205
ке жатқызуды жүргізу үшін екінші тараптың келісімі талап етілмейді
жəне оны біржақты тəртіпте өзге тарапты жазбаша хабардар ету
арқылы жүргізуге болады. Жүргізілген есепке жатқызумен келіспе-
ген ретте өзге тарап оны сот тəртібімен даулауға құқылы болады
Міндеттемені новация арқылы тоқтату дегеніміз тараптардың
арасындағы бір міндеттеменің жаңа бір міндеттемемен алмастыры-
луын білдіреді жəне бұл ретте, тараптардың арасындағы құқықтық
қатынас өз күшін сақтап қалады. Новация – бұл тараптардың арасын-
да болған бастапқы мiндеттеменi ауыстыру туралы келiсiммен сол
адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе əдiсiн
көздейтiн басқа мiндеттемемен алмастыру болып табылады ( ҚР АК
372-бап).
Жаңа міндеттеме басқа сипаттағы міндеттеме болып табылады
жəне орындаудың өзге пəні немесе əдісін қамтуы мүмкін.
Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу
жөнiндегi жəне алимент төлеу жөнiндегi мiндеттемелерге қатысты
жаңғыртылуға жол берiлмейдi.
Жаңа міндеттеме бойынша талап қою мерзімі новация туралы
келісімді жасасу сəтінен басталады. Бұрынғы міндеттеменің орын-
далуын қамтамасыз ететін барлық қосымша міндеттемелер (айып
төлеу, кепіл) сонымен бірге тоқтатылады. Олардың сақталынуы тек,
тараптардың келісімімен ғана орын алуы мүмкін. Жекелей сипаттағы
міндеттемелерде новацияға жол берілмейді.
Борышты кешiру – несие берушiнің міндеттемені орындаудан
борышқорды босатуы болып табылады. Борышты кешіру екіжақты
мəміле-шарт болып табылады. Несие берушінің мүлкіне қатысты өзге
тұлғалардың құқықтарының бұзылуына əкелетін болса, онда бұған
жол берілмейді. Мысалы, міндеттеме пəні болып табылатын ортақ
меншікке қатысушылардың құқығы бұзылған ретте. Борышты кешіру
борышқордың өзінің де мүддесін бұзуы мүмкін жəне осы себепті, ол
борышты кешіруден бас тартуға құқылы.
Орындауға
мүмкiндiк
болмағандықтан
мiндеттеменiң
тоқтатылуы ҚР АК 374-бабының ережелері бойынша жүзеге асы-
рылады. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн
жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан
мiндеттеме тоқтатылады. Шын мəнінде, міндеттемені орындаудың
мүмкін болмауы туралы норма өзінің кінəсі жоқ болған ретте жа-
уапкершіліктен борышқорды босату жөніндегі ережені сипаттайды.
Орындаудың мүмкін болмауы кездейсоқ жəне тараптардың еркінен
206
тыс туындайтын қандай да бір сыртқы мəн-жайлардың себебімен
орын алуы тиіс. Мысалы, бой бермейтін күш. Тек осы ғана кəсіпкерлік
құқықтық қатынастардағы борышқорды орындаудан босатады. Өзге
барлық міндеттемелерде орындаудың мүмкін болмауы борышқордың
еркіне байланысты емес, кез келген кездейсоқ мəн-жайлардың салда-
рынан туындауы мүмкін. Ақшалай міндеттемелер бұған қосылмайды
жəне оны орындаудың мүмкін еместігімен тоқтатуға болмайды.
Мемлекеттiк органдардың құжат (жария құжат) шығаруы салда-
рынан мiндеттеменi толық немесе iшiнара орындау мүмкiн болма-
са, мiндеттеме толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатылады (ҚР АК
375-бабы). Мұндай актілер ретінде жергілікті өкілді жəне атқару
органдарының, сондай-ақ жария актілерді атауға болады.
ҚР АК 376-бабына сəйкес азаматтың қайтыс болуымен келесідей
екі түрін қоспағанда, оның барлық мiндеттемесі тоқтатылмайды:
1) борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты мiн-
деттеме;
2) орындау несие берушiнiң жеке өзiне арналса немесе борыш-
қордың өзі жекелей орындауға тиіс болса.
Заңды тұлғаның қайта құрылуына қарағанда, оның таратылуы
міндеттеменің тоқтатылуына əкеледі. Сонымен бірге, ҚР АК 377-ба-
бында таратылған заңды тұлғаның мiндеттемесiн орындау заңдармен
басқа заңды тұлғаға жүктелген жағдайларда, таратылатын заңды
тұлғаның міндеттемесі тоқтатылмайды. Борышқор-мемлекеттік
органның таратылуы оның міндеттемелерінің тоқтатылуына
əкелмейді. Олар өз билігінде бюджет қаражаты бар органға ауысады.
10.7. Тапсырмалар
10-1 есеп
Заем шарты бойынша заем алушы уақытында төлемегені үшін
əр күн сайын мерзімді өткізіп алғаны үшін 20% төлеймін деп
міндеттенеді. Қарызының 75% өтегеннен кейін қалған соманы төлеуде
заемшы мерзімін 3 ай өткізіп алады, осы орайда заем беруші борыш-
керге шарт бойынша көзделген айыппұлды өндіріп алу мақсатында
талап арыз қояды.
Борышкер берген міндеттемелерімен келісе отырып, соттан айып-
пұл төлеуден босатуды сұрайды, себебі оның құны негізгі қарыздан
15 есе жоғары болған, ал қарыздың негізгі бөлігі уақытылы төленген
жəне қазіргі күні ол жұмыссыз қалғандықтан күрделі материалдық
қиыншылық шегуде.
207
Есептен туындайтын сұрақтар:
Сот қандай шешім шығаруға құқылы?
Есеп 10-2
Банк пен ЖШС арасында 50 000 000 теңге мөлшерінде 3 ай
мерзімге, «Промотех» АҚ кепілдігімен банктік заем шарты жасалады.
Кепілшарты бойынша, егер заемшы өз міндеттемелерін орындамаған
жағдайда банк кепіл болушыдан заем шарты бойынша толық мін-
деттемені орындауды талап етуге құқылы деген шарт көзделген.
Банк кепіл болушыны ЖШС өз мерзімінде заем қайтарылмағанын
ескертеді. Бірақ кепіл болушы борышкер үшін міндеттемені орындау-
дан, заем ол міндеттеме орындайтындай шартта жасалмағандығын
келтіріп, міндеттеме орындаудан бас тартады.
Сұрақ:
Кепілдік берушінің наразылығы негізді ме?
Есеп 10-3
Несие беруші шығындардың орнын толтыру жөнінде
борышқордың атына сотқа талап қойды. Талабында несие беруші оған
келтірген шығындардың дəлелін көрсетті. Өз кезегінде борышқор
берілген қуыну талабында несие берушіде шығындардың пайда болу-
ында оның кінəсінің дəлелі жоқтығына сілтей отырып айып талапта-
рына қарсылығын білдірді. Сот бұл істі қарастыра отырып, борышқор
кінəсінің толық еместігіне байланысты несие берушінің талабын
қанағаттандырмады.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Сот шешімі заңды болды ма?
2. Азаматтық-құқықтық қатынаста іске асырылатын кінəлік пре-
зумпция принципі нені білдіреді?
3. Егер борышқор кəсіпкер болса, бұл жағдай оның жауапкершілігін
айқындау тəртібіне əсерін тигізе ме?
Есеп 10-4
Жол-көлік оқиғасы нəтижесінде белгіленген жерде жол бөлігін
өтіп жатқан азамат Полетаевтың денсаулығына қатты зиян келтірілді.
Зардап шегуші көлік құралы иесін жауапкершілікке тарту мақсатымен
сотқа жүгінді. Өз кезегінде, автокөлік иесі сот үстінде өзінің жазығы
бар екеніне қарсылығын білдіріп, жол-көлік оқиғасы болған мезетте
Достарыңызбен бөлісу: |