Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігі



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет286/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   325
dogalov-makroekonomika

Сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдігі
(паритеті) 
тео риясы
Сатып алу қабілеттілігінің паритеті теориясын қарастырмас 
бұрын, ең алдымен, экономикалық теориядан белгілі 
ортақ баға 
заңын
еске түсіру қажет, яғни оның мəні мынада: қандай да бір 
тауар жетілген бəсеке жағдайында əртүрлі аймақта бір уақытта 
əртүрлі бағамен сатыла алмайды. Егер бидайдың 1 тоннасы 
Ақмола облысында Қостанай облысына қарағанда қымбат бол-
са, онда алыпсатарлар бидайды Қостанай аймағынан сатып ала 


379
отырып, оны Ақмола облысында сату арқылы қосымша пайда 
табуы мүмкін. Алыпсатарлардың осындай əрекеттері бидайдың 
бағасын теңестіруге алып келеді: олар Қостанай аймағында 
бидайға сұранысты арттырады жəне оны Ақмола облысында 
төмендетуге алып келеді. Олай болса, əртүрлі тең жағдайларда, 
бидайдың бағасы тепе-теңдік қалпына келеді.
Ортақ баға заңы халықаралық нарықтарда қолданыс тауып 
са-
тып алу қабілеттілігінің паритеті теориясы
(СҚП) деген атқа 
ие болды. Кезінде СҚП идеясын бірінші болып Д. Рикардо алға 
тартқан, бірақ ол теория ХХ ғасырдың басында швед экономисі 
Г. Кассельдің еңбектерінен кейін ғана белгілі бола бастады. 
Бұл теорияны былай тұжырымдауға болады: 
егер халықаралық 
нарықтарда алыпсатарлардың əрекеттері жүзеге асырыла ала-
тын болса, онда қандай да бір ақша бірлігі (доллар, еуро жəне 
т.б.) барлық елдерде бірдей сатып алушылық қабілеттілікке ие 
болуы тиіс.
СҚП теориясының екі нұсқасы бар: абсолюттік СҚП жəне са-
лыстырмалы СҚП.
Валюталардың абсолюттік СҚП-і
атаулы айырбас бағамы 
екі елдегі бағалар деңгейінің арақатынасына тең болады дегенді 
білдіреді. Егер Қазақстанда стандартты тұтыну кəрзеңкесі бір 
айға есептегенде 15 000 теңгені жəне АҚШ-та 100 долларды 
құраса, онда атаулы айырбас бағамы 15 000 тг./100 долл. немесе 
150 тг./1 долл. қатынасына тең болады.
СҚП теориясы абсолюттік нұсқасында нақты айырбас 
бағамы өзгеріссіз қалуы үшін, атаулы айырбас бағамының қалай 
өзгеретіндігін білдіреді жəне ол 1-ге тең болуы тиіс, оны төмен-
дегі формуладан көруге болады:
ε = Р/еР* = 1.
Егер қазақстандық өнімнің бағасы 90 000 теңгені, ал дəл сон-
дай американдық өнімнің бағасы 6 000 долларға тең болса, онда 
атаулы айырбас бағамы 15 тг./1 долл. қатынасын құрайтын бола-
ды. Олай болса, бұл жерде нақты айырбас бағамы мынаған тең 
болады: 
90 000 теңге: (15 тг./1 долл.)×6 000 долл. = 90 000 : 90 000 = 1. 


380
Егерде, біздің елімізде қазақстандық өнімнің бағасы инфля-
цияның салдарынан екі есе өссе жəне ол 180 000 теңгені құраса, 
онда теңгенің атаулы айырбас бағамы бағалардың арақатынасы 
бұрынғысынша 1-ге тең қалпында қала алатындай болып тө-
мендеуі тиіс (сəйкесінше, доллардың бағамы өсуі тиіс). Бірақ 
бұл арақатынас айырбастың қандай жаңа атаулы бағамы кезінде 
орындалады? Қазақстандағы инфляциялық үдерістер теңгеге 
сұранысты қысқартып, долларларға сұранысты арттыра бастай-
ды. Егер енді валюта нарығында 1 долларға 30 теңге қажет бол-
са, онда жоғарыдағы формуланы қолдана отырып, бағалардың 
арақатынасын былайша есептеуге болады:
180 000 теңге: (30 тг./1 долл.)×6 000 долл. =180 000 : 180 000 = 1.
СҚП теориясы салыстырмалы нұсқасында
былай сипаттала-
ды, яғни валюталардың атаулы айырбас бағамдарының өзгерісі 
осы елдердегі бағалар деңгейінің өзгерісіне сəйкес келеді. Атау-
лы айырбас бағамының қарқынын анықтау үшін мына формула 
қолданылады:

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау