Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет67/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

216
Алдын  ала  жасалатын  шартта  негiзгi  шарттың  мəнiн,  сондай-ақ 
басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер 
болуға тиiс.
Алдын  ала  жасалатын  шартта  тараптар  негiзгi  шартты  жасасуға 
мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта 
мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған 
кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс.
Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан 
жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, 
осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi.
Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер та-
раптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасал-
маса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс 
жiбермесе, тоқтатылады.
Егер  ниеттер  туралы  хаттамада  (ниеттер  туралы  шартта) 
тараптардың  оған  алдын  ала  жасалатын  шарт  күшiн  беру  ниеттерi 
тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды 
жəне оның орындалмауы заңдық зардаптарға əкелiп соқтырмайды.
Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт болып тараптар 
несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген жəне 
борышқордан  мiндеттеменi  өзiнiң  пайдасына  орындауды  талап  ету-
ге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп 
көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып та-
нылады.
Егер  заңдарда  немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  үшiншi  жақ 
борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген 
кезден  бастап  тараптар  өздерi  жасасқан  шартты  үшiншi  жақтың 
келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды.
Борышқор  шартта  өзiнiң  несие  берушiге  қарсы  қоя  алатындай 
қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы.
Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан 
ретте несие берушi, егер заңдарға жəне шартқа қайшы келмесе, бұл 
құқықты пайдалана алады.
Биржалық  мəмiлелер – нысаны  биржадағы  айналысқа  жiбе-
рiлген  мүлiк  болып  табылатын  жəне  тиiстi  биржалар  (тауар,  қор 
жəне  басқа)  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен 
биржалық сауда ережелерiне сəйкес, онымен сауда-саттық жүргiзуге 
қатысатындармен жасалатын мəмiлелер болып табылады.
Биржалық  мəмiлелер  осы  мəмiлелердiң  жасалғандығын  растау 
үшiн биржа беретiн құжаттармен рəсiмделедi.


217
Егер заңдардан, тараптардың келiсiмiнен немесе мəмiленiң мəнi-
нен  өзге  жағдайлар  туындамаса,  биржалық  мəмiлелерге  олардың 
мазмұнына  қарай  тиiстi  шарт  (сатып  алу-сату,  комиссиялар  жəне 
басқалар) туралы ережелер қолданылады.
Заңдарда  немесе  биржалық  сауда  ережелерiнде  тараптардың 
коммерциялық құпиясы болып табылатын жəне олардың келiсiмiнсiз 
жария  етуге  жатпайтын  биржалық  мəмiлелердiң  ережелерi  көзделуi 
мүмкiн.
Биржалық  мəмiлелер  жасасуға  байланысты  даулар  тиiстi  биржа 
жанындағы  биржа  төрелiгiнде  қаралады,  оның  шешiмiне  сотта  дау 
айтылуы мүмкiн.
Құнды  жəне  құнсыз  шарттар.  Құнды  шарттар  дегеніміз – бір 
тараптың  мүлік  ұсынуы  екінші  жақтың  да  мүлік  ұсынуын  талап 
ететін  шарт  түрі.  Құнсызда  керісінше,  бір  жақтың  мүлік  ұсынуы 
екінші жақтың мүлік ұсынуын талап етпейді. М: сатып алу сату шар-
ты – құнды шарт, ол құнсыз болуы мүмкін емес те. Ал сыйға тарту 
шарты өзіні ң заңдық табиғаты бойынша қарама қарсы болып келеді. 
Яғни,  екінші  жақ  ешқандай  құнды  мүлік  бермейді.  Кейбір  шарттар 
құнды да, құнсыз да болуы мүмкін. Яғни, бір тараптың ұсынғанының 
орнына бір нəрсе берілуі де берілмеуі де мүмкін.
11.3. Шарттың мазмұны
Шарттың мазмұнын оның ережелерінің жиынтығы құрайды. Заң-
дарда  тікелей  қарастырылған  жағдайларды  қоспағанда,  шарттың 
ережелері тараптардың келісімдері бойынша айқындалады.
Шарттың  ережесi  заңдарға  сəйкес  қолданылатын  қалыппен 
көзделген  реттерде,  егер  тараптардың  келiсiмiмен  өзгеше  (дис-
позитивтiк  қалып)  белгiленбесе,  тараптар  өздерiнiң  келiсiмдерiмен 
қалыптың  қолданылуын  жоя  алады  немесе  сол  қалыпта  көзделген-
нен өзгеше жағдайды белгiлей алады.
Егер  шарттың  ережесiн  тараптар  немесе  диспозитивтiк  қалып 
бел гiлемеген  болса,  тиiстi  жағдайлар  тараптардың  қатынастарында 
қолданылатын  iскерлiк  қызмет  өрiсiндегi  əдеттегi  құқықтармен 
белгiленедi.
Шартта оның кейбiр ережелерi осындай шарттар үшiн əзiрленген 
жəне  баспада  басылып  шыққан  үлгi  ережелермен  белгiленетiнi 
көзделуi  мүмкiн.  Үлгi  ережелер  үлгi  шарт  немесе  мазмұнында  осы 
ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.


218
Шарт  тараптар  үшiн  оны  жасасу  кезiнде  қолданылып  жүрген 
заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) 
сəйкес келуге тиiс.
Егер  шарт  жасалғаннан  кейiн  шарт  жасалған  кезде  қолданылып 
жүрген  ережелерден  өзгеше,  тараптар  үшiн  мiндеттi  ережелер 
заңдармен  белгiленген  болса,  жасалған  шарттың  ережелерi  оның 
күнi  бұрын  жасалған  шарттардан  туындайтын  қатынастарға  да 
қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда өз 
күшiн сақтайды.
Шарттың ережелері елеулі жəне елеулі емес деп екіге жіктелінеді. 
Тараптар  арасында  шарттың  барлық  елеулi  ережелерi  бойынша 
тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кез-
де шарт жасалды деп есептеледi. Елеулі ережелер аталған шарт үшін 
міндетті  болып  табылады  жəне  осылар  жоқ  болған  ретте  шарттың 
заңнама  талаптарына  сəйкес  еместігі  себепті,  жарамсыз  деп  тануға 
болады.
Шарттың  мəнi  туралы  ережелер  заңдарда  елеулi  деп  танылған 
немесе  шарттардың  осы  түрi  үшiн  қажеттi  ережелер,  сондай-ақ  бiр 
тараптың  мəлiмдеуi  бойынша  келiсiмге  қол  жеткiзуге  тиiстi  барлық 
ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізу шартының талаптары:
Шарттың пəні;
Аудитті өткізу мерзімі;
Сəйкес қызмет көрсетулердің мөлшері;
Төлемақының мөлшері мен шарттары;
Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тараптардың жауапкершілігі;
Өзге де жағдайлар.
Кепілшартында көзделуі тиіс:
Кепіл пəні жəне оны бағалау;
Мəні, өлшемі жəне міндеттемелерді кепіл берушімен қамтамасыз 
етілген орындау мерзімі; 
кепілге салынған мүліктің қай тарапта болатынын белгілеу жəне 
оны қолдану мүмкіншілігін анықтау.
Мүлікті бағалау шартында болуы тиіс:
тапсырыс берушінің жəне бағалаушының аты,
бағалау объектісінің атауы мен орналасқан жері;
шарттың мақсаты;
бағалау түрі;


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау