73
пасын арттыру, кəсіптік білім беру оқу орындары мен жалпы білім
беретін мектептерде кəсіби оқыту мен орта жалпы білім берудің
бірыңғай оқыту бағдарламаларын енгізу, білім беру үрдісінде
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану, кəсіптік
орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларының үйлесімдігін қамтамасыз ету сияқты шаралар
өзінің лайықты шешімін табуда.
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің базалық деңгейі
– техникалық жəне қызмет көрсету саласы бойынша білікті
жұмысшылар мен мамандар əзірлеуге бағыт алуы тиіс. Орта кəсіптік
білім берудің кейбір жекелеген бағдарламалары бойынша орта
кəсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді. Бұл сатыдағы жал-
пы білім беретін бағдарламалар мазмұны кəсіптік біліммен қатар,
жоғарғы оқу орнының 1-2 курстағы бакалавр деңгейін қамти алады.
Жоғары кəсіптік білім беруші 5В012000 «Кəсіптік білім»
жалпыға міндетті білім стандарты жоғары білім саласындағы
халықаралық құжаттармен, «ECTS пайдаланушыларға жетекшілік»
(«ECTS Users’ Guide»), «Еуропалық жоғары оқу орындарындағы
білімдік құрылымдарды икемге келтіру» («Tuning
Educational
Structures in Europe» бағдарламаларының ұсыныстарымен
үйлестірілген бірыңғай деңгейін қалыптастыру жəне əлемдік білім
кеңістігіне ену мақсатына байланысты қолға алынған.
Стандарттың
қағидалары меншік түріне, ведомствалық бағыныштылығы жəне
ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына қарамастан бака-
лаврларды жəне жоғары арнайы білімді мамандарды даярлауды
жүзеге асырушы жоғары оқу орындарында қолдану міндетті сана-
лады. Бұл құжатты сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары,
аккредитациялық органдар, жоғары оқу орындарын лицензиялау
жəне аттестаттау комиссиялары, жұмыс берушілер пайдалана алады
жəне бакалаврлар мен жоғары арнайы білімді мамандарды даярлау
сапасына баға беру үшін негіз бола алады.
«Кəсіптік білім» жалпыға міндетті білім стандартын мейлінше
кеңінен ашып көрсету үшін оның ішкі жəне сыртқы байланыстарын
қарастыруымыз қажет. Стандарттың ішкі байланыстарын, ең алдымен
оның заманауи қазақстандық қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық
қарым-қатынастар жүйесіндегі орнын салмақтау арқылы пайым-
даймыз. Кəсіптік білім стандартының сыртқы байланыстары оның
өзіне тиесілі элементтік құрылымы жəне элементаралық өзара
əрекеттестігі бар дербес қосымша жүйе ретінде қарастыруда көрініс