202
соғыс қимылдары жəне т.б.) салдарынан тиiстi дəрежеде орындауға
мүмкiндiк болмағандығын дəлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты
көтередi. Ондай мəн-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау
үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң
рынокта болмауы жатпайды.
Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң жəне одан босатылудың
өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн. Мiндеттеменi қасақана бұзғаны үшiн
жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт
жарамсыз болады.
Кінəсіз жауапкершілік туралы ереже кəсіпкерлік тəуекел туралы
ережемен байланысты болады. Міндеттемедегі кəсіпкерлік тəуекел
келесідей түрде ескерілген: егер мiндеттемеде кəсiпкердiң тапсырысы
бойынша əлдебiр жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нəтижесiн
пайдаланудың мүмкiн еместiгi немесе оны пайдаланудың тиiмсiз болу
тəуекелi кəсiпкерге жүктеледi. Жұмысты тиiстi дəрежеде орындаған
адам, егер шартта өзге кəсiпкерлiк тəуекелдi бөлу көзделмесе, орын-
дау дəрежесiне сəйкес ақы алуға құқылы (ҚР АК 360-бап).
Егер екiжақты шартта тараптардың бiрде-бiрi жауап бермейтiн
мəн-жайдың салдарынан тараптардың бiреуi үшiн мiндеттеменi
орындауға мүмкiншiлiк болмаса, заң құжатында немесе шарт-
та өзгеше көзделмегендiктен, шарттың орындалуын тараптардың
ешқайсысының да талап етуге құқығы жоқ. Мұндай жағдайда
тараптардың əрқайсысы өзi орындағанның бəрiн қайтаруды тиiстi
қарсы орындауды алмай-ақ талап етуге құқылы.
Азаматтық Кодексте өзге адамның кінəсі үшін жауапкершілік
ету рұқсат етілген, мысалы, ҚР АК 362-бабында борышқордың өз
қызметкерлерi үшiн жауапкершiлiгi көзделген.
Борышқордың мiндеттемесiн орындау жөнiндегi лауазымды
адамдарының немесе өзге қызметкерлерiнiң əрекеттерi борышқордың
əрекеттерi болып есептеледi. Борышқор бұл əрекеттер үшiн, егер
олар мiндеттеменi орындамауға немесе тиiстi дəрежеде орындамауға
əкелiп соқтырса, жауап бередi.
Сонымен қатар, үшiншi жақтардың борышқор алдындағы өз
мiндеттерiне қатысты əрекетi не əрекетсiздiгi мiндеттеменi бұзудың
себебi болғанда да, борышқор несие берушiнiң алдында жауап бередi.
Егер заңдарда тiкелей орындаушы жауап бередi деп белгiленбесе,
борышқор несие берушi алдындағы өз мiндетiн жүктеген үшiншi
жақтардың əрекетi немесе əрекетсiздiгi үшiн де жауап бередi.
Борышқор үшiншi жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiз-
203
дiгiнен мiндеттеменi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен олардың кiнə-
сiздiгi дəлелденгеннен кейiн босатылуы мүмкiн.
Кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде борышқор үшiншi
жақтардың əрекеттерiнен немесе əрекетсiздiгiнен мiндеттеменi бұз-
ғаны үшiн жауапкершiлiктен, егер оған дүлей күштер себепшi болса,
босатылады.
Үшiншi жақтардың құқықтарымен мiндеттеме нысанасын ауыр-
латуға байланысты мiндеттеме бұзылғанда, егер ондай ауырлату
несие берушiмен шарт жасасқанға дейiн пайда болса жəне несие
берушiге ол туралы шарт жас асу кезiнде ескертiлсе ғана, борышқор
жауапкершiлiктен босатылады.
Міндеттеменің бұзылуында несие берушінің де кінəсі болуы
мүмкін. Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дəрежеде
орындалмауы екi тараптың да кiнəсiнен болса, сот оған сəйкес
борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие бе-
рушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дəрежеде орын-
далмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе
абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды
шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азай-
тады.
Орындауды кешіктірудің келесідей екі түрі де заңмен реттеледі:
а) борышқордың кешіктіруі, мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн
өткiзiп алған борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткiзiп
алу арқылы келтiрiлген залал үшiн жəне мерзiмiн өткiзiп алу кезiнде
туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшiн
жауап бередi. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдары-
нан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол
мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi та-
лап ете алады;
б) несие берушінің кешіктіруі. Егер несие берушi борышқор
ұсынған тиiстi дəрежедегi орындауды қабылдаудан бас тартса, не-
месе заңдарда немесе шартта көзделген, не iскерлiк айналым дəс-
түрлерiнен немесе аяқталғанға дейiн борышқор өз мiндетiн атқара
алмаған мiндеттiң мəнiнен туындайтын əрекеттердi жасамаған болса,
ол мерзiмдi өткiзiп алған болып есептеледi.
Борышқордың мiндеттеменi орындағанын тиiстi түрде растаудан
бас тартқан жағдайда да несие берушi мерзiмдi өткiзiп алған болып
есептеледi.
Егер несие берушi мерзiмдi өткiзiп алу, не өзi, не заңдар бойын-
204
ша немесе несие берушiнiң тапсыруымен мiндеттеменiң орындалуын
қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтiн жағдайларға байла-
нысты болғанын дəлелдеп бермесе, несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп
алуы борышқорға мерзiмдi өткiзiп алудан келтiрiлген залалдың ор-
нын толтыруға құқық бередi.
Мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiге мерзiмдi өткiзiп алған кез-
де мiндеттеменi орындаудың кездейсоқ мүмкiн болмай қалуының
барлық қолайсыз салдары жүктеледi.
Ақшалай мiндеттеме бойынша борышқор несие берушiнiң мер-
зiмдi өткiзiп алғаннан кейiнгi уақытына сыйақы (мүдде) төлеуге мiн-
деттi емес.
10.6. Мiндеттеменi тоқтату
Міндеттемелер белгілі бір уақытқа жарамды болады жəне өзі
мақсатты сипатқа ие. Белгілі заңды фактілерге байланысты олар өз
күшін жояды
Бұндай заңды фактілер міндеттемінің тоқтатылу негіздері деп
аталады. Олар ҚР АК 21-тарауында бекітілген, ҚР АК 367-бабының
3-тармақшасында көзделгендей заңдармен немесе шартпен мін-
деттемелердің тоқтатылуының өзге де негіздері болуы мүмкін.
Жалпы ереже ретінде міндеттеме тараптардың келісімі бойын-
ша тоқтатылады. Алайда, заңда қарастырылған негіздер бойынша
біржақты тəртіпте де тоқтатылуы мүмкін. Өйткені шынтуайтында бұл
міндеттемені орындаудан біржақты бас тарту болып табылады.
Мiндеттеме тиiстi дəрежеде орындалғанда тоқтатылады. Бұл де-
геніміз несие беруші өзінің талаптарын толықтай қанағаттандырды
жəне борышқор мен несие берушінің арасындағы құқықтық қатынас
тоқтатылды дегенді білдіреді. Осы ретте, міндеттеме тиісті дəрежеде
орындалған ретте ғана тоқтатылады.
ҚР АК 369-бабында көзделгендей, тек тараптардың келiсiмi бой-
ынша мiндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемiн беру (ақша
төлеу, мүлiк беру жəне т.б.) арқылы міндеттеме тоқтатылуы мүмкiн.
Бас тарту төлемiнiң мөлшерiн, мерзiмдерiн жəне тəртiбiн тараптар
белгiлейдi. Бас тарту төлеміне біржақты тəртіпте жол берілмейді.
Мiндеттеме мерзiмi жеткен, не мерзiмi көрсетiлмеген немесе
мерзiмi талап ету кезiмен белгiленген бiртектес қарсы талапты есепке
жатқызу арқылы толық немесе бөлiк-бөлiгiмен тоқтатылады. Есеп-
Достарыңызбен бөлісу: |