Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет96/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105

310
ықпал ету үдерісін жанамалап, іс-əрекетте өзін жүзеге асыра келе, 
өзіне тиесілі ісін анықтайды.
Шығармашылықты іс-əрекеттің аса маңызды алғышарты болып 
қоршаған  ортадан  кəсіби  Менді  дегенін  ажырата  алу,  ықпал  ету 
объектілеріне  субъект  ретінде  өзін  қарсы  қоя  алу  жəне  өзінің  іс-
əрекетін,  айтқан  сөздері  мен  ойларын  рефлексиялау  қабілеттері 
саналады.
Шығармашылық  жеке  тұлғадан  сырт  өмір  сүре  алмайды, 
жəне  жеке  тұлғалық  контексден  тыс  түсіндірілмейді.  Сондықтан, 
педагогикалық 
шығармашылық 
проблемасын 
қарастыруда 
педагогикалық  іс-əрекеттің,  ерекшелігін  педагогтың  жекедаралық-
шығармашылық сапаларының бірегейлігін есепке алуға тиіспіз.
Педагогикалық  шығармашылықтың  ерекшелігі,  сонымен  бірге, 
кəсіби  мектеп  педагогының  ерекшелігі  сонда,  кəсіби  іс-əрекеттің 
бір  мезеттегі  объектісі  де,  субъектісі  де  студенттің  немесе  білім 
алушы  болашақ  маманның  жеке  тұлғасы  бола  алатындығында. 
Шығармашылықты  іс-əрекеттердің  басқа  түрлерінің  барлығы  да 
педагогикалық  іс-əрекет  үдерісінде  маманның  жеке  тұлғасының 
«сомдалуына» 
жəне 
«жаратылуына» 
байланысты, 
өзінің 
күрделілігіне жəне жауапкершілігіне қарай ешқайсысы да тең келе 
алмайды.
Шығармашылық  педагогикалық  кəсіптің  айырықша  белгісі 
ретінде  саналады.  Осы  орайда  педагогикалық  шығармашылыққа 
ғана тəн белгілер анықталады:
 
– педагогикалық  шығармашылық  уақыт  жəне  кеңістік 
шеңберінде  жеткілікті  «реттелген».  Шығармашылық  үдерістің 
кезеңдері (педагогикалық түпкі ойдың, өңдемелердің, түпкі ой мен 
баға  берудің  жүзеге  асырылуы)  уақыт  аясында  қатаң  байланыста 
болуы жəне бірінен келесісіне қолма-қол, шапшаң түрде өтуі талап 
етіледі;
 
– педагогтың шығармашылық ізденістерінің нəтижесіне бірден 
баға беру мүмкін емес;
 
– педагогтың  кəсіби  іс-əрекеттерінің,  мақсаттарының  бірлігіне 
негізделген  білім  алушыларымен  (студенттермен),  оқытушы-
əріптестерімен педагогикалық үдерістегі ынтымақтастығы;
 
– педагогтың 
шығармашылықты 
педагогикалық 
əлеуеті 
оқу-тəрбие  үдерісінің  əдістемелік,  техникалық  жабдықталуына 
байланысты;
 
– педагог  өзінің  эмоционалдық  психологиялық  қалпын 


311
басқара  алуы  жəне  білім  алушыларды  да  соған  үйретуі  тиіс. 
Олардың  шығармашылық  үдеріс  ретіндегі  қарым-қатынастарын, 
бастамашылдығы  мен  талғап  алғандығына  басымдық  көрсетпей, 
өз-өздерін  көрсетуге  жəне  өз-өздерін  жүзеге  асыруларына  жағдай 
жасай отырып, ұйымдастыра білуі тиіс.
Педагогикалық 
шығармашылық 
кəсіби-педагогикалық 
мəдениеттің  компоненті  ретінде  өзінен-өзі  пайда  болмайды,  ол 
үшін  объективтік  жəне  субъективтік  шарттар  қажет.  Осындай 
педагогикалық  шығармашылықтың  дамуының  аса  маңызды 
объективті шарттарының бірі педагогтың өзі жасампаздақ танытатын 
əлеуметтік,  нақты  мəдени-тарихи  кезеңінің,  педагогикалық 
болмысының  ықпалы.  Бұдан  басқа,  ұжымдағы  жағымды 
эмоционалдық-психологиялық  ахуал  (климат),  психологиялық-
педагогикалық  жəне  əлеуметтік  орталардағы  ғылыми  білімдердің 
дамуының  қажетті  деңгейі;  оқыту  мен    тəрбиелеудің  барабар 
құралдарының  болуы;  əдістемелік  ұсыныстар  мен  тұрғылардың 
ғылыми  негізділігі;  педагогикалық  үдерістің  материалдық-
техникалық  жабдықталуы;  қоғамдық  қажетті  уақыт  мөлшерінің 
болуы сияқты объективті шарттар жатады.
Педагогикалық  шығармашылықтың  дамуының  субъективтік 
шарттарына тұтас оқу-тəрбие үдерісінің негізгі заңдылықтары мен 
принциптері жөніндегі білімдері; педагогтың жалпымəдени даярлық 
деңгейі; маман даярлаудың заманауи тұжырымдамаларын меңгеруі; 
шығармашылыққа  деген  талпынысы;  дамыған  педагогикалық 
ойлау мен рефлексиялау; педагогикалық тəжірибе жəне  интуиция, 
типтік  емес  жағдаяттарда  қолма-қол,  шапшаң  шешім  қабылдауы; 
педагогикалық  технологияны  проблема  тұрғысынан  көре  білуі, 
алдын-ала сезе білуі кіреді.
Педагогтың жеке тұлғалық ерекшеліктері жəне шығармашылығы 
оның  өзін-өзі  шығармашылықпен  жүзеге  асыруының  сан  алуан 
формалары мен амалдарында  көрініс береді. Өзін-өзі жүзеге асыру 
жеке тұлғаның жеке-дара-шығармашылық мүмкіндіктерінің аясында 
қолданыс табады.
Сонымен,  педагогикалық  шығармашылық – бұл  педагогтың 
жеке  тұлғасының  жеке-даралық,  психологиялық,  интеллектуалдық 
күш-қуаттары мен қабілеттері.
Кəсіби  мектептің  оқытушысы  өзінің  кəсіби  іс-əрекетінің 
ерекшеліктеріне 
қарай, 
ғылыми 
жəне 
педагогикалық 
шығармашылықты үйлестіреді.
Кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  қалыптасу  өлшемдері. 


312
Кəсіби-педагогикалық мəдениет туралы жүйелілікті біртұтастықтан 
қарастыру,  оның  функциялары,  өлшемдері  мен  деңгейлеріне 
негіздеме берудің теориялық алғышарты ретінде қызмет ете алады.
Өлшем – негізінде баға беру мен пікір айту жүргізілетіні белгі.
Кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  өлшемі  мəдениетті  жүйелік 
тұрғыдан  түсінуден,  оның  құрылымдық  жəне    функционалдық 
компоненттерін  ажыратудан,  педагогтың    жеке  тұлғасы,  кəсіби-
шығармашылықты  жүзеге  асыруда  мəдениетті  педагогикалық 
құндылықтарды, технологияларды  шығармашылықпен игеру жəне 
жасау үдерісі мен нəтижесі ретінде пайымдаудан туындай отырып, 
анықталады.
И.Ф.Исаев  кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  қалыптасуының 
адаптивті, репродуктивті, эвристикалық, креативті сияқты төрт түрін 
ажыратып көрсетеді
1
.
Адаптивті 
деңгейдегі 
кəсіби-педагогикалық 
мəдениет 
педагогтың 
педагогикалық 
болмысқа 
тұрақсыздығымен 
сипатталады. Педагогикалық іс-əрекеттің мақсаттары мен міндеттері 
жалпылама  анықталады.  Пихологиялық-педагогикалық  білімдерге 
педагог немқұрайдылықпен қарайды, білімдер жүйесі жоқ жəне олар 
нақты педагогикалық жағдаяттарда пайдалануға даяр емес. Кəсіби-
педагогикалық  іс-əрекет  шығармашылықсыз,  алдын-ала  жасалған 
таптауырынды  кестеге  құрылған.  Осы  деңгейдегі  оқытушылар, 
кəсіби-педагогикалық  өзін-өзі  жетілдіру  бағытында  белсенділік 
танытпайды,  біліктілік  жоғарылатуды  қажет  болған  жағдайда  ғана 
жүзеге асырады немесе тіптен теріс қарайды.
Репродуктивті  деңгей  педагогтың  педагогикалық  болмысқа 
тұрақты  құндылықты  қараудағы    икемділігін  шамалайды:  педагог 
пихологиялық-педагогикалық білімдердің рөлін жоғары бағалайды, 
педагогикалық  үдеріске  қатысушылардың  арасында  субъект-
субъектілік  қарым-қатынас  орнатуға  талпыныс  танытады,  оған 
педагогикалық іс-əрекетпен қанағаттанушылықтың өте -мөте жоғары 
индексі  тəн.  Кəсіби-педагогикалық  мəдениеттің  осы  деңгейіндегі 
педагогтар  мақсат  шамалауды  жəне  кəсіби  əрекетті  жоспарлауды 
шамалайтын  құрастырушылық-болжаушылық  міндеттердің  тиімді 
шешімін таба алады. 
Шығармашылық  туындатушы  белсенділіктері  іс-əрекетпен 
шектеледі, 
бірақ 
стандартты 
педагогикалық 
жағдаяттарда 
1
Исаев  И.Ф.  Прфессионально-педагогическая  культура  преподпаваателя:Учеб.пособие 
для студ.высш.учеб.заведений. М.:Издательский центр «Академия»,2002.- С.118-120.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау