Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет61/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68

196
кезде (банк сейфіне, сейфтің ұяшығына, сақтауға арналған жеке үй-
жайда сақтауға беру) осы тұлғаға берілуі мүмкін. Осындай тұлғаның 
кепіл  ақшаны  пайдалану  жөніндегі  шектеулерді  орындамауы  оның 
ақша берілген кезден бастап негізсіз байығаны үшін жауаптылығына 
негіз болып табылады.
ҚР АК 319-бабында былай делінеді: ақшаны жəне ақшалай мін-
деттеме  бойынша  құқықтарды  (талаптарды)  кепілге  беру  кезінде – 
кепілге қойылған осы мүлікті өткізу кепіл нысанасы болып табыла-
тын немесе ақшалай міндеттеме бойынша кепілге қойылған құқықтар 
(талаптар)  бойынша  тиесілі  ақшаны  кепіл  ұстаушыға  беру  жолы-
мен,  ал  кепіл  нысанасына  өндіріп  алу  қолданылған  кезде  ақшаны 
беру  мүмкін  болмаған  жағдайда  кепіл  берушінің  кепіл  нысанасына 
құқықтарын кепіл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүргізіледі.
Егер  кепіл  нысанасы  болып  табылатын  ақша  сомасы  кепіл 
ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерінен 
асып кетсе, айырма кепіл берушіге қайтарылады. Кепіл ұстаушының 
талаптарын өтеу үшін ақша сомасы жетпеген жағдайда, заңнамалық 
актілерде  немесе  шартта  өзгеше  нұсқау  болмаған  ретте,  ол  кепілде 
негізделген  артықшылықтарды  пайдаланбай,  жетпеген  соманы 
борышкердің басқадай мүлкінен алуға құқылы.
10.5. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
Азаматтық-құқықтық  жауаптылық – бұл  шартпен  немесе 
заңмен көзделген өзіне жүктелген міндеттемелерді бұзған борышкер-
ге қолданылатын мүліктік өндіріп алу.
ҚР  АК 349-бабына  сəйкес  мiндеттеменi  орындамау,  не 
тиiстi  дəрежеде  орындамау  (мезгiлiнде  орындамау,  тауарлар  мен 
жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген 
басқа  жағдайларды  бұзып  орындау) – тиiсiнше  орындамау  оның 
бұзылуы  деп  түсiнiледi.  Тиiстi  дəрежеде  орындауға  мүмкiндiк 
болмаған  жағдайда  борышқор  бұл  туралы  несие  берушiге  дереу 
хабарлауға мiндеттi.
Мiндеттеменi бұзғандығы үшiн борышқорды жауапқа тарту несие 
берушiнiң талап етуi бойынша жүргiзiледi.
Жауаптылықтың нысаны мен мөлшері.
Шығындарды өтеу;
Айып төлеу;
Борышқордың жеке-дара анықталған затын алу.


197
Міндеттемені  бұзған  борышқор  несие  берушіге  келтірілген 
залалдардың орнын толтыруға міндетті. Залалдардың ұғымы ҚР АК 
9-бабының 4-тармағында берілген.
1) Нақты нұқсан – құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға 
тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы;
2)  Айырылып  қалған  пайда – сол  адамның  құқығы  бұзылмаған 
болса,  дағдылы  айналым  жағдайында  оның  алуына  болатын,  бiрақ 
алынбай қалған табыстары залалдар деп түсiнiледi.
Мiндеттеменiң  бұзылуынан  туындаған  залалдың  орнын  тол-
тырудан  борышқорды  босату  жөнiндегi  тараптардың  мiндеттеме 
бұзылғанға  дейiн  қабылдаған  келiсiмi  жарамсыз  болады,  алайда  та-
раптар  өзара  келiсiм  бойынша  мүлiктегi  нақты  келтiрiлген  зиянды 
ғана өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.
Егер  заңдарда  немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  залалды 
анықтаған кезде, мiндеттеме орындалуға тиiстi жерде, борышқор не-
сие берушiнiң талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер 
талап  ерiктi  түрде  қанағаттандырылмаса,  талап  арыз  берiлген  күнi 
қолданылған баға назарға алынады. Мəн-жайды негiзге ала отырып, 
сот шешiм шығарған күнi не нақты төлем төленген күнi қолданылған 
бағаны назарға ала келiп, залалдың орнын толтыру туралы талапты 
қанағаттандыра алады.
Айырылып қалған пайданың мөлшерiн анықтаған кезде оны алу 
үшiн несие берушi алдын ала қолданған шаралар жəне осы мақсатта 
жасалған дайындықтар ескерiледi.
Егер мұның өзi мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жал-
тару мақсатымен жасалғанын дəлелдесе, несие берушi борышқордың, 
сондай-ақ оның мүлiк иесiнiң кез келген iс-əрекетiн жарамсыз деп та-
нуды талап етуге құқылы.
ҚР АК 351-бабында айып төлеудің шығындарға қатынасына қарай 
оның төрт түрі белгіленеді:
1)  есепке  жатқызу  айып  төлеуі – айып  төлеуде  жəне  шығында 
өндіріледі,  бірақ  соңғысы  айып  төлеумен  жабылмаған  бөлігінде 
өндіріледі;
2)  айыппұлдық  айып  төлеу – толықтай  көлемде  бір  мезетте 
шығындар мен айып төлеуді өндіріп алады;
3)  балама  айып  төлеу – несие  берушінің  таңдауы  бойынша  не 
айып төлеу не шығындар өндіріліп алынады;
4) айрықша айып төлеу – тек айып төлеу ғана өндіріліп алынады.
Соңғы үшеуі заңнамада немесе шартта қарастырылуы мүмкін.


198
Мiндеттеменiң  орындалмағаны  немесе  тиiстi  дəрежеде  орын-
далмағаны  үшiн  шектелген  жауаптылық  белгiленген  жағдайларда 
айып төлеу арқылы жабылмаған бөлiгiнде, не одан тыс, не оның ор-
нына өтелуге жататын залал осындай шектелумен белгiленген шекке 
дейiн өндiрiп алынуы мүмкiн.
Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершілік нысаны ретін-
дегі залалдар мен айып төлеудің айырмашылығы
Міндеттеменің  осы  түрі  жайлы  заңда  жəне  шартта  қарас-
тырылмағанымен,  залалдарды  өндіріп  алу  міндеттеменің  бұзыл-
ғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы нысаны ретінде қолданылуы 
мүмкін.  Ал  айып  төлеу,  егер  құқықбұзушылықтың  осы  түрі  үшін 
заңда немесе шартта белгіленсе ғана өндіріліп алынады. Осы ретте, 
шарттық айып төлеу – жарамсыздық қаупімен, жазбаша нысанда жа-
салынуы тиіс.
Залалдардың мөлшері міндеттемені бұзу салдарынан келтірілген 
шығынға  байланысты  болады.  Айып  төлеудің  мөлшері  алдын  ала 
шартта немесе заңда айқындалады. Айып төлеудің мөлшері залалдың 
мөлшеріне байланысты болмайды.
Айып төлеуді өндіріп алу үшін залалдың мөлшерін айқындау та-
лап етілмейді. Ал залалды өндіріп алу үшін бұл қажет болады. Міне, 
осылайша, айып төлеуді өндіріп алу үшін несие беруші себепті байла-
ныс пен залалдың мөлшерін дəлелдеуге міндетті емес. Тек бұл ретте 
борышқордың міндеттемені бұзғандығы ғана дəлелденуі тиіс.
Залалдарды  өндіріп  алу  талаптарына  қарағанда,  дəлелдеудің 
қарапайымдылығына  байланысты  айып  төлеуді  өндіріп  алу  туралы 
талаптар тəжірибеде жиірек қойылады.
Міндеттеменің  бұзылуынан  келтірілген  моральдық  зиянды 
өндіріп алу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың ерекше нысаны бо-
лып табылады.
Моральдық зиян – жеке жəне заңды тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк 
емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олар-
дан  айырылуы,  соның  iшiнде  жəбiрленушiнiң  өзiне  қарсы  құқық 
бұзушылықтың  жасалуы  салдарынан  басынан  кешірген  (төзімін 
тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тəн азабы (қорлау, ыза-
ландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тəн қиналуы, за-
лал шегу, қолайсыз жағдайда қалу жəне т.б.).
Міндеттеменің  бұзылуынан  келтірілген  моральдық  зиян  залал-
дарға  қоса  өтеледі.  Оны  өндіру  ережелері  Қазақстан  Республика-
сы  Жоғары  Сотының 2001 жылдың 21 маусымындағы  «Моральдық 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау