Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет60/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68

193
серiктестiк мүлкiндегi үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық 
құқықтар жəне т.б. кепiл мəнi болып табылады. Кепілдің пəні кепіл 
құқығының өзі, яғни қайта кепілге салу болуы мүмкін.
Мерзiмдi  құқық  оның  əрекет  жасау  мерзiмi  бiткенге  дейiн  ғана 
кепiл мəнi бола алады. Егер кепiлге салынатын құқық құжатпен рас-
талатын болса, кепiлшарты құқық белгiлеушi құжатты беру арқылы 
ресiмделуi мүмкiн.
Бағалы  қағаздар  кепiл  пəні  болған  ретте,  олар  кепіл  ұстаушыға 
беріледі не банкте орналастырылады.
Ортақ меншiктi құрайтын мүлiк кепiлге барлық меншiк иелерiнiң 
келiсуiмен ғана берiлуi мүмкiн.
Жалпы  ережеге  сəйкес  кепiл  талапты  оның  нақты  қана-
ғаттандырылатын  кезiндегi  көлемдi,  яғни  сыйақыны  (мүдденi)  қоса 
алғанда,  орындау  мерзiмiн  өткiзiп  алу  арқылы  келтiрiлген  шы-
ғындардың өтелуiн, айып (айыппұл, өсiм) салуды, кепiлге салынған 
мүлiктi  ұстау  жөнiндегi  қажеттi  шығындарды,  сондай-ақ  өндiрiп 
алу  жөнiндегi  шығындарды  өтеудi  қамтамасыз  етедi.  Кепілге  салы-
натын мүліктің құны негізгі борыштың сомасынан асып тұруы тиіс. 
Егер  борыштың  сомасы  кейіннен  ұлғаятын  болса  (мысалы,  сыйақы 
мөлшеріне),  онда  несие  беруші  борыштың  қайта  қалыптасқан 
бөліктерін  жабу  үшін  кепілге  салынған  мүліктің  құнының  есебінен 
өндіріп алуға құқылы.
Заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше бекітілуі мүмкін.
Кепіл туралы шарттағы тараптардың құқықтары мен міндеттері:
Кепiл  ұстаушыға  оның  иеленуiне  берiлген  кепiлге  салынған 
мүлiктi  сақтандыру  мiндетi  шартпен  немесе  заң  құжаттарымен 
жүктелуi  мүмкiн.  Кепiл  берушiнiң  пайдалануында  қалатын  кепiлге 
салынған мүлiктi сақтандыру кепiл берушiге жүктеледi.
Кепiл берушi немесе кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiк олардың 
қайсысында  екенiне  қарай,  кепiлге  салынған  мүлiктiң  сақталуын 
қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қолдануға міндетті жəне мұны 
орындамаған ретте туындаған шығандарға жауапкершілікке тартылу 
тəуекелін көтереді. Кепiл ұстаушы жəне кепiл берушi басқа тарапта 
тұрған  кепiлге  салынған  мүлiктi  құжаттар  бойынша  жəне  оның  iс 
жүзiнде  бар  екендiгiн,  көлемiн,  жай-күйiн  жəне  сақталу  жағдайын 
тексеруге құқылы.
Кепіл  ұстаушының  кінəсінен  кепiлге  салынған  мүлiктiң  жоғалу 
немесе бүлiну қаупi туған жағдайда кепiл берушi кепiлдiң мерзiмiнен 
бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы.


194
Егер кепiл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепiл берушi кепiлге 
салынған мүлiктiң кездейсоқ қирау немесе бүлiну тəуекелiн мойнына 
алады.
Кепiл ұстаушыға берiлген мүлік толық немесе iшiнара жоғалған 
немесе  бүлiнген  ретте  кепіл  ұстаушының  кінəлілігі  презумпциясы 
қолданылады. Ол өзінің кінəсінің жоқ екендігін дəлелдей алған ретте 
ғана жауапкершіліктен босатылады. Кепiл ұстаушы кепiлге салынған 
нəрсенiң  жоғалғаны  үшiн  оның  нақты  құны  мөлшерiнде,  ал  оның 
зақымданғаны үшiн кепiлге салынған нəрсенiң кепiл ұстаушыға оны 
берген  кезде  бағаланған  сомасына  қарамастан,  осы  құн  төмендеген 
сома мөлшерiнде жауап бередi.
Кепіл беруші кепiлге салынған мүлікті, егер заң құжаттарында не-
месе  шартта  өзгеше  көзделмесе  (мысалы,  айналымдағы  тауарларды 
кепілге салу), кепiл ұстаушының келiсiмiмен ғана ауыстыра алады.
Егер  кепiлге  салынатын  нəрсе  жойылса  немесе  бүлiнсе,  кепiл 
берушi оны қалпына келтiруге немесе оны басқа бiр сондай мүлiкпен 
алмастыруға құқылы. Бұл оның міндеті емес, құқығы болып табыла-
ды. Кепіл беруші өзінің осы құқығын қолданған ретте кепіл ұстаушы 
басқа мүлікті қабылдауға міндетті.
Ипотека  кезінде  меншік  иесі  ретіндегі  кепіл  беруші  кепілге 
салынған мүлікті пайдалануға құқылы. Алайда, шартта егер, мүлікті 
пайдалану оның нашарлауына немесе құнының төмендеуіне əкелетін 
болса,  мұндай  пайдалануға  тыйым  салынуы  не  шектеу  қойылуы 
мүмкін. Кепіл пəніне тек, кепіл беруші ғана билік ете алады, ал кепіл 
ұстаушы  оның  бұл  өкілеттілігін  тек  шектей  алады.  Мысалы,  шарт-
та  кепіл  беруші  кепіл  пəніне  тек,  кепіл  ұстаушының  келісімімен 
ғана  билік  ете  алатындығы  көзделуі  мүмкін.  Кепіл  ұстаушы  ешбір 
жағдайда  кепіл  пəніне  билік  ете  алмайды,  ал  егер  шартта  рұқсат 
етілсе, пайдалана алады.
Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен 
тіпті,  кепіл  берушінің  өзінен  талап  етуге  құқылы.  Бұдан  кепілдің 
заттық-құқықтық сипаты айқын көрінеді. Демек, кепіл ұстаушы өзін 
меншік иесі сияқты ұстайды жəне иеліктен айыруға байланысы жоқ 
өзінің кепіл құқығына болатын кедергілерді алып тастауды талап ете 
алады.
Егер  борышқор  өзінің  міндеттемесін  бұзса,  кепілге  салынған 
мүліктен ақы өндіріп алуға жол беріледі. Бірақ бұл кепіл ұстаушының 
міндеті  емес,  құқығы  болып  табылады.  Ол  өзінің  талабын 
қанағаттандырудың өзге бір əдісін таңдауы мүмкін.


195
Несие берушінің талаптарын қанағаттандыру сот тəртібімен жүр-
гізіледі.  Егер,  заңнамалық  актілерде  немесе  шартта  көзделген  ретте 
соттан тыс тəртіп орын алуы мүмкін. Мысалы, ҚР АК 318-бабында 
кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс күштеу тəртiбiмен 
өз бетiмен сатуға құқылы екендігі бекітілген.
Несие беруші талабы мен кепілге салынған мүліктің құны сəйкес 
келмеген ретте егер, борышқордың бұзушылығы болмашы ғана бол-
са, заң кепіл берушінің мүдделерін қорғайды. Борышқордың өтініші 
бойынша сот кепіл пəнінен өндіріп алуды қанағаттандырудан бас тар-
туы мүмкін.
Соттың  шешімі  бойынша  кепілге  салынған  мүлікті  сату  жария 
сауда  арқылы  жүргізіледі.  Сатудың  ерекшеліктері  ҚР  АК 319-ба-
бында жəне «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңында 
айқындалған. Егер сату соттан тыс тəртіпте жүргізілсе, онда сауданы 
кепіл ұстаушының өкілі жүргізеді.
Кепіл  ұстаушы  кепілге  салынған  мүлікті  сауда  өткізбестен,  өз 
меншігіне  тек  айрықша  жағдайларда  ғана  айналдыра  алады.  Мы-
салы,  екіден  аз  сатып  алушылардың  қатысуына  байланысты  сау-
да өткізілмей қалса. Тіпті, бұл жағдайдың өзінде ол жаңа сауданың 
өткізілуін талап ете алады.
Сатудан кейін түскен қаражат есебінен несие беруші өзінің талап-
тарын  қанағаттандыра  алады.  Егер  кепiлге  салынған  мүлiктi  өткiзу 
кезiнде түскен сома кепiл ұстаушының талаптарын өтеуге жеткiлiксiз 
болса,  жеткiлiксiз  соманы  борышқордың  басқа  мүлкiнен  кепiлге 
негiзделген артықшылықты пайдаланбай-ақ алуға құқылы.
ҚР АК 321 жəне 322-баптарында кепіл туралы шартты мерзімінен 
бұрын  тоқтату  жағдайлары  қарастырылған.  Кепiлге  салынған  мүлiк 
кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып 
қалады.  Егер  кепілге  салынған  мүлік  ортақ  меншікке  түссе,  онда 
кепіл беруші тарапынан болатын тұлғалардың көптілігі орын алады 
жəне ол үлестік болып табылады.
Кепілдің  кейбір  түрлерін  заң  шығарушы  ҚР  АК  жекелеген  бап-
тарында реттеуді жөн санаған. Бұл айналымдағы тауарларды кепілге 
салу (327-бап) жəне заттарды ломбардқа кепілге салу (328-бап).
ҚР АК 303-бабының 5-тармағына сəйкес егер кепіл туралы шарт-
та өзгеше көзделмесе, кепіл нысанасы болып табылатын ақша банкке 
орналастырылады.  Осы  ақша  үшін  алынатын  сыйақы  (мүдде)  кепіл 
ұстаушыға тиесілі болады. Ақша кепіл ұстаушыға немесе өзге тұлға 
кепіл ақшаны пайдалану мүмкіндігін шектейтін шарттарды сақтаған 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау