Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет52/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68

167
Есеп 9-2
Үлестік меншікке қатысушылардың бірі Артамонов өз меншігінің 
бір бөлігін сату жөнінде шешім қабылдады. Басқа қатысушылардың 
үлесті алуға деген басымдылық құқығын сақтау мақсатында Артамо-
нов  азамат  Байғазинге  хабарландыру  жіберіп,  өзінің  үлесіне  сатып  
алуды оған ұсынады. Бірақ Байғазиннің қолына хабарлама берілген-
нен  кейінгі  бір  ай  ішінде  одан  жауап  болмағандықтан,  Артамонов 
өзінің меншік үлесін Уəлихановқа сатып жіберді. Бұл жөнінде хабар-
дар болған Уəлиханов сатып алушының құқықтары мен міндеттерін 
өзіне аударуды талап етіп, сотқа жүгінді.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. Жалпы меншікке түсініктеме беріңіздер
2. Жалпы меншіктің түрлері мен оның ерекшеліктеріне сипаттама 
беріңіздер.
3.  Мұндай  жағдайда  басымдылық  сатып  алу  құқығы  міндетін 
орындау (сақтау) міндетті ме?
4.  Заңнамамен  анықталған  мерзім  бар  ма,  егер  ол  өтіп  кеткен 
жағдайда меншікті иемденушінің келісімінсіз оның атына шағым жа-
зылса. Мұндай мерзім бар болса онда қандай?
5. Соттың шешімі қандай болмақ?
Есеп 9-3
Нұғыманов  азамат  Бертаевтың  заңсыз  иелігіндегі  өзінің  мүлкін 
талап етіп, сотқа жүгінді. Нұғыманов заттың өз меншігіне тиесілі еке-
нін дəлелдейтін барлық қажетті құжаттарды сотқа табыс етті. Жауап-
кер  Бертаев  аталған  мүлікті  азамат  Ашимовтан  сатып  алғандығына 
жəне  мүліктің  шынайы  меншік  иесі  жөнінде  өзінің  білмегендігіне 
сілтеме жасай отырып, қарсылық білдірді. Өз кезегінде, Нұғыманов 
аталған мүлікті белгісіз біреулердің өзінен ұрлап алғандығын хабарла-
ды. Сот Нұғымановтың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты 
жəне мұны азамат Бертаевтың азамат Ашимовтан мүлікті сатып алу 
кезінде аталған мүліктің оған тиесілі емес екендігін білмегендігімен 
негіздеді.  Тиісінше,  Бертаев  адал  иемденуші  болып  табылады, 
яғни  мүлікті  одан  қайтарып  алу  мүмкін  емес.  Сонымен  қатар,  сот 
Артамоновқа  зиянды  тікелей  келтіруші  ретіндегі  азамат  Ашимовқа 
талап қоя алатындығын түсіндірді.


168
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. ҚР Азаматтық кодексі бойынша адал иемденуші болып кім са-
налады?
2. Соттың шығарған шешімі заңды ма?
3.  Қандай  жағдайда  адал  иемденушіден  мүлікті  қайтарып  алуға 
жол берілмейді?
4.  Егер  адал  иеленушіден  мүлік  қайтып  алынған  болса,  онда  ол 
өзінің құқығын қалай қорғауы мүмкін?
5.  Виндикациялық  талап-арыз  беру  үшін  қандай  шарттар  болу 
қажет  (өзгенің  заңсыз  иелігінен  мүлікті  талап  ету  жөніндегі  талап-
арыз)?
Есеп 9-4
Алехин  мен  Спасскийдің  арасында  жылжымалы  мүлікті  сатып 
алу – сату шарты жасалынды жəне ол бойынша Спасский сатып алу-
шы ретінде Алехиннен шартта анықталғандай тауардың орналасқан 
жері  мен  уақыты  бойынша  тауарды  қабылдап  алуға  міндетті  бол-
ды. Спасский көрсетілген үлгімен тауарға ақы төлеу міндетін орын-
дады,  бірақ  ол  шартта  келісілген  мерзімде,  тауардың  орналасқан 
жері  бойынша  тауарды  қабылдап  алмады.  Спасскийге  берілмеген 
Алехиндегі тауарлар бүлініп, жарамсыз күйге түсті. Сатып алушыға 
тауар  берілмегендіктен,  Спасский  өзін  тауардың  кездейсоқ  жойылу 
жəне бүлінуі үшін жауапты санамайды жəне осы себепті, тауар үшін 
төленген  ақыны  қайтаруды  сұрайды.  Алехин  келісім  жасалды  деп 
санайды  жəне  меншік  құқығы,  сонымен  қатар,  тауардың  кездейсоқ 
бүлінуі  мен  жарамсыздығы  толығымен  сатып  алушыға  ауысты  деп 
есептейді.
Есептен туындайтын сұрақтар:
1. ҚР азаматтық заңнамасына  сəйкес меншік құқығы мазмұнын 
сипаттаңыз.
2. Тауардың кездейсоқ бүлінуі мен жарамсыздығы үшін кім жау-
апты жəне де мүліктің иесі болып кім саналады?
3. Жылжымалы мүлікке меншік құқығы қай сəттен басталады?
4.  Пайдалану  құқығы  меншік  құқығының  элемент  ретінде  нені 
білдіреді?
5. Меншік құқығының мəжбүрлі тоқтатылуы мүмкін бе?


169
9.6.Тестілер
1.  Жалпы  ережелерге  сəйкес  шаруашылық  жүргізу  құқығы 
мына сəттен басталады:
а) мемлекеттік кəсіпорынның құрылуы туралы шешім шыққан
b) кəсіпорынды жекешелендірген
с) кəсіпорынның балансына мүлікті бекіткен
d) кəсіпорынды мемлекеттік тіркеген
2. Ортақ бірлескен меншік болып табылады:
а) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлігі
b) жай серіктестіктің мүлігі
с) консорциум мүлігі
d) жекешелендірілген тұрғын үй
3. Субъектiнiң өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пай-
далану жəне оған билiк ету құқығы:
а) меншік нысаны болып табылады
b) меншік құқығы болып табылады
с) шарт мазмұны болып табылады
d) тараптардың келісімі болып табылады
4. Ақша жəне бағалы қағаздарды талап етуші:
а) кез келген меншік иесінен талап ете алады
b) адал иеленушіден талап ете алмайды
с) адал иеленушіден талап етуі мүмкін 
d) ешкімнен талап ете алмайды
5. Жай серіктестік:
а) заңды тұлға болып табылады
b) заңды тұлға болып табылмайды
с) шаруашылық серіктестіктің бір түрі
d)  коммерциялық  заңды  тұлғалардың  одағы  (ассоциациясы)  бо-
лып табылады
6. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы оны сатып алушыға 
шарт бойынша мына сəттен бастап пайда болады:
а) оған ақы төлеу сəтінен
b) мүлікті беру сəтінен


170
с) шартты нотариалдық куəландырған сəттен
d) шартты мемлекеттік тіркеген сəттен
7. Билік ету құқығы дегеніміз:
а)  мүлiктi iс  жүзiнде  иеленудi  жүзеге  асыруды  заң  жүзiнде 
қамтамасыз ету
b) мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз 
етiлуi
с) мүлікті жедел пайдалануды заң жүзiнде қамтамасыз ету
d) мүлікті біреуге беруді заң жүзiнде қамтамасыз ету
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі меншіктің 
қандай нысандарын қарастарады:
а) мемлекеттік, өзіндік, жеке
b) мемлекеттік, жеке
с) мемлекеттік, жеке, ұжымдық
d) мемлекеттік, жеке, ортақ
9.  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданған  жағдайда 
жекеменшіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өтуі:
а) реквизиция
b) конфискация
с) ұлт меншігіне алу
d) жекешелендіру
10. Мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығын жүктейді:
а) пəтер иелері кооперативі
b) заңды тұлға
с) жеке тұлға
d) меншік иесі
11.  Егер  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  сатып  алушының  жыл-
жымайтын  мүлікке  меншік  құқығын  алу  шарт  бойынша  пайда 
болады:
а) нотариалдық куəландырылған кезден бастап
b) ақысын төлегеннен кейін
с) затты бергеннен кейін
d) мемлекеттік тіркегеннен кейін


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау