305
пəнін, құралдарын, əдістерді, нəтижені қосып алғандағы, күрделі
құрылым. Маманның кəсіби мəдениетінің жоғары деңгейі ойлауы
мен санасының дамығандығымен, яғни кəсіби міндеттерді шешуге
қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Кəсіби-педагогикалық мəдениеттің мəні кəсіби-педагогикалық
мəдениеттің мазмұны мен жеке даралық-кəсіби сапалардың жəне
жетекші компоненттер мен функциялар жүйесі ретінде айқындалады.
Кəсіби-педагогикалық мəдениетті жеткізушілер педагогикалық
еңбекті атқаруға бейім адамдар.
Кəсіби-педагогикалық мəдениеттің мəнін пайымдау үшін жалпы
жəне кəсіби мəдениеттің байланысын, оның ерекшеліктерін ашып
көрсететін келесі əдіснамалық алғышарттарын есепке алу қажет
(И.Ф.Исаев):
- кəсіби-педагогикалық мəдениет – бұл педагогикалық
болмыстың əмбебап сипаттамасы;
-кəсіби-педагогикалық
мəдениет
жалпы
мəдениеттің
педагогикалық іс-əрекет аясында ерекше жобалануын көрсетеді;
- кəсіби-педагогикалық мəдениет – бұл құрылымдық-
функционалдық компоненттерін қосып алғандағы, қоршаған орта-
мен таңдамалы түрде өзара əрекеттесетін жүйелік құрылым.
- кəсіби-педагогикалық мəдениеті талдау бірлігі ретіндегі өз
табиғатына сəйкес шығармашылық іс-əрекет;
- педагогтың кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасуы
мен
жүзеге
асырылуы
жеке
даралық-шығармашылық,
психофизиологиялық жəне жас шамасы, жинақталған педагогикалық
тəжірибе сипаттамаларымен себептелінеді
1
.
Осы ұсынылған əдіснамалық негіздемелер аксиологиялық,
технологиялық жəне жеке тұлғалық-шығармашылық компоненттері
болып табылатын, құрастырушылық моделін негіздеуге мүмкіндік
береді.
Кəсіби-педагогикалық мəдениеттің аксиологиялық компоненті.
Философиялық тұрғыдан «аксиология» (грек тілініде axia-
құндылықтар,
loqos-ілім, сөз) термині құндылықтар, олардың
шығу тарихы жəне мəні туралы философиялық ілім
2
Кəсіби-
педагогикалық мəдениеттің аксиологиялық компоненті бүгінгі
білімнің даму кезеңінде өріс алған педагогикалық құндылықтардың
жиынтығын құрайды. Педагогикалық іс-əрекет үдерісінде идеялар,
1
Исаев И.Ф. Прфессионально- педагогическая культура преподавателя:Учеб.пособие для
студ.высш.учеб.заведений. М.:Издательский центр «Академия», 2002.-208 с. С.21-22.
2
Философ. словарь.-М.: Политиздат,1999.-С.12.