322
мазмұны жəне ұйымдық негізін оқу орны жетекшісі, оның орын-
басары ғана емес, оқытушылар да, анық əрі нақты ұғына алғанда
барынша тиімді болады. Ал мектептегі əдістемелік жұмыстардың
жалпы міндеттерін былайша тұжырымдауға болады: мектептің
педұжымының педагогикалық тəжірибесін жүйелі түрде зерттеу,
жинақтау жəне тарату; педагогика ғылымының жетістіктерін жұмысқа
қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру;
еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің теориялық
(пəндік) жəне психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін
көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын, жоспарларын, мемлекеттік
білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен
тəрбиелеудің жаңа технологиясын, түрлері мен əдістерін байы-
ту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-əдістемелік материалдар-
мен танысуды ұйымдастыру; ғылыми-əдістемелік көмекті дербес
жəне жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру; жас мұғалімдерге,
пəн мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тəрбиешілерге,
педагогикалық жұмыста белгілі бір қиындыққа кезіккен
мұғалімдерге, педагогикалық білімі жоқ мұғалімдерге, еңбек тех-
нологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдеріне жəне т.б. өздігінен
педагогикалық білімін көтеруіне кеңес беру; жалпы кəсіптік-
педагогикалық мəдениет деңгейін көтеру.
Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
əдістемелік жұмыстарының мазмұнын кəсіптік-педагогикалық
мəдениетінің құрамды бөліктерін ескере отырып, айқындаған
дұрыс деп білеміз. Олар: еңбек технологиясы жəне кəсіпке ба-
улу мұғалімдерінің жалпы мəдени дайындығы; əдістемелік,
тəрбиешілік, зерттеушілік, кəсіптік-адамгершілік, басқара білу
мəдениеті. Əдістемелік жұмыстың мазмұны кəсіптік-педагогикалық
мəдениеттің əрбір бағыты бойынша нақтыланып, бірнеше ұзақ
мерзімдік зерттеудің нысанына айналуы мүмкін.
Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
əдістемелік, инновациялық жұмысқа қатысуының соңы, нəтижесінде,
оның жеке педагогикалық жүйесінің, дербес педагогикалық жұмыс
стилінің қалыптасуына ұласады.
Ғылыми-əдістемелік тақырыппен жұмыс істеу тиімділігінің
төмен болуының бір себебі - педұжымның өз мектебіндегі мəселелерді
айқындап, мақсатын белгілей алмауы, бірлесе жұмыс істеуді жолға
қоя алмауы. Келесі бір себеп, педагогтың зерттеу тақырыбы бойын-
323
ша озат тəжірибе мен теориялық негіздерді үйренуге деген ынтасы-
ның болмауы немесе төмендігі. Осыдан келіп, жұмысқа деген ынта
жойылады, уақыт, күш босқа жұмсалады.
Ұжымдық зерттеу тақырыбы бес жылға жоспарлануы мүмкін.
Мұндай жағдайда əр жылдың мақсаты, міндеті айқындалып, əр
əдістемелік буынның (пəндік-əдістемелік бірлестік, пəндік комис-
сия, проблемалық топ) жұмыс көлемімен мазмұны белгіленеді, оны
іске асырудың, есеп берудің мерзімдері жоспарланады, əрбір аралық
кезең ғылыми практикалық конференция, педагогикалық оқу, жалпы
мектептік семинар, педагогикалық немесе əдістемелік кеңес түрінде,
жалпы мектептік есеппен қорытындыланады.
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар,
шығармашылық есептер жекелеген еңбек технологиясы жəне кəсіпке
баулу мұғалімдерінің, əдістемелік бірлестіктердің əдістемелік
жұмыстарының қорытынды түрі болып табылады. Авторлар ха-
барлама, баяндамаларында əріптестерін зерттеу жұмыстарының
нəтижесімен таныстырады. Ал қатысушы оқытушылар, оны өз
жұмыстарының нəтижелерімен салыстырып, ұсынылатын əдіс-
тəсілдердің тиімділігіне көз жеткізе алады. Мектеп жетекшісінің
ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметі енгізілген мектептерде
бұл жұмыс барынша қомақты, нəтижелі болып жүргізіледі. Ғылыми-
практикалық конференциялар, педоқулардың қорытындысы сал-
танатты сипат алып, өзге ұжымдардан шақырылып, оқытушылар
зерттеу жəне əдістемелік жұмыстарының нəтижелері бойынша ма-
рапатталады.
Əдістемелік жұмыстардың түрлерін ұйымдастырудың негізгі
сипатына тоқтала отырып, əдістемелік жұмысты ұйымдастырудың
түрлерін ескі не жаңа, күні өткен не қазіргі заманғы деп бөлуге бол-
майтынын атап айтуға тура келеді. Өйкені, оның тиімділігі дербес,
топтық жəне ұйымдық қажеттіліктер мен олардың мүмкіндіктеріне
тікелей байланысты.
Оқытушының өзінің педагогикалық білімін жоғарылатуы.
Оқытушы əдістемелік жұмыстың қандай түрін таңдаса да соңғы
нəтижеде, оның тиімділігі еңбек технологиясы жəне кəсіпке ба-
улу мұғалімдерінің өз білімін өз бетінше көтеруіне байланысты
болмақ. Сондықтан да, үздіксіз білім беру үдерісін жоғары оқу
орны, оқытушылар білімін жетілдіру институты, семинар, курс,
практикум жəне т.б. оқу түрлерімен шектеуге болмайды, оған осы
оқу түрлерінің арасындағы тынымсыз ой еңбегін де жатқызу керек.
324
Ересек адамның өздігінен білімін көтеруі барынша даралығымен
ерекшеленеді, содан да еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу
мұғалімдерінің өз білімін көтеру жұмысына тəжірибелі əріптесі,
беделді мектеп басшысы тарапынан тиянақты көмек қажет.
Еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
өзінің педагогикалық білімін көтеруінде, оның педагогикалық
құндылықтар, технология, шығармашылық тəжірибелерді өз
бетінше игеруі қарастырылады. Оның мазмұны психологиялық-
педагогикалық жəне арнайы білімдерді, педагогикалық жұмысты
ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық
мəдениетті қамтиды.
Оқытушыға өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға
көмек көрсетілгенде, оның кəсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке
қызығушылығы ескерілуі тиіс. Мектепте арнайы ұйымдастырылған
əдістемелік жұмыс еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу
мұғалімдерінің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда ғана
оқытушы ұжымдық оқу түріне тартыла отырып, өзін қызықтырған
сұрақтарға жауап таба алады.
Мектеп оқу орны жетекшісі жəне оқу ісінің меңгерушісі
əдістемелік жұмысты ұйымдастырғанда, өз мектебі педагогтарының
алдындағы қиындықтарға баса көңіл бөледі. Əркімге қатысты
мəселелерді бірлесе талқылау еңбек технологиясы жəне кəсіпке
баулу мұғалімдерінің өз білімін көтеру əрекетіне ықпал жасайды.
Сондықтан да, жетекшінің, оқу ісінің меңгерушісінің өз білімін
көтеруді ынталандыруы жəне оған басшылық жасауы негізінен жа-
нама сипат алады.
Еңбекке жəне кəсіпке баулу бойынша өздігінен білім көтеру
ауқымды мəселелерді қамтиды. Əйтсе де, педагогикалық оқу орнын-
да оқымаған еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің,
педагогикалық өз білімін көтеруі қазіргі уақытта мектеп үшін өзекті
мəселелерге бағытталуы тиіс. Осындай мəселелердің қатарында
педагогикалық қатынас, оқуды дербестендіру жəне жіктеу, да-
мыта оқыту, лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті оқу
орындарындағы оқыту ерекшеліктерін атауға болады. Мəселелер
топтамасының арасында білім алушылардың ғылыми көзқарасын,
оның рухани мəдениетін, азаматтық тəрбиесін қалыптастыруды
атауға болады.
Əрбір еңбек технологиясы жəне кəсіпке баулу мұғалімдерінің
өздігінен білімін көтеруі ой еңбегінің техникасын білу, ақыл-ой
Достарыңызбен бөлісу: |