Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет95/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105

307
əлеуметтік  жүйелерде  өмір  сүретін    құндылықтардың  мазмұны 
мен  сипатын  бейнелейді.  Бұл  бүткіл  қоғам  аясында  тəрбиелік  
іс-əрекеттерді    жəне  құндылықтарды  реттеуші  идеялар,  ұғым, 
түсініктер, нормалар мен ережелер.
Кəсіби-топтық құндылықтар белгілі бір білім институттардың 
шеңберінде  орныққан  топтардың  кəсіби-педагогикалық  іс-əрекетін 
реттеуші  идеялар,  тұжырымдамалар,  нормалардың  жиынтығын 
көрсетеді.  Бұл  құндылықтар  педагогикалық  іс-əрекеттердің 
бағдар  берушісі.  Олар  салыстырмалы  тұрақтылықты  жəне 
қайталанымдылықты иеленген танымдық-іс-əрекеттік жүйе.
Жеке  тұлғалық-педагогикалық  құндылықтар - бұл  жеке 
тұлғаның, мақсаттық жəне мотивациялық бағыттылығын көрсететін 
құндылық  бағдары,  күрделі  əлеуметтік-психологиялық  құрылым. 
Бұл  компонент жеке тұлғаның дүниетанымдық сипаттамаларынан 
байқалады.  Əрбір  педагог,  қоғамдық-педагогикалық  жəне  кəсіби-
топтық  құндылықтарды  ассимиляциялай  келе,  аксиологикалық 
функцияларға  айналатын  өзінің  тұлғалық  құндылықтар  жүйесі 
мен  элементтерін  құрады.  Мұндай    функцияларға  маманның  жеке 
тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасы, іс-əрекет тұжырымдамасы, 
кəсіби мектепте білім беру үдерісін құру технологиясы, білім алушы-
лармен  өзара  əрекеттесудің  ерекшелігі  туралы,  кəсіпкер  ретіндегі, 
өзі  туралы  жəне  т.б.  түсініктер  жатқызыла  алады.  Педагогтың 
өміріндегі,  интегративтік  аксиологиялық  функциясы,  басқаларын 
түгел біріктіріп жиынтықтаушы, кəсіби-педагогикалық іс-əрекеттің 
мəні болатын жеке дара тұжырымдама болып саналады
1
.
Кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  технологиялық  компоненті. 
Педагогтың  педагогикалық  іс-əрекетінің  кəсіби-педагогикалық 
мəдениеті технологиялық компоненті ұғымы педагогикалық іс-əрекет 
ұғымымен өте тығыз байланысты. Сондықтан, кейбір əдебиеттерде   
кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  əрекеттік  компоненті  ретінде 
қарастырылады.
Педагогикалық 
мəдениет 
педагогтың 
жеке 
тұлғалық 
сипаттамасы бола отыра, əр тектес кəсіби іс-əрекеттердің шешімінің 
табылуын  қамтамасыз  етеді.  Міндеттердің  шешімінің  табылу 
үдерісі,  педагогикалық  мəдениеттің  компоненті  саналатын,  кəсіби-
педагогикалық іс-əрекеттің  технологиясын құрайды.
 «Технология» ұғымы алғашында адамның өндірістік саладағы 
1
ИсаевИ.Ф. Прфессионально-педагогическая культура преподавателя:Учеб.пособие для 
студ.высш.учеб.заведений. М.:Издательский центр «Академия», 2002.- С.77.


308
іс-əрекеттімен барабар саналып келсе, соңғы кездерде педагогикада 
белсенді  айналымға  түсуде.  Педагогикалық  технологияға  деген 
қызығушылықтың  артқандығын  келесі  себептермен  түсіндіруге 
болады:
 
– оқу  орындарының  алдында  тұрған  міндеттердің  сан 
алуандылығы  тек  қана,  технологиялық  зерттеулердің  дамуын  ғана 
емес, оқыту үдерісінің технологиялық өңдемеленуін де шамалап отыр.  
Теориялық зерттеулерде заңдар, теориялар мен тұжырымдамаларды 
жасау  қалыптастырылса,  қолданбалы  зерттеулерде  ғылыми 
нəтижелерді  жинақтап  қорытатын  педагогикалық  практиканың  өзі 
талдауға алынады;
 
– классикалық  дидактика,  өзінің  қалыптасқан  оқыту  мен  
тəрбиелеудің заңдылықтарымен, принциптерімен, формалары жəне 
əдістерімен  жаңа  идеяларды,  тұрғыларды  оқыту  əдістерін  ғылыми 
жағынан  негіздеуге  əрдайым  ылтипатпен  қарай  бермейді,  ал  кей 
кездерде, олардың іркіліп қалуына жол береді;
 
– оқыту  үдерісінде  бақылау  техникасының,  информатиканың 
кеңінен өріс алуы педагогикалық үдерісті жүзеге асырудың дəстүрлі 
амалдарына елеулі өзгерістер ендіруді талап етті;
 
– жалпы  дидактиканың  теориялық,  ал  оқыту  əдістемесінің 
практикалық басымдылығы жағдайында, олардың арасында теория 
мен  практиканы  байланыстыруға  мүмкіндік  беретін  аралық  торап 
құру қажеттілігі туындады.
Педагогикалық  технологияны  кəсіби-педагогикалық  мəдениет 
контексінде  қарастыра  отырып,  педагогтың  тұтас  оқу-тəрбиелік 
іс-əрекетінің  тəсілдері  мен  амалдарының  жиынтығын  қосып 
алағандағы,  педагогикалық  іс-əрекеттің  технологиясы  ретіндегі 
құрылымдық элементін бөліп алған дұрыс.
Педагогикалық іс-əрекеттің технологиясы педагогикалық талдау, 
мақсат шамалау жəне жоспарлау, ұйымдастыру, баға беру жəне түзету 
бойынша    педагогикалық  міндеттердің  жиынтығының  шешімін 
іздестірудің  түйісер  нүктесінде  қарастырылады.  Осы  тұрғыдан 
алғанда пихологиялық-педагогикалық даярлықтың «тапсырма əдісі» 
қолданылады.  Педагогикалық  міндеттер  субъектінің  іс-əрекетінің 
өзі шешімін таба алатын жағдайдағы мақсаттары мен шарттарының 
бірлігін көрсететін талаптарға жауап беруі тиіс.
Мерзімдік 
белгілерге 
қарай 
педагогикалық 
міндеттер 
стратегиялық, оперативтік жəне тактикалық болып бөлінеді.
Кəсіби  мектеп  педагогының  педагогикалық  іс-əрекетінің 
ерекшеліктерін,  логикалық  себептестілігін,  оның  кезеңдерінің 


309
бірізділігін  есепке  ала  отырып,  педагогикалық  міндеттердің  келесі 
бинарлы топтарын анықтауға болады:
 
– талдаушылық-рефлексиялық – тұтас  педагогикалық  үдерісті 
жəне оның элементтерін, субъект-субъектілік қарым-қатынастарын, 
пайда  болған  кедергілерді  жəне  т.б.  талдау  жəне  рефлексиялау 
міндеттері;
 
– конструктивтік-прогностикалық – мəні,  мақсаты  шамалау 
жəне  оны  құрастыру,  даму  болашағын  болжаумен  анықталатын 
тұтас педагогикалық үдерісті түзу  міндеттері;
 
– ұйымдастырушылық-іс-əрекеттік - педагогикалық үдерістің 
тиімді  варианттарын  жүзеге  асыру,  педагогикалық  іс-əрекеттің 
сан  алуан  түрлерін  үйлестіру,  жекелелеген  білім  алушылардың, 
білім  алушылар  тобының,  өзінің  жəне  əріптестерінің  іс-əрекетін 
ұйымдастыру жəне т.б. міндеттері;
 
– ақпараттық-баға  беру  –  бұл  педагогикалық  жүйелердің 
жағдайы  жəне  даму  болашағы  жөніндегі  ақпараттарды  жинау, 
өңдемелеу жəне сақтау, оған объективті баға беру міндеттері;
 
– түзету-реттеушілік - сыртқы  құбылыстарға  бейімделу 
немесе оларды бейтараптандыруды қамтамасыз етуші міндеттер.
Педагогикалық міндеттердің қарастырылған топтары кəсіби іс-
əрекеттің субъектісі ретіндегі оқытушы үшін типтік саналады, оған 
қоса  нақты  педагогикалық  болмыста  жеке  даралық-жеке  тұлғалық 
шығармашылықты шамалайды.
Кəсіби-педагогикалық 
мəдениеттің 
жеке 
тұлғалық-
шығармашылық 
компоненті. 
Педагогикалық 
мəдениеттің 
жеке  тұлғалық-шығармашылық  компоненті  педагогтың    жеке 
тұлғасының шығармашылық бастауларын көрсетеді. И.Ф.Исаевтың 
пайымдауынша: «педагогикалық  шығармашылық  педагогтың 
бастамашылық, жеке-даралық еркіндік, өзбеттілік пен жауапкершілік, 
қауіп-қатерлерге  даярлық,  пікір  айтудағы  тəуелсіздік  сияқты  жеке 
тұлғалық сапаларының болуын талап етеді»
1
.
Байқап  отырғанымыздай,  педагогикалық  мəдениет  жеке 
тұлғаның  шығармашылықтық  қосымшасы  жəне  педагогикалық 
қабілеттерінің  жүзеге  асырылу  аясы  болып  табылады.  Жеке  тұлға 
өзінің  педагогикалық  құндылықтарында  өзіне  тəн  күш-қуатын 
заттандырумен  қатар,  адамгершілік,  эстетикалық,  құқықтық  жəне 
тағы  да  басқа  қарым-қатынастарын,  яғни  өзгелерге  де,  өзіне  де 
1
Исаев  И.Ф.  Прфессионально-педагогическая  культура  преподпаваателя:Учеб.пособие 
для студ.высш.учеб.заведений. М.:Издательский центр «Академия»,2002.- С.21-22.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау