54
Борышкер жөнiнде оңалту рəсiмiн жүзеге асыру кезеңiнде заңды
тұлғаның барлық органдарының мүлiк пен iс басқару жөнiндегi
өкiлеттiгi өзiне ауысатын оңалтуды басқарушы тағайындалады.
Оңалту рəсімі енгізілген кезден бастап борышкер берешегінің барлық
түрі бойынша тұрақсыздық төлемін (өсімпұлдарды, айыппұлдарды),
сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есептеу
тоқтатылады. Оңалту рəсімдерін жүзеге асыру мерзімі 3 жылдан
аспуы тиіс. Оңалту рəсімі сəтті аяқталған ретте сот борышқордың
банкроттығы туралы іс жөніндегі өндірісті қысқарту туралы ұйғарым
шығарады. Егер оңалту рəсiмiнiң мақсатына қол жеткiзу мүмкiн бол-
маса, іс жөніндегі өндіріс конкурстық өндіріс сатысына ауысады.
Конкурстық өндіріс барысында банкрот болған борышкер мүлігінен
конкурстық массаны ұйымдастырып, несие берушілердің талаптарын
қанағаттандырады, кəсіпорынның таратылуын жүзеге асырады. Сот,
кредиторлар комитетi, банкрот, конкурстық басқарушы уəкiлеттi ор-
ган жəне басқа да мүдделi адамдар конкурс жүргiзуге қатысушылар
болып табылады. Конкурстық басқарушы жалпылай алғанда, тара-
ту комиссиясының міндеттеріне ұқсас өкілеттіктерді жүзеге асыра-
ды. Сонымен қатар, оның бірқатар өкілеттіктері арнайы сипатқа ие.
Атап айтқанда, ол борышқордың несие берушілердің алдындағы
жауапкершіліктен жалтару жəне олардың мүдделеріне залал келтіру
мақсатында жасаған мəмілелерін сотта даулайды, ұйымды банкрот-
тық жағдайына жеткізген тұлғаларды айқындайды, конкурстық масса-
ны өткізу жоспарын əзірлейді. Несие берушілерде банкроттық ісінде
белсенді орын алады. Борышкерге өз талаптарын несие берушілер
бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланған күннен бастап екі
ай ішінде қоюы тиіс.
Қолданыстағы заңнамада банкроттықтың бірқатар арнайы
рəсімдері қарастырылады: оңайлатылған рəсімдері, дəрмен-
сіз борышқорды соттан тыс тарату, негізді құраушы басты кəсі-
порындардың банкроттығы.
Банкроттықты болжаудың құқықтық қырлары. Банкроттық болуы
аса қаланбайтын рəсімдер болып табылады. Сондықтан да болуы
ерекше белгілермен сипатталады жəне банкроттықты болдырмау үшін
осы ерекше, арнайы белгілері ескерілуі тиіс. Оларға төмендегілер жа-
тады:
а) өндірістің қызметінде созылмалы үзілістер (тұрып қалу, жұмыс
істемеу);
б) өз қаражатының үнемі жетіспеуі жəне мерзімі өтіп кеткен
міндеттерді өтей алмаушылығы;
55
в) шұғыл түрде несиелік қарыздары өсуі;
г) тұрақты қызметті сақтау мақсатында қысқа мерзімді қарыздар
алу қажеттілігінің өсуі;
д) дебиторлық қарыздардың жоғары үлес салмағы
е) несиені өтеуге төмен индекс (низкий индекс кредитоспособно-
сти)
ж) пайдалы əрісптестері мен тапсырыс берушілерін жоғалту
з) кəсіпорынның нарықтық құны төмендеуі
и) жетекші жəне тəжірибелі мамандардың кетуі
3.1.3. Тапсырмалар
Есеп 2-1
АҚ жұмысшысы Кучеренко АҚ банкроттығы туралы сотқа та-
лап арыз береді. Өзінің талап арызында жұмысшы 5 ай бойы жалақы
алмағанын жəне əкімшілікке қойған барлық талаптары нəтижесіз
болғандығын көрсеткен.
Сот Кучеренконың банкроттық туралы арыз беруіне құқығы
жоқтығына сілтеп, талап арызын қабылдамайды, бірақ АҚ-нан бере-
шек сомасын өндіріп алу үшін талап тəртібі бойынша талап қоя ала-
ды деген.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Сот дұрыс шешім қабылдады ма?
2. Сотта банроттық өндіріс туралы істі кім бастамашылық етуге
құқылы?
3. Сотқа жүгіну үшін несие берушілер мен борышкерде қандай
негіз болуы тиіс?
3.1.4. Тест
1. Банкроттықтың дұрыс ұғымын көрсетіңіз:
а) ол борышкердің сот шешімімен белгіленген несие берушілер-
дің ақшалай талаптарын қанағаттандыру мүмкінсіздігі
b) ол борышкердің сот шешімімен белгіленген заттарды қайтару,
тапсырысты орындау, қызмет көрсету бойынша міндеттерін орындай
алмауы
с) ол сот шешімімен белгіленген борышкердің табыссыздығы
d) ол ерікті түрде белгіленген борышкердің дəрменсіздігі
56
2. Аталған тұлғалардың қайсысы банкрот субъектісі болып
табылады:
а) барлық жеке жəне заңды тұлғалар
b) заңды тұлғалар жəне жеке кəсіпкерлер
c) тек заңды тұлғалар
d) мемлекет жəне заңды тұлғалар
4. Көрсетілген тұлғалардың қайсысы банкрот субъектісі бол-
майды:
a) акционерлік қоғамдар
b) шаруашылық серіктестіктер
c) жеке кəсіпкерлер
d) қазыналық кəсіпорындар
5. Заңды тұлғаны тарату кезінде несие берушілердің кінə қою
мерзімі неше айдан кем болмауы тиіс?
а) 6 айдан
b) 3 айдан
с) 1 айдан
d) 2 айдан
3.1.5. Нормативтік актілердің тізімі
ҚР Азаматтық кодексі (жалпы жəне ерекше бөлім) (өзгерістер мен
толықтырулармен бірге).
«Банкроттық туралы» ҚР 1997 жылдың 21 қаңтарындағы Заңы
(өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
«Жеке кəсіпкерлік туралы» ҚР 2006 жылдың 31 қаңтарындағы
Заңы (өзгерістер мен толықтырулармен бірге).
57
4-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдық-
құқықтық нысандары
4.1. Коммерциялық заңды тұлғалар: шаруашылық
серіктестіктер, мемлекеттік кəсіпорын, өндірістік кооператив,
акционерлік қоғам
4.2. Коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық
бірлестік, қор, тұтыну кооперативі, қауымдастық
4.3. Тапсырмалар
4.4. Тестілер
4.5. Нормативтік актілердің тізімі
4.1. Коммерциялық заңды тұлғалар: шаруашылық
серіктестіктер, мемлекеттік кəсіпорын, өндірістік кооператив,
акционерлік қоғам
ҚР заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарына талдау
жасауға кірісерден алдын, ҚР заңнамасы тұрғысынан кəсіпкерлік
қызметтің жалпы сипаттамасын беру қажет көрінеді. Өйткені
көптеген заңды тұлғалар шаруашылық қызметпен айналысады жəне
оның қарапайым азаматтар түсетін күнделікті мүліктік қатынастарға
қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие екендігі сөзсіз. Сондай-ақ заң
шығарушының өзі де кəсіпкерліктің негізгі ережелерін ҚР Азаматтық
кодексінің алғашқы баптарында нормативті бекітуді қажет санайды.
Сонымен, ҚР АК 10-бабына сəйкес кəсiпкерлiк – меншiк түр-
лерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға
(жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза
табыс табуға бағытталған, жекеменшiкке (жеке кəсiпкерлiк)
не мемлекеттiк кəсiпорынды шаруашылық басқару құқығына
(мемлекеттiк кəсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кəсiпкерлiк
қызмет кəсiпкердiң атынан, оның тəуекел етуiмен жəне мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
Құқықтық мағынасында кəсіпкерлік тəуекел бірнеше нысандар-
да көрініс табады:
1) тапсырыс берілген тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді
қолданудың тиімсіздігі кəсіпкерді ол тауарларды, жұмыстарды жəне
қызметтерді қабылдап алу мен ақы төлеуден босатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |