Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет13/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87

50
51
Мұғалім  оқушының  өз  бетімен  жұмыс  жасауына  ықпал  етеді. 
Мұндай  жағдайда  балаларды  «Кім  шапшаң?», «Ойлан  тап»,  т.б. 
ойындары  арқылы  да  ойлантуға  болады.  Ойын  баланың  досы, 
бала  кез  келген  уақытта  ойын  арқылы  өзінің  ойын  қорытындылап 
отырады.
Тұлға  дегеніміз  тұтастай  тұратын  құрылым  жəне  ол  біртұтас 
педагогикалық  үдеріспен  байланысты  (Ильин  В.  С.).  Демек  педа-
гогикалық  технология  да  осы  педагогикалық  үдерістің  басты 
белгісіне сəйкес болуы керек.
Педагогикалық  технология – педагогикалық  қолданбалы 
сипаты бар,  бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың 
практикалық  жалғасы.  Ол  классикалық  дидактиканы  дамытады, 
мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары;
ə)  оның  диагностикалық  мақсаттылығы,  аяқталғандық, 
əлеуметтік  жəне  табиғатқа  сəйкестілік,  барлық  үдерістердің 
қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) 
Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, 
əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, 
қарым-қатынас,  аудиовизуальды  білім  беру  жəне  кибернетика 
элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып 
отыр.
Педагогикалық  технология  саласындағы  теориялық  жəне 
практикалық  ізденушілерді  бір  жерге  топтастыру  айналасындағы 
қызмет  бағыттарын  анықтайды.  Бұл  жерде  ізденудің  шеберлігі – 
педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан 
тұрады. «Жаңа  педагогикалық  технология»  терминологиялық 
тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік 
деп  аталатын  негізгі  үш  педагогикалық  технология  бар  екенін 
білеміз.
Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік 
қабілетін дамытуға байланысты.
Креативтік  технология  шығармашылық  ойды,  ұқыптылықты, 
қабілеттілікті дамытады.
Когнативтік  технологияда  қоғамымызда  осы  дəуірге  дейін 
жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең 
үйретіліп,  оны  оқушы  келешек  өмірімізде  пайдалана  алатындай 
жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады.
«Жаңа 
педагогикалық 
технология» – əрбір 
сабақта 
пайдаланатын,  өте  қажетті,  сол  тақырыпты  оқушыға  жеткізудің, 
түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту 
формасын,  əдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалық 
қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің  педагогтарына  өзіне 
оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,  педагогикалық  үдерісті  кез  келген 
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
«Білім  туралы»  Заңда  қабылданған  білім  беру  жүйесінің  жаңа 
моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне 
сəйкестендірілген.  Осы  заңның 8 бабында  білім  беру  жүйесінің 
басым  міндеті  ретінде  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, 
ғаламдық,  коммуникациялық  желілеріне  шығу  деп  аталып  отыр. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 
интеллектуалды,  кəсіптік  адамгершілік,  рухани,  азаматтық 
келбеттерінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-
тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
4.2.  Педагогикалық технологиялардың негізгі 
элементтері
Педагогикалық  технология  дұрыс  жобаланған  болу  үшін 
міндетті түрде төмендегі 5 элемент болуы қажет.
1.  Мақсат  қою.  Мұғалім  курстық  тараудың  көлемінде  оқу 
үдерісінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу 
нəтижесі оқу мақсаттарын құру. 2-5 минут аралығында болады.
2.  Болжау.  Оқушылар  білімін  болжау  дегеніміз – деңгейлік 
оқытуға бағытталып құрылған үздік жұмыс. Əрбір шағын мақсатқа 
сəйкес  болжау  жұмысы  болады  жəне  ол  шағын  мақсаттың 
орындалуын анықтайды. 
3.  Оқушылардың  сабақтан  тыс  өз  бетімен  орындайтын 
жұмыстары.  Деңгейлік  мөлшерде  саралап  алынған  тапсырмалар 
жиынтығы.
4.  Логикалық  құрылым.  Шағын  мақсаттық  мазмұны  мен  саны 
оқушылардың  даму  аймағын  жəне  уақыт  бойынша  əр  аймақтың 
ұзақтығын орындаумен аяқталады.
5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек: 


52
53
-  қарастырып 
отырған 
сұрақтарда 
мүмкін 
болатын 
қиындықтар;
-  оқушылардың көп жіберетін қателіктері;
-  оқушының  оқу  стандарты  талабының  деңгейіне  көтерудің 
педагогикаға тəн шараларының жүйесі.
4.3. Педагогикалық технологиялардың құрылымы
 Педагогикалық 
технология
Классификациясы
1.1. Пайдалану деңгейі 
бойынша
Жалпы  педагогикалық  жеке  пəндік 
жəне 
əдістемелік, 
жергілікті, 
модульді жəне тар əдістемелік.
1.2.  Философиялық негізі 
бойынша
Материализм 
жəне 
идеализм; 
ғылым, дін жəне табиғи жинақылық, 
гуманизм 
жəне 
антигуманизм, 
антрософия 
жəне 
теософия, 
прагматизм  жəне  экзастенциализм, 
еркін тəрбие жəне еркіндік.
1.3. Психологиялық 
дамудың жетекші 
факторлары бойынша
Биогендік, 
социогендік, 
психогендік, идеалистік.
1.4. Тəжірибені меңгерудегі 
ғылыми тұжырымдама 
бойынша
Құрамды-рефлекторлы.  Гештальд 
технологиялары  интериогаторлық, 
сугистивтік, 
нейтролингвистік 
бағдарламалары.
1.5. Жеке бас құрылымының 
бағыты бойынша
Ақпараттық  ББД.  Ықпалды  ақыл-
ой-əрекет  əдістері,  өзіндік  дамыту 
–  жеке  бастың  басқару  механизмі, 
сезімді-өнегелілік. 
Эстетикалық 
жəне  өнегелілік  қарым-қатынас 
аумағы,  қолданбалық  практикалық 
əрекет 
аумағы, 
эвристикалық, 
шығармашылық қабілеттілік.
1.6. Мазмұндық жəне 
құрылымдық сипаттамасы 
бойынша
Тəрбиелілік  жəне  оқытушылық, 
зиялы 
жəне 
діни, 
жалпы 
білім 
беретін 
жəне 
кəсіби 
бағыттағы,  гуманитарлық  жəне 
технократиялық,  салалы,  пəндік, 
монотехнология, политехнология.
1.7. Танымдық қызметі 
басқару түрлері бойынша
Классикалық лекциялық, оқытудың 
техникалық  құрылымымен  оқыту, 
консультант, 
репетитор, 
кітап 
бойынша 
оқыту, 
компьютерлік 
оқыту,  бағдарламалық  жаттығулар, 
топтық 
жəне 
саралап 
оқыту 
əдістерінің жүйесі.
1.8. Ұйымдастыру 
формалары бойынша
Сыныптық 
оқыту, 
баламалық, 
жекелей,  топтық,  ұжымдық  оқыту 
əдісі,  саралап  оқыту,  академиялық 
жəне отаулық.
1.9. Балаға ықпал жасау 
түрлері бойынша
Беделдік, дидактикалық орталықты, 
жекеше 
бағыттағы, 
ізгілікті-
дербестік,  ынтымақтастық,  еркін 
тəрбие.
1.10. Тəсіл, əдіс, құралдары 
бойынша
Догматикалық    жəне  репродук-
тивтік, 
түсіндірмелік-көркемдік, 
проблемалық  жəне  ізденушілік, 
шығармашылық,  диалогтық  ойын, 
ақпараттық, 
дамытушылық-
бағдарламалық 
оқыту, 
өзіндік 
дамытушылық.
1.11. Оқыту категориясы 
бойынша
Жаппай,  ілгерілету,  теңелту,  қиын-
дық,  дарындық,  технологиялары, 
виктимологиялық.
1.12. Жүйелердің 
бағыттылығы бойынша
Демократизация жəне гуманизация. 
Қарқындылық, 
əдістемелік 
жетілдіру,  табиғи  жинақтылық, 
баламалық, 
авторлық, 
басқару 
тиімділігі.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау