатпен 
біз  осы  мəселе  туралы  көптеген  арнайы  əдебиеттерді  зерттеп, 
педагогикада көп таралған тұжырымдарға тоқталып талдау жасадық. 
«Ұжымдық»  оқыту  дегеніміз – ұжым  əр  мүшесін  оқытады 
жəне əрбір мүше бəрін оқытады деп түсінеміз. «Ұжым» – оқытуда 
əдістемелердің пайда болуы, «ұжым» – бұл мұғалім мен оқушының 
қарым-қатынастары болып саналады. «Ұжым» – бұл қарым-қатынас 
барысында болатын басқармалы таным.
Талдау  қорытындысы  бойынша  ешбір  тұжырымда  оқытудың 
мəнін  ашпайды  да,  тек  сипаттамасын  береді  немесе  оқытудың  бір 
жағын  ғана  көрсетеді  физиологиялық,  психологиялық,  бірақ  тұтас 
оқыту емес. Олардың бəрін оқытудың мəнін ашудағы кезеңдер деп 
түсінуге болады. 
Ұжымдық  оқыту  əдістемесін  əр  түрлі  пайдаланады.  Қарым-
қатынас құрылымына сəйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар. 
Олар:
1. Жеке дара (жанама түрдегі қатынас);
2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас);
3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың 
санына  қарап  екі  түрге  бөлінеді:  жалпы  сыныптық  (фронтальдық) 
жəне звено-бригадалық;
4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас).
Өкінішке  орай,  ұжымдық  оқыту  тəсілі  сол  кездегі  педагогтер, 
əдіскерлер тарапынан қолдау таппады. Мектептер көп жылдар бойы 
ресми мемлекеттік қаулылар бекіткен əдістемелер мен əдіснамалық 
қағидалар бойынша жұмыс істеді.
Оқытудың  ұжымдық  тəсілінің  көкейтестілігін  қазіргі  заманғы  
білім берудің қарама-қайшылықтары мен пайда болған мəселелерді 
шешу жолдарын ұсынады. Дəстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың 
төмендегі қарама-қайшылықтардан көрінеді.   
Оқытудың  ұжымдық  тəсілінің  ерекшелігі  келесі  үдерістердің 
сақталуына байланысты:
- Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы.
- Олардың өзін-өзі оқытуы.
- Өзара бақылау.
- Өзара басқару.
Оқушылар  ұжымында  барлығы  бірін-бірі  жəне  əрқайсысын 
оқытады. Оқытудың топтық тəсілі мен оқытудың ұжымдық тəсілінің 
айырмашылығы  бар.  Оқытудың  топтық  тəсілінде  ұжымда  тек  бір 
адам  ғана – мұғалім  немесе  кеңесші  қатысушы  рөлін  атқарса, 
оқытудың  ұжымдық  тəсілінде  бір  мезгілде  бірнеше  оқушы 
басқаларына əсер етеді.
А.  Г.  Ривин  əртүрлі  жағдайларда  қолданылатын  оқытудың 
ұжымдық тəсілінің бірнеше əдістемесін атап көрсетті:
- кез  келген оқу пəні бойынша мəтіндік материалды оқу;
- мəтінді өзара алмасу;
- тапсырмаларды өзара алмасу;
- оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару;
- өзара диктанттар жазу
- жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау;
- жұптасқан түрде жаттығуларды орындау;
- сауалнама бойынша жұмыс;
- шет тілін оқу.
Бастауыш мектепте ұжымдық оқытуды ұйымдастыру. 
1.  Бастауыш  мектептің  кез  келген  пəнінде  оқулық  бойынша 
мəтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу 
материалы  бірнеше  бөлікке  бөлінеді.  Бастауыш  сыныптарда  мəтін 
көлемі аз болуы керек. Əр оқушы өз бетінше жеке жұмыс істейді.
2.  Бір  партада  отырған  екі  оқушы  бірігіп  мəтіннің  бірінші 
бөлігін  оқуға  кіріседі.  Біреуі  мəтінді  ақырын  дауыспен  оқыса, 
екіншісі  мəтіннің  дұрыс  оқылуын  қадағалап  отырады.  Содан  соң 
екеуі бірігіп мəтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын 
айтып,  екіншісі  толықтырып  отырады.  Сонымен  қатар  басқа  оқу 
материалдарынан  да  үзінділер  келтіруге  болады.  Бастауыш  сынып 
оқушылары мəтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. 
Жоспар құру барысында талас туындап, мəтін жан-жақты талданып, 
оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соң 
бастауыш сынып оқушылары мəтіннің бөлігіне қойылған атын жəне 
қарастырылған жоспарды дəптерлеріне жазып, тарасады. Мəтіннің 
екінші  бөлігін  талдау  үшін  əрқайсысы  өзіне  жаңа  жұп  таңдайды. 
Егер мұғалім өзінің оқушыларының қабілетін жақсы білетін болса, 
онда кіммен бірігіп жұмыс істеуге болатынын айта алады. Бірақ бұл 
міндетті емес. 


236
237
3.  Жаңа  жұптарда  оқушылар  бірінші  бөлімнің  қысқаша 
мазмұнын  қайталайды.  Олар  жоспарды  салыстырып,  өзгертіп, 
түзетеді.  Біреуі  бірінші  бөлімнің  мазмұнын  айтса,  екіншісі  ай-
тып  отырған  баланың  дəптеріне  қарап,  қажет  кезінде  түзетіп, 
толықтырады.  Содан  соң  олар  бірінші  жолғыдай  мəтіннің  екінші 
бөлімін талдайды. Осылайша мəтін аяқталғанша жұптарын ауысты-
ра отырып, жұмыс істейді. 
4. Мəтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды. 
Мəтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге 
жұмысты  аяқтағаны  жөнінде  айтады.  Осылайша  оқушы  оқылған 
тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын. 
5.  Мəтіннің  барлық  бөлімін  талдаған  оқушылар 4-6 адамнан 
кіші  топтар  құрайды.  Олар  өздеріне  жүргізушілер  тағайындайды. 
Жүргізуші  өзіне  жəне  əр  оқушыға  материалды  айтып  шығу  үшін 
сөз береді. Топ əр  оқушыға баға қояды. Жүргізуші баға қойылған 
қағазды  мұғалімге  береді.  Мұғалім  өз  кезегінде 2-3 оқушының 
білімін  тексеруі  мүмкін.  Оқушылар  өз  жолдастарының  білімін 
дұрыс  бағалайтындықтан  мұғалімнің  бағасымен  тура  келіп  отыра-
ды. Барлық бағалар сынып журналына қойылады. 
Тапсырмалармен  өзара  алмасу,  бірыңғай  тапсырмаларды 
орындау бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын 
игеруде таптырмайтын əдіс. 
Бастауыш 
сынып 
мұғалімі 
математика 
сабақтарында 
оқушыларға  бір  жолмен  шығарылатын  бірыңғай  тапсырмаларды 
береді.  Осындай  тапсырмалардың  бірнеше  жұбы  карточкаларға 
жазылып, нөмірленеді.  
Мысалы, 4-сынып  оқушысы    Асқаров  бірінші  тапсырманың 
барлығын  шығарса,  Асанов  екінші  тапсырмалардың  жауаптарын 
біледі. Осындай болған жағдайда жұптаса жұмыс істей отырып, олар 
тапсырмаларымен  алмасады.  Бұл  алмасу  былайша  жүзеге  асады: 
Асқаров  Асановтың  бірінші  тапсырмадағы  теңдеуін  қайта  шешу 
арқылы  үйренеді.  Осылайша  ол  Асановтың  барлық  сұрақтарына 
жауап беріп, теңдеудің шығару жолын түсіндіреді. Теңдеудің шешуі 
немесе  қажетті  жазуларды  ол  Асановтың  дəптеріне  жаза  алады. 
Тура  осындай  жолмен  Асқаров  екінші  тапсырмадағы  теңдеулерді 
шешу  жолын  Асановқа  үйретеді.  Бұдан  соң  тапсырмадағы  екінші 
теңдеулерді  өз  беттерінше  шығарады  да,  дұрыстығын  тексереді. 
Осылайша олардың жұптасып жұмыс істеуі аяқталып, олар өздеріне 
басқа серік іздейді. 
Əрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындап, ауыспалы жұптардан 
басқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқаларды үйретуге дайын 
болған  кезде  ұжымдық  оқыту  түрі  енгізілді  деп  есептеледі.  Егер 
қандай  да  бір  тапсырманы  орындай  алмаған  жағдайда  мұғалім 
түсіндіру  жұмысын  жүргізеді.  Тапсырмаларды  орындау  кезінде 
білім-білік  дағдыларын  оқушының  игергенін  мұғалім  белгілеп 
отырады.  Əр  оқушының  аты-жөнінің    қарсысында  тапсырманың 
нөмірлері жазылған графаға нүкте қойылады. Бұл нүкте оқушы осы 
тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолын түсіндіре алады 
деген  сөз.  Жұптық  жұмыс  аяқталған  кезде  нүктенің  орнына «+» 
таңбасы  қойылады.  Əр  оқушы  əртүрлі  оқушымен  берілген  барлық 
тапсырманы орындап шығады.
Ең  алдымен 5-7 оқушыдан  тұратын  бірнеше  топтар 
ұйымдастырылады.  Бұл  топтар  карточкадағы  тапсырмалар 
бойынша  жұмыс  істейді.  Біраз  уақыттан  кейін  əр  топтан  барлық 
тапсырмаларды игереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа 
карточкалардағы  тапсырмаларды  орындайтын  жаңа  шағын  топтар 
пайда  болады.  Оқушылардың  іс-əрекетін  бақылайтын  карта  жеке, 
топтық немесе сыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының  
карточкадағы  аты-жөнінің  тұсына  нүкте,  тапсырманы  орындап 
болған соң баға қойылады.  
Бұл  технологияны  тəжірибеде  іске  асыру  бастауыш  сынып 
оқушыларының  тақырыпты  оқыту  циклін  өтуге  қажетті  уақыт 
бойынша  «дамуының»  мақсаттылығын  көрсетеді.  Оқыту  циклі 
түрінде  бастауыш  сынып  мұғалімі    мен  оқушылардың  іс-əрекет-
терінің  жиынтығы  түсіндіріледі,  бұл  оқушының  алдын  ала 
көрсеткіштері  берілген  мазмұнды  белгілі  бір  бөлігін  меңгеруге 
əкеледі.
Қорыта  келе,  бастауыш  сынып  оқушыларының  үлгерімі,  білім 
сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің 
өз  міндетіне,  қатынасына,  көзқарасына,  шеберлігіне  байланысты. 
Бала  мектеп  табалдырығын  оқып-үйренуге  деген  үлкен  ынтамен, 
ықыласпен  аттайды.  Оларды  қабілетті  жəне  қабілетсіз  деп  бөлуге 
болмайды.  Ал  мұғалім  өз  міндетін  тек  оқыту,  түсіндіру  деп  емес, 
ең  алдымен,  оқушылардың  оқу  еңбегін  танымдық  оқу  іс-əрекетін 
сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау