Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет287/325
Дата29.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#39897
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   325
dogalov-makroekonomika

е
t+1
 – e
t
 / e
t
 = π – π*,
мұнда, е – t жəне t+1 кезеңдерінде шетел валютасының тікелей 
белгіленіміндегі атаулы айырбас бағамы; π – елдегі инфляцияның 
жылдық қарқыны; π*
 - 
шетелдегі инфляцияның жылдық қарқыны.
СҚП-ң салыстырмалы нұсқасы екі елдегі бағалардың тек 
салыстырмалы деңгейі өзгеріссіз қалуы үшін атаулы айырбас 
бағамының қалай өзгеретіндігін көрсететін болжамға негізделеді. 
Мысалы, айталық, базистік t жылында атаулы айырбас бағамы 
30 тг./1 долл. қатынасын құрайды. Ал Қазақстанда инфляция 
қарқыны келесі t+1 жылы 13%-ды, ал АҚШ-та 2%-ды құрайды. 
Осыған қарап екі елдегі инфляция қарқындарының айырма-
сын есептейміз: 13 – 2 = 11%. Бұл атаулы айырбас бағамы осы 
уақыт аралығында 11%-ға төмендеуі тиіс жəне ол 33,3 тг./1 долл. 
қатынасын құрауы тиіс дегенді білдіреді.
Валютаның айырбас бағамының жүйелері
Тіркелген айырбас бағамы
– бұл Орталық банктің елдер 
арасындағы валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 
150 тг./USD) жəне оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы 


381
тіркелген ресми бағам бойынша елдің Орталық банкінен шетел 
валютасын сатып ала алады жəне оны осы бағам бойынша сата 
да алады деген болжамды білдіреді. 
Бірақ, Орталық банк пен үкімет айырбастың тіркелген ба-
ғамын бекітке алғанымен, шетел валютасына деген сұраныс пен 
ұсыныстың тұрақтылығын сақтап тұра алмайды. Өйкені шетел 
валютасының сұранысы мен ұсынысына əсер ететін көптеген 
бар. Олардың бірқатарына тоқталып өтуге болады:
− 
экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері. Егер-
де, Қазақстанда инфляция қарқыны АҚШ-қа қарағанда жоғары 
болса, онда долларларға сұраныс өседі жəне теңгеге сұраныс 
төмендейді;
− 
салыстырмалы нақты пайыздық қойылымдар. Əртүрлі тең 
жағдайларда, егер шетелде отандық экономикаға қарағанда па-
йыздар жоғары болатын болса, онда экономикалық субъектілер 
пайыз түрінде көбірек пайда табу мақсатында өз депозиттері бо-
йынша активтерін шетелдік валютада орналастыратын болады;
− 
экспорт пен импорттағы өзгерістер. Мəселен, АҚШ-тан 
Қазақстанға жөнелтілетін импорттық өнімдер долларға сұра-
нысты туындатады, олай болса, қазақстандық импортерлерге 
американдық жеткізушілермен есеп айырысу үшін долларлық ва-
люта қажет деген сөз. Ал Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын 
тауарлар доллар ұсынысын туындатады, демек, қазақстандық 
экспортерлер отандық өнімдерді сыртқа шығара отырып шетел 
валютасын алады.
Сəйкесінше, осы факторларды есепке ала отырып, тіркелген 
айырбас бағамы тек 

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   325




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау