Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



жүктеу 3,69 Mb.
Pdf просмотр
бет105/126
Дата17.10.2023
өлшемі3,69 Mb.
#43872
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126
mendebaev-sapany (1)

тәуелсіз анықталу
деп аталады. 
Жасап шығару мен жобалаудың шығыс мәліметтері дәл соның кіріс 
мәліметтеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізу үшін өңдеу мен жобаның 
анықталуы жоспарланған іс-шараларға сай жүзеге асуы тиіс. Анықтау 
мен қажет болатын барлық әрекеттердің нәтижелерінің жазбасы жұмыс 
жағдайында бекітілуі керек.


216
Сатып алынған өнімді анықтау үдерісінде ұйым сатып алынған 
өнімнің орнатылған талаптар мен сатылымға сай келуін қамтамасыз 
етуге қажетті бақылауды немесе басқа да қызметті жасап шығаруы 
тиіс. Егер ұйым немесе оның тұтынушысы анықтауды жеткізіп беруші 
кәсіпорынында жүзеге асыруды қаласа, онда ұйым сатылым туралы 
ақпаратта тексеріс бойынша іс-шаралар мен өнімнің жеткізіп берушіден 
шығу тәртібі бойынша тұжырымдалатын іс-шараларды орнатуы тиіс.
Бұл үдеріс үдеріске даярлық пен анықтаудан тұрады. 
6.7.5. Шынайыландыру (валидация) үдерісі 
Шынайыландыру үдерісі нақты пайдалануға немесе қолдануға 
арналған талаптар орындалғанына объективті түрде куәгерліктері 
көрсеткіштерінің негізінде бекітуді орнатады. Қолдану шарттары шы-
найы және модельденген болуы мүмкін. 
Өнімді шынайыландыру оның тұтынушылар және басқа да 
қызығушылық танытушы тараптардың күтілімдері мен талаптарын 
қанағаттандыру қабілетін көрсетуі тиіс. 
Шынайыландыруға модельдеу, имитациялау мен сынақтан өткізу, 
сондай-ақ тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытушы тарап-
тармен бірге талдау жасау кіреді. 
Назарға алынуы тиіс сұрақтар төмендегідей түрде болады:
– сапа саласындағы мақсаттар мен саясат;
– құрылғылардың жіктелуі мен біліктіліктерін арттыру;
– өнімді тасымалдау шарты;
– өнімді қолдану немесе пайдалану;
өнімді пайдалану
– өнімнің өміршеңдік кезеңі;
– өнімнің қоршаған ортаға әсері;
– табиғат ресурстарын, оның ішінде материалдар мен энергияны 
пайдалану әсері.
Үдеріске әсер етуші өзгеріске өз уақытында әсерін қамтамасыз ету 
үшін шынайыландыру үдерісін сәйкес интервалдар арқылы жүргізген 
дұрыс. 
Шынайыландыру үдерісіне өте қатты көңіл аударылады:
– ерекше құнды өнім мен қауіпсіздікке қашық тұрғыдағы талаптары 
бар өнімдер үшін;
– өнімнің кемшіліктері пайдалану кезінде ғана белгілі болуы мүмкін 
орын; 
– шынайыландыру қайталануы мүмкін емес орын;
– өнімді шынайыландыру мүмкін емес болатын орын. 


217
Өнімге немесе үдеріске өзгеріс енгізу ұйымға пайдалы және 
қызығушылық танытқан талаптардың күтулері мен талаптарын 
қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін ұйымға өзгерістерді 
эффектілі және нәтижелі басқару үдерісін ендіру қажет. Өзгерістерді 
анықтау, тіркеу, бағалау, талдау және оның басқа үдерістерге әсер ету 
деңгейін түсіну үшін басқаруға беру, сондай-ақ тұтынушылар мен 
басқа да қызығушылық танытушы тараптардың күтулері мен талапта-
рын анықтау керек. 
Үдерістегі өнім сипаттамасына әсер ететін кез келген өзгерістерді 
тіркеу керек және өнім сәйкестігін бекітіп, түзеткен жұмыстары бой-
ынша немесе ұйым жұмысын жақсарту бойынша ақпарат келтіру үшін 
қызметкерді барлық істерден хабардар етіп отыру керек. Басқаруды 
қамтамасыз ету мақсатында өзгерістерді белгілеп алу үшін лауазымдар-
ды анықтап алған жөн. Үдерістің шығысы өнім болған жағдайда, дұрыс 
әрекетке көз жеткізе алу үшін кез келген сәйкес өзгерістен кейін өнімді 
бекітіп отырады. 
Үдерістердің кемшіліктері мен бас тартуларын бекітуді ескерту 
мақсатында модельдеу әдістерін қолдану қарастырылу мүмкін. 
Қауіптердің пайда болу мүмкіндігі мен ықтимал бас тартулардың 
нәтижесі немесе үдерістердің кемшіліктерін бағалау қажет. Нәтижелерді 
идентификацияланған қауіптерді азайту мақсатында ескертуші 
әрекеттерді анықтау мен жүзеге асыру үшін пайдаланған дұрыс. 
Қауіптерді бағалау құралдарының мысалдары:
– бас тарту салдары мен сипатын талдау;
– бас тарту бұтағын талдау;
– тәуелділік диаграммалары;
– модельдеу әдістері;
– бас тартпауды болжау.

жүктеу 3,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау