181
борышқордың келісімін сұрамастан, несие берушіге борышқордың
орнына орындауды өзі ұсынуға болатын жағдайлар да кездеседі. Мы-
салы, егер ол несие берушінің мүліктен өндіріп алу туралы талап
ұсынған ретте борышқордың мүлкіне деген өзінің құқығынан айыры-
лып қалудан қауіптенетін болса. Мұндай жағдайда, үшінші тарапқа
міндеттемедегі несие берушінің борышқорға қатысты құқықтары ау-
ысады (цессия).
Орындаудың қайта бағытталуы мүмкін, яғни борышқор орын-
дауды несие берушінің өзіне немесе несие беруші нұсқаған үшінші
тұлғаға орындауға құқылы болады. Ешбір тұлға бұл жайлы не-
сие берушіден өкілеттілік алмай, орындауды талап ете алмайды.
Егер борышқор орындауды қабылдауға өкілетті несие беруші деп
санаған тұлғасына орындауды жүзеге асырса, онда орындау үшін
жауапкершілікті борышқордың өзі көтереді.
Өзінің мүдделерін қорғау үшін ҚР АК 275-бабы оған орында-
уды несие берушінің өзi немесе бұған ол уəкiлдiк берген тұлғаның
қабылдап жатқандығының дəлелдемесін талап ету құқығын ұсынады
жəне мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тəуекел етедi.
10.3. Міндеттемеде адамдардың ауыстырылуы
Міндеттеменің қолданыс кезеңінде оған қатысушылардың құрамы
өзгеріске ұшырауы мүмкін. Міндеттеменің өзі сақталған реттегі
қатысушылардың ауысуына заң жол береді. Қатысушылардың бұл ал-
мастырылуы міндеттемедегі тұлғалардың ауыстырылуы деп аталады.
Алмастырудың екі түрі болады:
а) несие берушінің алмастырылуы – талап ету құқығын беру не-
месе цессия деп аталынады;
б) борышқордың алмастырылуы – борышты аудару деп аталады.
Талап ету құқығын беру заңнамалық актіге орай (қайта құру,
мұрагерлікке алу, ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін са-
тып алудың артықшылық құқығын сот арқылы жүзеге асыру, суброга-
ция, секьюритизация) жəне мəміле (факторинг) бойынша орын алуы
мүмкін.
Несие берушiнiң жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың,
атап айтқанда алимент жөнiндегi жəне азаматтың өмiрiне неме-
се денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру жөнiндегi
талаптардың басқа адамға ауысуына жол берiлмейдi. Өзге жағдай-
ларда, тұлғалардың ауыстырылуына жалпы ереже ретінде заң рұқсат
182
етеді жəне азаматтық айналым талаптарымен тікелей қажет етіледі.
Мысалы, бағалы қағаздар айналымы цессиясыз мүмкін емес.
Қатысушының ауыстырылуы мəміле болып табылады. Сондықтан
оған мəміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданылады: егер
ол жазбаша нысанда жасалынатын мəмілеге негізделген болса,
онда тиісінше қатысушының алмастырылуы да жазбаша нысанда
рəсімделуі тиіс.
Талап ету құқығын беру кезінде борышқорға орындауды кімге
жүргізетіндігі аса маңызды емес болуы себепті, бұған борышқордың
келісімі талап етілмейді. Сонымен бірге, заң жасалынған цессия ту-
ралы оның міндетті жазбаша хабарлануын талап етеді жəне мұны
орындамаған ретте жаңа несие беруші бұдан туындайтын жағымсыз
салдарлар қаупін көтереді.
Талап етудi берген бастапқы несие берушi жаңа несие берушiнiң
алдында оған берiлген талаптардың жарамсыздығы үшiн жауап бередi,
бiрақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшiн бастапқы несие
берушi жаңа несие берушiнiң алдында борышқор үшiн кепiл болуды
өзiне алғаннан басқа жағдайды қоспағанда, жауап бермейдi.
Бастапқы несие берушiнiң құқығы жаңа несие берушiге құқықтың
ауысуы кезiнде болған көлемде жəне сондай жағдайларда ауыса-
ды. Атап айтқанда, жаңа несие берушiге мiндеттеменi орындау-
ды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ басқа да құқықты, соның iшiнде
алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты
құқықтар ауысады.
Борышты аудару кезінде өзге жағдай қалыптасады. Өйткені несие
берушіге орындауды кімнің жүргізетіндігі маңызды. Мүмкін, жаңа
борышқордың төлемқабілеттілігі жоқ болуы немесе орындаудан жал-
таруы мүмкін. Осыған орай, ҚР АК 348-бабы борышты аудару кезінде
несие берушінің келісімін міндетті талап етеді.
Борышты аудару көпжақты мəміле болып табылады жəне мұнда
бұрынғы борышқор, жаңа борышқор жəне несие беруші өз еріктерін
білдірулері тиіс. Жаңа борышқор несие берушінің талаптарына
бастапқы борышқор мен несие берушінің арасындағы қатынастарға
негізделген қарсылықтарды алға тартуға құқылы.
10.4. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету əдістері
Міндеттеме өздігінен борышқордың талап етілетін əрекеттерді
жасауына кепілдік бермейді. Тіпті, орындауды бұзған борышқорға
183
қатысты несие беруші азаматтық-құқықтық жауапкершілік ша-
раларын қолданған ретте де қажетті мүлік борышқорда болмауы
мүмкін. Сондықтан несие берушінің мүдделерін қамтамасыз ету,
міндеттеменің тиісінше орындалатындығына кепілдік алу үшін заңда
орындауды қамтамасыз етудің бірқатар арнайы шаралары бекітілген.
Бұл шаралар (əдістер) мүліктік сипатқа ие, сондай-ақ өздері
қамтамасыз ететін негізгі міндеттемелерге қатысты олар қосымша бо-
лып табылады. Борышқорды міндеттемені орындауға ынталандыру
жəне несие берушінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету олардың
мақсаты болып табылады.
ҚР АК 18-тарауында қамтамасыз етудің дəстүрлі əдістері
тізбектелген. Сондай-ақ заңнамада немесе тараптардың келісімінде
қарастырылған қамтамасыз етудің өзге де əдістерін қолдану
мүмкіндігі бекітілген (ҚР АК 292-бабы). Сонымен бірге, дəстүрлі
бес əдіске борышқордың мүлкін ұстап қалу сияқты жəне гарантиялы
жарналық əдістерде қосылған.
ҚР АК қарастырылмаған өзге де шараларды қолдануға болады.
Оларды жедел шаралар деп атайды. Бұлардың санатына сапасыз
тауарға ақы төлеуден бас тарту, тауарға алдын ала ақы төлеу, өзге та-
рап оны өрескел бұзған ретте орындаудан бас тартуды жатқызуға бо-
лады.
Қамтамасыз етудің қандай да бір əдісін тараптардың өзара келісімі
бойынша не заңдағы арнайы нұсқауға орай қолдануға болады. Кепіл,
айып төлеу, мүлікті ұстап қалу сияқты əдістер міндеттемелердің кейбір
түрлеріне қатысты заңнамада арнайы қарастырылса, ал өзгелерін
қамтамасыз етуге бұл əдістерді қолдану тараптардың келісімінде
бекітілуі мүмкін.
Қамтамасыз етудің барлық əдістері негізгі қамтамасыз етілетін
міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) сипатқа ие бола-
ды жəне олар тек шынайы талапты ғана қамтамасыз етуі мүмкін.
Олар негізгі міндеттемеге ілесе жүреді. Атап айтқанда, негізгі
міндеттемедегі талап ету құқығын беру жəне борышты аудару орын
алған ретте қамтамасыз ететін қосымша міндеттеме бойынша да
құқықмирасқорлығы жүргізіледі.
Негізгі міндеттеменің тоқтатылуы қосымша міндеттеменің де
тоқтатылуына əкеледі. Егер негізгі міндеттеме жарамсыз деп таныл-
са, бұл автоматты түрде қосымша міндеттеменің де жарамсыздығына
əкеледі жəне керісінше, қамтамасыз ету əдісі жарамсыз деп танылған
ретте негізгі міндеттеме күшін сақтап қалады. Банктік кепілдік деп
Достарыңызбен бөлісу: |