178
Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға
тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе,
мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген
уақытта орындалуға тиiс.
Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе, онда мiндеттеме
пайда болғаннан кейiн ақылға қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Орындалу мерзiмi талап етiлетiн кезбен белгiленген мiндеттеменi
борышқор несие берушi оның орындалуын талап еткен күннен бастап
7 күн мерзiмде орындауға мiндеттi.
Егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе
жəне оның мəнiнен туындамаса, мiндеттеменi мерзiмiне дейiн
орындауға жол беріледі. Мысалы, сақтау шартын мерзіміне дейін
орындау аталған міндеттеменің мəніне қайшы болып табылады.
Кəсіпкерлік
қызметке
байланысты
міндеттемелер
үшін
басқалай ережелер бекітілген. Кəсiпкерлiк қызметке байланысты
мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындауға мiндеттеменi мерзiмiне
дейiн орындау мүмкiндiгi заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында
көзделген, не iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан немесе
мiндеттеменiң мəнiн туындаған реттерде ғана жол берiледi.
ҚР АК 280 бабында заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында
борышқордың несие берушiге мiндеттеменiң орындалу барысы тура-
лы хабарлап отыру мiндетi көзделуi мүмкiн екендігі айтылады.
Мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi
борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi
орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттi. Қолхатты жай
жазбаша нысанда рəсімдесе болады. Егер борышқор мiндеттеменi
куəландыру үшiн несие берушiге борыш құжатын берсе, несие
берушi оның орындалғанын қабылдай отырып, құжатты борышқорға
қайтаруға тиiс. Қайтарып беру мүмкiн болмаған жағдайда ол мұны өзi
беретiн қолхатта көрсетуге мiндеттi. Қолхат борышқорға қайтарыл-
ған борыш құжатындағы жазумен алмастырылуы мүмкiн.
Мұндай əрекеттердің маңызы осы арқылы міндеттемені
тоқтатудың куəландырылуында болып табылады.
Міндеттемені орындау субъектілері.
Əдетте, міндеттемедегі əрбір тарап бір тұлға ғана болады. Кейбір
жағдайларда əр тараптан бірнеше тұлға болатын міндеттемелер де бо-
лады. Бұдан міндеттемедегі тұлғалардың көптілігі туындайды.
Белсенді (көптілік несие беруші жағында),
Бəсең (көптілік борышкер жағында)
Аралас (екі жақтан да көптілік).
179
Осы ретте, несие берушілердің əрбірі талап ету құқығына,
ал борышқорлардың əрбірі міндеттемені орындауға міндетті бо-
лады. Заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туын-
дамайтындықтан, үлестік міндеттеме туындайды, яғни талап ету
құқығы жəне міндеттер белгілі бір үлес шегінде бекітілдеі – ҚР АК
286-бабы. Өз үлесі бойынша міндеттемені орындаған борышкер
міндеттемеден шығарылады, ол үшін міндеттеме орындалды деп
есептеледі. Өзге борышкерлерге міндеттеме өз үлестері бойынша
міндеттемені орындағанға дейін күшін сақтап қалады.
Ортақтасқан міндеттемелер – несие берушiлердiң əрқай-
сысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал бо-
рышқорлардың əрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сəйкес көп
жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп таныла-
ды. Шарттарда немесе заңнамалық актілерде қарастырылған рет-
терде ғана туындайды. Атап айтқанда, міндеттеме пəнін бөлінбейтін
жағдайда жəне кəсіпкерлік міндеттемелер орын алған ретте пайда
болады. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда не-
сие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың
кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп
те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың
бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас
борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас
борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып
қала бередi. Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық
орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан бо-
сатады.
Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң
кез келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау
борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.
Регрестік міндеттеме: басқа адамның мiндеттемесiн орындаған
борышқор орындалған мiндеттеме мөлшерiнде сол адамға керi та-
лап (регресс) қоюға құқылы. Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан
мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға жəне
қалған борышқорларға тең үлесте түседi. Борышқордың орындағанын
қабылдаған ортақтас несие берушi басқа несие берушiлерге, егер
олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға
тиесiлi үлестерiн өтеуге міндетті.
180
Субсидиялық міндеттемелер (ҚР АК 357-бабы) тек бəсең
көптілік кезінде ғана орын алуы мүмкін. Негізгі жəне қосымша
борышқор болады. Бастапқыда, несие беруші талапты негізгі
борышқорға қоюы тиіс. Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң
талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындама-
са немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды
мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi
субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн. Егер
бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу
арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң
негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi
бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес. Қосымша
борышқор оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн
бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның
үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға
тиiс. Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге
қарсы айтайын деген қарсылықтарын оның регрестiк талабына қарсы
қоюға құқығы бар.
Міндеттеме борышкердің өзімен жəне соның несие берушісіне
орындалуы тиіс. Алайда, ҚР АК 276-бабында міндеттемені толықтай
не бір бөлігін орындауды үшінші тарапқа жүктеу мүмкіндігі
қарастырылған. Жүктеудің алғышарттары: егер бұл заңнамада
(тікелей аралас қатынас), шартта қарастырылса немесе үшінші тұлға
тараптардың бірімен тиісті шарт арқылы байланысты болса (қосалқы
мердігерлік).
Бұл ретте, үшінші тұлға міндеттеменің бір тарабына айнал-
майды. Ол тек борышқор үшін əрекеттерді орындайды. Борышқор
міндеттемені өзі жекелей орындаған сияқты несие берушінің алдын-
да жауаптылығын сақтап қалады (ҚР АК 363-бап). Мысалы, тасы-
малдаушы тауар берушінің тауарын сатып алушының мекенжайына
жеткізеді. Кейде борышқордың əрекетіндегі алмасу несие беруші үшін
тиімсіз болуы мүмкін. Алайда, егер заңдардан, мiндеттеме шарттары-
нан немесе оның мəнiнен борышқордың мiндеттеменi жеке өзi орын-
дау мiндетi туындамаса, несие берушi борышқор үшiн үшiншi жақ
ұсынған орындау iсiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мысалы,
борышқордың тұлғасына тығыз байланысты міндеттеме (авторлық
тапсырыс).
Үшінші тарап борышқор үшін орындалатын міндеттеменің
мазмұны жəне ережелері жайлы хабардар болуы тиіс. Өйткені
орындауды оған борышқор жүктейді. Алайда, үшінші тараптың
Достарыңызбен бөлісу: |