Негізгі түсініктер:
төлем балансы; сауда балансы; төлем
балансының тапшылығы; «Джей-қисық» сызығы; валюта; валю-
таның түрлері; валютаның айырбасталымы; валюталық нарық;
валюта бағамы; валюталық келісімдер; қалқымалы валюта ба-
ғамы; тіркелген валюта бағамы; сатып алушылық қабілетінің
паритеті жəне т.б.
Тақырыптың мазмұны.
«Төлем балансы» ұғымын макроэкономикалық ғылымға
ХVІІІ ғасырда меркантилизмнің соңғы өкілі, шотланд экономисі
Джеймс Стюарт (1712-1780) енгізген. Ал төлем балансын құ-
рудың əдістері жүйелі түрде Англия мен АҚШ-та алғаш рет
қалыптасты. Ал қазіргі уақытта, төлем балансын құрудың толық
сызбасы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) ұсынысымен
жасалады.
Төлем балансы
– əдетте, бір жыл уақыт аралығында резидент-
тер мен резидент еместердің арасындағы жасалған сауда-саттық
жəне қаржылық келімдер туралы статистикалық есеп-қисап.
Төлем балансын талдау негізінде қандай да бір елдің сыртқы
367
экономикалық тепе-теңдікке жете алу мүмкіндігін түсіндіруге
болады.
Төлем балансы бухгалтерлік есеп нысанында жүргізіледі
жəне қосарлы шот принципіне негізделеді, яғни барлық эко но-
микалық келісімдердің екіжақты жазбасы болады. Бұл отандық
экономика субъектілері мен сыртқы орта арасындағы кез келген
экономикалық келісім осы баланста екі жақты сипатқа ие болады
деумен түсіндіріледі. Төлем балансы бабының кредиті бойынша
жазу екінші бір баптың дебеті бойынша жазумен теңестіріліп
отырады.
Кредит
– нəтижесінде елден құндылықтар кететін жəне со-
лар үшін елге шетел валютасындағы ақшалай ағындар келетін
келісімдер жиынтығы жəне бұлар «плюс» белгісімен жазыла-
ды. Мəселен, шетелге ұшақ сату, шетел туристеріне қызмет көр-
сету, шетелден зейнетақы алу, шетелдіктердің отандық ком
па-
ниялардың акцияларын сатып алу кредитке жазылады, өйткені
аталған мəмілелер шетел валютасының түсімін көрсетеді.
Дебет
– нəтижесінде ел сатып алатын құндылықтарға айыр-
бас ретінде валютасы сыртқа кететін келісімдер жəне бұлар
«минус» белгісімен жазылады. Мəселен, төлем баланысының
дебет шотында, автокөлік импорты, лицензия сатып алу, ше-
тел компанияларының кірісін осы елден аудару, ұзақ мерзімді
қарыз беру сияқты мəмілелер көрсетіледі. Осындай мəмілелер
резиденттің шотындағы шетел валютасы қорын азайтады.
Кредит пен дебет арасындағы айырмашылық
шот сальдосы
деп аталады.
Төлем балансының осындай бухгалтерлік операциялары-
ның экономикалық мəні бар: көптеген экономикалық операция-
лар құндылықтармен айырбас жүргізуді сипаттайды. Тəжірибе
жү зінде кредит сомалары мен дебет сомалары бір-біріне сəйкес
келмеуі мүмкін жəне бұлардан басқа кейбір экономикалық опера-
циялар есепке алынбай қалуы да мүмкін.
ХВҚ-ның талдамасы бойынша төлем балансының құры-
лымы мынадай негізгі үш шоттан құралады жəне оны төмендегі
кестеден көруге болады.
|