Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет56/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87

222
223
дайындауға жəне толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар 
бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары 
бойынша оқу-тəрбие үдерісін құруға жəне оқу пəндерінің мазмұнын 
қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін 
дифференциалды оқыту пікірін өңдеу жалғасты.
Осыған  байланысты  дифференциалды  оқыту  пікірін  өңдеу 
білім  берудің  регламенттік  мазмұны  негізінде  жүзеге  асты.  Бірақ 
ғылыми  көзқараста  дифференциалды  оқытудың  шекарасын 
анықтау  қажет  болды.  Осы  мəселеге  алғаш  рет 1946 жылы 
Н.К.  Гончаров  назар  аударды.  Ол  дифференциалды  оқытудың 
шекарасын  ғылымның  екі  тобы – табиғат  жəне  қоғам  негізінде 
анықтау  керек  деді. 50 жылдың  ортасында,  орта  мектепте 
дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық 
жұмысы  басталады.  Бұл  жұмысты  бастаушылар  М.А.Мельников, 
А.М.Арсеньев,  Н.К.Гончаров  болды.  Дифференциалды  оқыту 
бойынша  жүргізілген  экспериментті  жұмысты  ұйымдастырудың 
негізгі  принципі  келесілер  болды: «мектеп  үш  бірыңғай  міндетті 
шешу керек, яғни кəсіптік, политехникалық жəне жалпы білім беру, 
дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек».
Үйлесімді  бағдарламалар  жəне  пəндер  циклдері  бойынша 
бөлімдер құрылғанда дифференциалды оқыту басталды. Жалпы білім 
берудің  бірыңғай  көлемі  сақталды,  дифференциация  жалпы  білім 
беру пəндерімен бірге арнайы жəне тəжірибелі өндірістік дайындық 
пəндерін  қамтыды.  Осымен,  кеңестік  мектептегі  дифференциалды 
оқыту  шет  мемлекеттерінің  фуркациясынан  ерекшеленді,  яғни 
мұнда  дифференциация  екі  бағыт  бойынша:  математикалық 
жəне  гуманитарлық  жүргізілді.  Мектеп  практикасына  пəндерді 
тереңдетіп,  оқыту  бойынша  сыныптарды  жəне  факультативтерді 
енгізу  ниеттерінің  негізін  эксперименттік  тексеруге  байланысты 
жүргізілген  жұмысы 50 жылдың  аяғында  дифференциалды  оқыту 
тұжырымдамасын өңдеумен аяқталды.
1966  жылы  Кеңес  министрінің  «орта  жалпы  білім  беру 
мектептерінің жұмыстарын əрі қарай жалғастыру» қаулысы бойын-
ша дифференциалды оқытудың екі формасы енгізілді: тереңдетілген 
білім,  оқушылардың  қабілеттерін,  қызығушылықтарын,  кəсіптік 
хабарын жан-жақты дамыту.
Сонымен, 60-70 жылдары мектеп тəжірибесінде оқу үдерісіндегі 
дифференциацияның  келесі  түрлері:  факультативтік  сабақ,  арнайы 
кластар  жəне  гуманитарлық  пəндердің  агробиология,  физика, 
есептеу  техникасы,  математика  пəндерін  тереңдетіп  оқытатын 
арнайы мектептер пайда болды.
Теоретиктердің  берген  бағасы  практикаға  факультативтердің  
енгізілуі  дифференциалды  оқытудың  берілген  формаларын 
орындауда  дидактикалық  жəне  əдістемелік  жағынан  толық 
өңделмегендігін дəлелдеді.
Бірақ  зерттеудің  əр  түрлі  (əдістемелік,  дидактикалық, 
психологиялық) 
аспектілерінің 
қарқынды 
жүргізілген 
жұмыстарының  нəтижесінде  дифференциалды  оқытудың  аталған 
формаларын  енгізуде  жетістіктерге  жетті.  Сонымен,  В.А.Орлов 
қорытындылай келе, «факультативтер оқушыларда білімнің жоғары 
деңгейін  қалыптастыруда  өзінің  кең  қажеттілігін  жəне  өмірлік 
қабілетін көрсетті», - деді.
Ал, 70-жылдың  басында  дифференциалды  оқытудың  тиімді 
формасы  ретінде  арнайы  мектеп  жəне  сынып  шегінде  пəндерді 
тереңдетіп  оқыту  болып  табылады.  Дифференциалды  оқытудың 
осы  формасының  кеңінен  таралуы  үшін  қиыншылықтар  болды. 
Сондықтан  өз  уақытында  В.А.Орлов  пен  Э.И.Унт  пікірі  бойынша, 
пəндерді тереңдетіп оқыту оқушыларға терең білім береді.
Кеңестік мектепте дифференциалды оқыту пікірі құрылуының 
екінші кезеңін, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эголитарлық 
тəсіл  контекстінде  дифференциалды  оқыту  пікірінің  даму  кезеңі 
деп атауға болады. Ол дифференциалды оқытудың екі формасымен 
ерекшеленеді: 
 факультативтік сабақтар; 
 пəндерді тереңдетіп оқытуда арнайы кластар мен мектептерге 
бөлу. 
Осы екі форманың да мақсаты: білімді тереңдету, оқушылардың 
қабілеттерін,  қызығушылықтарын,  кəсіптік  хабарын  жан-жақты 
дамыту.
Дифференциалды 
оқытудың 
барлық 
формаларын 
ұйымдастырудағы  жетістіктер,  олардың  барлығы  негізінен 
оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, 
ал оқушылардың жеке ерекшеліктері толығымен ескерілмеді.
1895  жылы  білімдегі  педагогикалық  дағдарыс,  сонымен  қатар 
мектептік білім беру практикасындағы дифференциалды оқытудың 
жағдайы,  мектептегі  дифференциалды  оқытуды  жүзеге  асыруда 
жаңа амалдарды іздеуге итермеледі.


224
225
1990  жылдың  басы  дифференциалды  оқыту  тұжырымдамасы 
жəне жаңа пікірлердің тууы, мектептік білім беруде дифференциа-
ция мəселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі.
Тұжырымдама  авторлары  дифференциалды  оқытудың  қажетті 
шартын    халықтық  білім  беру  жүйесінде  пайда  болған  əлеуметтік 
келісілген  тенденция  жəне  екі  объективті,  яғни  кеңестік  мектепке 
бірыңғай  талап  жəне  тұлғаның  дамуына  қолайлы  жағдай  жасауды 
атап көрсетті.
Дифференциациялап оқытудың мақсаттары:
психологиялық-педагогикалық;
əлеуметтік; 
дидактикалық. 
Біз  үшін  дифференциалды  оқыту  мақсатының  бірінші  жəне 
үшінші бағыты қажет. 
Дифференциациялап  оқытудың  психологиялық-педагогикалық 
көзқарастағы  мақсаты:  əр  оқушының  қызығушылығы  мен 
бейімділігін  дамыту  жəне  талаптарды  анықтауға  тиімді  жағдай 
жасауға негізделген оқытуды даралау. 
Əлеуметтік  көзқарас  бойынша  дифференциациялап  оқытудың 
мақсаты:  ол  əрбір  қоғам  мүшесінің  социуммен  өзара  əрекет 
бейімділігін  ұтымды  пайдалану  мақсатымен  шығармашылық, 
интеллектуалдық,  кəсіби  қоғам  потенциалын  қалыптастыруына 
мақсаттылықпен əсер ету.
Дидактикалық 
көзқарас 
бойынша 
оқушыларды 
дифференциациялап  оқыту  үшін  жаңа  əдістемелік  жүйені  жасау 
жолымен толғағы жеткен мектеп проблемаларын шешу.
Дифференциация түрлері. В.М.Монахов, В.А.Орлов, В.В.Фирсов 
дифференциалды оқытудың келесі формасын ұсынады:
Сыртқы  дифференциация    (арнайы  мектептер  ұйымдастыру, 
тереңдетіп  оқыту  жəне  коррекциялық  сыныптар,  факультативтер, 
таңдау курстарын, т.б. ашу).
Ішкі дифференциация – əдеттегі сынып көлемінде əр оқушының 
даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың 
ұтымды түрін анықтау.
Элективті  дифференциация – бұл  оқушыларға  міндетті  оқу 
пəндерімен  қатар  бірнеше  пəндерді  қосымша  ретінде  оқуға  құқық 
беру.
Сыртқы дифференциация – біршама тұрақты топтарды арнайы 
принциптер  негізінде  (қызығушылық,  бейімділік,  қабілет,  жетістік 
нəтижелері, жобаланған мамандық) құрау болып табылады. Мұнда 
білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар өзгеше болады. 
Сыртқы  дифференциация  селективті  жүйе  көлемінде  (профильді 
сынып  жəне  пəндерді  тереңдетіп  оқыту  сыныбын  таңдау)  немесе 
элективті жүйе көлемінде іске асырылады.
Сыртқы  дифференциацияның  мəні  білім  беруде  оқушыларды 
таңдаған  бағытта  максимал  дамыту  мақсатымен  олардың  тұрақты 
қызығушылықтарын 
бейімділіктерінің 
жəне 
қабілеттерінің 
көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Қазіргі  кезеңде  мектепте 2 түрлі  сыртқы  дифференциация 
қолдануда:  факультативті  сабақтар  жəне  жеке  пəндерді  тереңдетіп 
оқыту сыныптары. 
Ішкі  дифференциация – бұл  кездейсоқ  белгілер  арқылы 
жиналған  оқушылардың  үлкен  тобын  əр  түрлі  оқыту.  Бұл  түр 
оқушылардың  дара  жəне  топтық  ерекшелігін  толық  ескеруге 
мүмкіндігіне  негізделген.  Ол  материалды  оқыту  темпін,  оқу 
тапсырмаларының дифференциациясын, əр түрлі іс-əрекетті таңдау, 
мұғалім  тарапынан  көмектің  мазмұны  мен  дəрежесін  мөлшерлеу 
вариативтілігін болжайды. Бұл əр түрлі деңгеймен əр түрлі əдістер 
арқылы  оқыту  жұмысын  жүзеге  асыру  мақсатымен  сыныптағы 
оқушыларды əр түрлі топтарға бөлуге мүмкіндік туғызады. Əдетте 
бұл  топтар  мобильді,  икемді,  жылжымалы  болады.  Қазіргі  кездегі 
ішкі  дифференциацияның  ерекшелігі  ол  тек  оқуда  қиындық 
сезген  оқушыларға  ғана  емес,  сонымен  бірге  дарынды  балаларға 
бағытталған.  Ішкі  дифференциация  оқушылардың  даралық 
ерекшелігін ескере отырып дəстүрлі түрде немесе оқыту нəтижелерін 
жоспарлау  негізіндегі  деңгейлік  дифференциация  жүйесі  түрінде 
жүзеге асады.
Ішкі  дифференциацияның  мəні  əдетте  бағдарламалық 
материалды 
бірде-бір 
меңгеру 
деңгейіне 
оқушылардың 
психологиялық-педагогикалық  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
индивидуалдық жолмен оқыту түрлері мен əдістерін қолдану болып 
табылады.
Авторлар  алғаш  рет  ішкі  дифференциацияны  оқытудың 
нəтижесін  жоспарлауда  деңгейлік  дифференциация    жүйесінің 
формасын да жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті.
Деңгейлік дифференциация оқушыларды бірдей бағдарламамен 
оқытып  отырып,  əр  түрлі  жоспарланған  деңгейде  меңгеру  құқығы 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау