Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет2/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
dogalov-makroekonomika

7
1-тақырып
МАКРОЭКОНОМИКАҒА КІРІСПЕ. 
МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ ПƏНІ ЖƏНЕ ƏДІСІ
Мақсаты:
макроэкономика курсының кіріспе бөлімімен та-
ныса отырып, бұл пəннің зерттеу пəніне, объектісіне шолу жасау, 
талдау ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, сонымен қатар, пəннің 
негізгі зерттеу мəселелері туралы жалпы түсінік алу жəне осы 
пəнді не үшін оқу керектігін түсіну. Осы мақсатқа жету үшін мы-
надай талдау сұрақтары қарастырылады.
Дəріс жоспары:
1. Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен да-
муы.
2. Макроэкономиканың зерттеу пəні жəне негізгі макроэ ко-
номикалық мəселелер.
3. Макроэкономиканың зерттеу əдістері, мақсаттары жəне құ-
рал дары.
Негізгі түсініктер: 
микроэкономика; макроэкономика; агре-
гаттау; макроэкономикалық үлгілеу; макроэкономикалық мақ-
саттар; макроэкономикалық құралдар; макроэкономикалық 
са я сат; экзогенді айнымалылар; эндогенді айнымалылар; пози- 
тивті талдау; нормативті талдау; Кейнстік экономикалық бағыт 
жəне т.б.
Тақырыптың мазмұны. 
Экономикалық теория ғылымының бастапқыда бір ғана 
құ рамдас бөлігі болған – ол микроэкономика. ХХ ғасырдың 
30-жыл дарынан бастап, кейнстік теорияның өмірге келуімен бай-
ланысты, оның екінші құрамдас бөлігі пайда болды – ол макроэ-
кономика. Яғни, бүгінде экономикалық теория микроэкономика 
жəне макроэкономика болып екіге бөлінеді.
Экономикалық теория – күрделі қоғамдық жəне əлеуметтік əрі 
гуманитарлық ғылым. Оның зерттеу аясында, біз білетініміздей, 


8
қоғамның шектеулі мүмкіндіктері жағдайында шексіз қажет 
ті-
ліктерін қанағаттандырудағы қабылдайтын шешімдері сияқты 
мəселелер қаралады. Сондықтан біз экономикалық теориядағы 
микроэкономика курсын зерттеумен ғана шектеліп қоймаймыз. 
Макроэкономика курсы арқылы біз экономикалық теория деген 
адамзатқа қажетті үлкен ғылымды игеруді толық меңгере аламыз. 
Бірақ, макроэкономика ғылымын оқуды бастамас бұрын, оның 
зерттелуінің негізі болып табылатын микроэкономика курсы-
на қысқаша тоқталып өтуіміз керек. Микроэкономика ғылымын 
жəне оның қалай оқытылғаны жөніндегі мəселелерді еске түсіре 
отырып, оған мынадай анықтама береміз.
Микроэкономика
– жекелеген экономикалық агенттердің 
мінез-құлықтары мен тəртіптерін зерттейтін ұтымды субъек-
тілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономи-
калық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі 
бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекеле-
ген фирмалардың, үй шаруашылықтарының жəне салалардың 
өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін 
зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану жəне 
оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу 
сияқты сұрақтарды да қарастырады.
Макроэкономика
– ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, 
жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мəселелерді зерт-
тейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде 
қа растыратын, əрі ел экономикасының даму факторлары мен 
нəтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық тео-
рияның маңызды бір саласы. 
Алғашқы макроэкономикалық зерттеулер меркантилизм жəне 
физиократтар мектептерінен басталды. Ал қазіргі макроэкономи-
ка ғылымының негізін салушы ретінде атақты ағылшын экономисі 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау