326
да кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) даярлығы жəне
олардың біліктілігін жетілдіру мəселелеріне аса мəн берілген
1
.
Атап айтқанда 2020 жылға дейін жыл сайын 73,3 мың
педагогикалық кадрларды ваучерлік-модульдік жүйе негізінді
біліктілікті арттырудан өткізу, біліктілікті арттыру жүйесінің
нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, материалдық-техникалық
базасын жəне бағдарламасын жаңарту, ұйымдастыру моделін ре-
формалау, ресурстық əлеуетті кадрлардың біліктілігін арттыру мен
қайта даярлауды іске асыратын субъектілер арасында конкурстық
негізде бөлу, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта
даярлау жүйесіне 2015 жылдарға қарай сынақ нəтижелері бойынша
ваучерлік тетікті енгізу, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруды
жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытумен
қамтамасыз ету мақсатында олар интерактивті жабдықтармен
жарақтандыру көзделуде. Сонымен қатар үдемелі индустриялық-
инновациялық дамудың басым бағыттары бойынша алдыңғы
қатарлы отандық жəне шетелдік өнеркəсіп кəсіпорындармен жоғары
оқу орындарын көпжақты біріктіру мақсатында жыл сайын шетелде
профессор-оқытушы құрамның (бұдан əрі – ПОҚ) біліктілігін арт-
тыру ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда 5В012000 – Кəсіптік оқыту мамандығы бойын-
ша ветеринария, су көлігі, темір жол көлігі, полиграфия, құқық
жəне құқыққорғау іс-əрекеті, талшық өндірісі, тоқыма жəне трико-
таж өндірісі, сервис, туризм сияқты əр түрлі салалық мамандықтар
тізімін кеңейту қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі күні бастауыш кəсіпке баулу педагогтарын даярлау
қолайсыз, шалғай жерлерде орналасқандықтан, кəсіптік білім
беру жүйесінің сұраныстарына орай,
жоғары оқу орындарын
оңтайластыру қажеттілігі туындап отыр. Болашақта, уақыт өте,
кəсіби-педагогикалық білім берудің оқу-əдістемелік орталықтары
рөлін атқаратын мамандандырылған ірі кəсіби-педагогикалық
жоғары оқу орындарын ашу қарастырылуы тиіс.
Кəсіби орта жəне кəсіби-педагогикалық колледждер мен лицей-
лер жүйесін сақтау жəне дамыту қажет.
Оқытушылар мен студенттердің (білім алушылардың)
ғылыми-
зерттеу жəне инновациялық іс-əрекеттеріне, сондай-ақ, қайсыбір
инновациялық шығармашылықты іс-əрекеттердің жандануына көп
көңіл бөлу қажет. Орта кəсіби-педагогикалық білім беру жүйесінің
1
Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2008]