Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет51/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68

164
иеленушіге  қатысты  заңда  виндикациялаудың  бірқатар  шектеулері 
қарастырылған. Меншік иесінен заттың қалай шыққаны жəне мүлік-
тің ақылы не ақысыз алынғандығы ескеріледі.
Біріншіден, егер адал иеленуші мүлікті ақысыз алған болса, онда 
меншік  иесі  затты  барлық  жағдайда  алып  қоя  алады.  Егер  мүлiкті 
адал  иеленуші  ақылы  алса,  мүлiктi  меншiк  иесi  немесе  меншiк 
иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де 
ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен 
шығып  қалған  ретте  ғана  меншiк  иесi  бұл  мүлiктi  алушыдан  талап 
етiп алдыруға құқылы.
Мүліктің меншік иесінің еркінен тыс шығуы мұны меншік иесінің 
кінəсіне қоюға болмайтындығын білдіреді (мысалы, өрт, су тасқыны).
Мүлік  меншік  иесінің  иелігінен  оның  еркімен  шыққан  рет-
те  мəселе  басқалай  шешіледі.  Мысалы,  меншік  иесі  мүлікті  жалға 
берсе,  ал  жалға  алушы  оны  адал  иеленушіге  сатып  жіберсе,  онда 
меншік  иесінің  ондай  иеленушіге  қойған  виндикациялық  талабы 
қанағаттандырылуға жатпайды.
Аталған  ережелер  ұсынушыға  берiлетiн  ақшаны,  сондай-ақ 
бағалы  қағаздарды  адал  иеленушiден  талап  етiп  алдыруға  бол-
майтын  жағдайларға  қолданылмайды.  Виндикациялаудың  бұл 
шектеулері азаматтық айналымға қатысушылар тарапынан айналым 
құралы  ретіндегі  оларға  жоғарылатылған  сенімді  қамтамасыз  ету 
мақсаттарында енгізілген.
Сондай-ақ,  егер  мүлiк  сот  шешiмдерiн  атқару  үшiн  белгiленген 
тəртiп  бойынша  сатылған  болса,  мүлiктi  талап  етiп  алдыруға  жол 
берiлмейдi. Өйткені бұл ретте мүлік меншік иесінен мəжбүрлі түрде 
алынады жəне сот орындаушысы арқылы сатылады.
Өнімдер мен кірістердің заңи тағдыры иеленушінің адал немесе 
адал  еместігіне  қарай  айқындалады.  Мысалы,  адал  емес  иеленуші 
заңсыз телену кезіндегі алған барлық өнімдері мен кірістерін меншік 
иесіне  қайтаруға  немесе  өтеуге  міндетті  болады.  Ал  адал  иеленуші 
өзінің иеленуінің заңсыз екендігі жайлы білген немесе меншік иесінің 
талап-арызы бойынша сотқа шақыру қағазын алған сəттен былайғы 
кірістерін қайтаруға міндеттенеді. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк 
иесiнен  мүлiктен  табыс  есептелетiн  уақыттан  бастап  ол  мүлiкке 
жұмсаған  қажеттi  шығындарды  меншiк  иесiнiң  өтеуiн  талап  етуге 
құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын 
сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.
Жақсартулар  деп  мүлікті  сақтау  үшін  қажетті  болмағанымен, 


165
заттардың  сапасын  арттыратындығы,  оның  құнын  ұлғайтатындығы 
себепті пайдалы сипатқа ие болатын шығындарды атауға болады.
Егер  жақсартулар  ажыратылатын  болса,  онда  иеленуші  оларды 
өздеріне қалдыра алады. Ал ажыратылмас жақсартуларды жүргізген 
ретте адал иеленуші меншік иесінен өзінің оларды жүргізуге кеткен 
шығындарын талап ете алады. Ал заңсыз иеленуші мұндай талаптар-
ды қоя алмайды.
Мүлікті иеленуден айыруға байланысты емес, мүлікті пайда-
ланудағы кедергілерді жою туралы талап (негаторлық талап)
Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байла-
нысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды та-
лап етуге құқылы. Мұндай талап негаторлық талап деп аталады жəне 
меншік  иесінің  пайдалану  жəне  билік  ету  сияқты  өкілеттіліктерін 
қорғауға мүмкіндік береді.
Мұндай  талапты  қою  құқығы  меншік  иесіне  жəне  титулды 
иеленушіге тиесілі болады жəне олар затты иеленгенімен, пайдалану 
жəне билік ету мүмкіндіктерінен айырылған ретте орын алуы мүмкін. 
Өзінің құқыққа қайшы əрекетімен меншік иесіне тосқауыл жасайтын 
тұлға жауапкер ретінде танылады. Меншiк иесi құқықтарын иелену-
ден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғауды, мысалы, жауапкер 
меншік иесінің өз участогіне өтуіне кедергі келтіретін шарбақ салған, 
жарықтың түсуіне кедергі келтіретін ағаш отырғызғанда, баспалдақты 
заттармен  толтырып  тастағанда  жəне  т.б.  талап  ете  алады.  Сондай-
ақ, меншік иесі егер, мүлікке тыйым салу барысындағы тізімге өзінің 
мүлкі заңсыз енгізілген ретте де не банктік шоттағы ақша қаражатына 
билік  етуге  заңсыз  шектеу  қойылған  реттерде  өзінің  мүлкіне  билік 
етуі қиындай түседі.
Негаторлық  талапты  қою  меншік  құқығының  бұзылуы  мүмкін 
жағдайлардың  алдын  алу  үшін  де  орын  алуы  мүмкін.  Мысалы, 
меншік иесі санитарлық нормаларды бұзып салынып жатқан ғимарат 
құрлысына  тыйым  салуды  талап  етуге  құқылы.  Егер,  келтірілген 
тосқауылдар  мен  бірге  меншік  иесіне  мүліктік  залалдар  келтірілсе, 
онда ол қосымша міндеттемелік-құқықтық талаптар қоя алады.
Меншiк  иесi  құқықтарын  иеленуден  айыруға  байланысы 
жоқ  бұзылудан  қорғауды  талап  етуге  талап  қою  мерзімдерімен 
шектелінбеуі де аса маңызды мəн-жай болып табылады.


166
Меншiк құқығын тануды талап ету
ҚР  АК 259 бабында  меншік  құқығын  тануды  талап  ету  меншік 
құқығын қорғаудың дербес заттық-құқықтық əдісі ретінде бекітілген.  
Егер  үшінші  тұлға  осы  тұлғаның  белгілі  бір  мүлікке  қатысты 
меншік  құқығын  даулайтын  болса,  онда  осы  талап-арыз  қойылады. 
Бұл  ретте,  оны  қайтару  немесе  иеленуден  айыруға  байланысы  жоқ 
бұзылудан  қорғау  талап  етілмейді.  Меншік  құқығын  үшінші  тұлға  
даулап, танымай немесе теріске шығарып жатқан тұлға талап қоюшы 
бола алады. Мұндай мəртебені титулді иеленуші де ала алады. Мыса-
лы, аталған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы жауапкер тарапы-
нан танылмай жатқан тұлға.
Талап-арыздың пəні – аталған мүлікке деген меншік құқығының 
талап қоюшыға тиесілігі фактісін бекіту талабы болып табылады. Та-
лап  қоюшы  мүлікке  деген  өздерінің  құқықтарының  дəлелдемелерін 
келтіруі тиіс.
9.5. Тапсырамалар
Есеп 9-1
Шаруа  қожалығының  басшысы  Қайсаров  Мəди  қайтыс  болады. 
Оның əйелі Марал жəне олардың кəмелетке толған баласы Əлім мен 
інісі  Қайсаров  Сəкен  де  аталған  шаруа  қожалығының  мүшелері  бо-
лып табылатын.
Сəкен ағасы қайтыс болғаннан кейін шаруа қожалығының мүшесі 
болғысы  келмейтіндігін  хабарлап  жəне  шаруашылықтың  мүлкін  не 
бөлуге немесе егер басқа мүшелері қарсы болса – оның үлесін бөліп 
беруді талап етті. Атап айтқанда, ол шаруашылықтың жер учаскесін 
бөлуді жəне өзіне тиесілі жер учаскесін бөліп беруді, сонымен қатар 
үш  трактордың  біреуін  беруді  талап  етті.  Шаруашылықтың  есеп 
шотындағы ақшаны төртке бөліп, өзіне ¼ беруді талап етті.
Шаруашылықтың  басқа  мүшелері  мұндай  бөлуге  қарсы  болды. 
Олардың  пікірінше,  жер  мен  басқа  да  ауылшаруашылық  құралдары 
бөлуге жатпайды. Олар оған белгілі бір ақша сомасын бөліп беруге 
дайын екендіктерін, бірақ оның ¼ аз болатындығын жеткізді. Өйткені 
шаруашылықтың басшысы ретіндегі Қайсаров Мəдидің үлесі көбірек 
болуға  тиісті.  Қайсаровтың  əйелі  мен  баласы  бірінші  кезектегі 
мұрагерлер болғандықтан, олар Мəдидің үлесін мұра ретінде алады, 
ал қалған ақша үшке бөлінуге тиіс.
Есептен туындайтын сұрақтар:
Тараптардың дəйектерін талдаңыздар жəне дауды шешіңіздер.


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау